Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жалғыздық туралы мақал-мәтелдер

«Жалғыздық» тақырыбындағы 32 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Аңқау аңдамайды, Әңгі таңдамайды.
  2. Бедері кеткен торқадан, Бек тоқыған бөз артық.
  3. Бөлінген бүлінеді.
  4. Бір де болса – бірегей Сүт бетінде кілегей.
  5. Біреу бейнетін көреді, Біреу зейнетін көреді.
  6. Жалғыз ағаш Орман болмас, Жалғыз кірпіш Қорған болмас.
  7. Жалғыз ағаш пана болмас, Жалғыз биеден саба болмас.
  8. Жалғыз жігіт басына іс түссе, Ақылынан адасады, Сасқанынан қырық құмалақ алып, Бал ашады.
  9. Жалғыз жігіттің басына іс түссе, Ақылынан адасады.
  10. Жалғыз иттің Үргені білінбейді, Жалғыз жолаушының Жүргені білінбейді.
  11. Жалғыз кісі емес, Жапалақ құс емес.
  12. Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, Табағы жетпейді.
  13. Жалғызға ұжмақ та жараспайды.
  14. Жалғыздың жолы тар, Жалшының қолы тар.
  15. Жалғыздың қалі – мүшкіл, Дәмі – қышқыл.
  16. Жалғыздың таңы атпас, Жалғызға үйдің иті жатпас.
  17. Жалғыздың ісі бітпес, Созса қолы жетпес.
  18. Жарлының жайын Жарлы біледі, Жарлы білмесе, Сорлы біледі.
  19. Жатқа жалшы жүргізген Жарлылықтың салдары. Жабағы-тай мінгізген Жаяулықтың салдары.
  20. Жаяудың жүрісі өнбейді, Жалғыздың бір ісі өнбейді.
  21. Жаяулық та мәңгі емес, Жарлылық та мәңгі емес, Жалғыздық та мәңгі емес.
  22. Жұлдыз тумай ай болмас, Жұрынды болмай бай болмас.
  23. Жүдеу көңіл жұбаныш іздейді.
  24. «Кедеймін» десең, көшіп көр, «Теңдеріңді» шешіп көр.
  25. Қағынған қарғыс алар, Қарасқан алғыс алар.
  26. Қарыз қайтарумен ғанибет.
  27. От көрмеген от көрсе, Күндіз шырақ жандырар. Оқ көрмеген оқ көрсе, Далаға атып даң қылар.
  28. Сағыныш – сары ауру, Үміт – талшық.
  29. Сығырдың ақысын сараң жейді, Сараң болмаса, арам жейді.
  30. Сіз тұрыпсыз тікейіп, Біз тұрыппыз тікейіп. Жерге түскен қамшыны Кім алады еңкейіп.
  31. Тамшы ақса, – қосың жаман, Ақсақ болса, – мосың жаман.
  32. Шықпа, жаным, шықпа.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ