Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Металл туралы мақал-мәтелдер

«Металл» тақырыбындағы 211 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (1-бет, барлығы 3 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ағайынның алтын сарайынан, ананың жыртық лашығы артық.
  2. Ағаш кессең, ұзын кес – Қысқартуың оңай. Темір кессең, қысқа кес – Ұзартуың оңай.
  3. Ағаш кессең, ұзын кес – Шаба келе қысқарар. Темір кессең, қысқа кес – Соға келе ұзарар.
  4. Адал дос алтыннан қымбат.
  5. Адам – гауһар, қолы – гүл.
  6. Адам зейіні алмастан өткір.
  7. Адам іші алтын, Сырты мыс.
  8. Адамның ақылы – алмас.
  9. Адамның іші алтын.
  10. Аз сөз – алтын, Көп сөз – көбік.
  11. Аз сөз – алтын, Көп сөз – көмір.
  12. Аз сөз – алтын, Көп сөз – күміс.
  13. Азаматтың сөзі – болаттың өзі.
  14. Аздың алтыны болғанша, Көптің көмірі бол.
  15. Айта-айта алтынды, Әнші апай да қартайды.
  16. Айтылған сөз – алтын.
  17. Айтылмаған сөздерің саф алтындай, Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.
  18. Ақсақ ат алтынмен тағаласаң да ақсайды.
  19. Ақсақ атқа – алтын таға.
  20. Ақыл – алтын сандық, Адамына қарай ашылар.
  21. Ақыл – бастан, Асыл – тастан.
  22. Ақыл – гауһар бағасыз, Ақымақ – ауру дауасыз.
  23. Ақыл – жастан, Асыл – тастан.
  24. Ақыл – тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.
  25. Ақыл айнымас, алтын шірімес.
  26. Ақыл арымас, алтын шірімес.
  27. Ақыл аста, қайрат жаста, асыл таста.
  28. Ақыл байлық – азбас байлық, Темір байлық – тозбас байлық, Кен байлық – кең байлық.
  29. Ақыл бастан шығады, асыл тастан шығады.
  30. Ақыл жаста, Асыл таста.
  31. Ақыл жастан шығар, Асыл тастан шығар.
  32. Ақыл жастан шығар, Жүйрік аттан шығар. Ақыл қарттан шығар, Асыл тастан шығар.
  33. Ақыл қарттан шығар, Асыл тастан шығар.
  34. Ақыл надан басқа кірмейді, Темір шеге тасқа кірмейді.
  35. Ақыл тозбайды, Алтын шірімейді.
  36. Ақылды ердің ішінде Алтын ерлі ат жатар. Ақылды әйел ішінде Алтын бесікті ұл жатар.
  37. Ақылды ердің ішінде Алтын ерлі ат жатар. Ақылды жардың ішінде Алтын айдар ұл жатар.
  38. Ақылды кісі – азбайды, Асыл бұйым тозбайды.
  39. Ақылдының белгісі – Алтыннан келер сөздері. Ақылсыздың белгісі – Айтып тұрар көздері.
  40. Ақымаққа жылтырағанның бәрі алтын көрінеді.
  41. Алған жерді жамандап, Артықты қайдан табарсың. Ақ тоныңды жамандап, Асылды қайдан табарсың.
  42. Алмасты алмас кеседі.
  43. Алмастың жауы – қорғасын.
  44. Алмастың жауы – құр тас.
  45. Алмасың болса – мойным бар, Асылың болса – қойным бар.
  46. Алпысқа келгенде арпаның кебегі алтын көрінеді.
  47. Алтын – жай тас, босқа жатқан жердегі, Қазып алса – бек тәжінің өрнегі.
  48. Алтын – тас, Дақыл ас.
  49. Алтын – шөлде.
  50. Алтын азбас, Асыл тозбас.
  51. Алтын ақпайды, Дау шірімейді.
  52. Алтын алма, ақыл ал, Алтын ақыл таппайды, Ақыл алтын табады.
  53. Алтын алма, ақыл ал.
  54. Алтын алма, алғыс ал, Алғыс алтын емес пе!
  55. Алтын алма, алғыс ал, Алтын деген – жер сыйы, Алғыс деген – ел сыйы.
  56. Алтын алма, бата ал, Бата алтын емес пе!
  57. Алтын алма, білім ал. Алтын артқан атанның да Алдында есек, артында ит жүреді.
  58. Алтын әзәзіл – аздырар, Адал еңбек – бойыңды жаздырар.
  59. Алтын базарында бағалы.
  60. Алтын балдақ – Қол сәні, Әшекей, кесте – Тон сәні.
  61. Алтын балтаның да сабы ағаш.
  62. Алтын басты әйелден Бақыр басты еркек артық.
  63. Алтын басты қатыннан Бақыр басты ер артық.
  64. Алтын басы еңкейсе, Боқты көті теңкейеді.
  65. Алтын басың аман болса, Алтын табақтан су ішерсің.
  66. Алтын белдік – бел сәні, Алтын жиһаз – ел сәні.
  67. Алтын белдік – бел сәні, Асыл жігіт – ел сәні.
  68. Алтын бесікке ашқан есік – Елдің ері емес пе.
  69. Алтын болмаса, зергер қор болар, Жер болмаса, диқан қор болар.
  70. Алтын да зордікі, Қатын да зордікі.
  71. Алтын да тас, тас та тас, Алтындай болмас басқа тас.
  72. Алтын ерің атқа тисе, Алтынын ал да отқа сал.
  73. Алтын ерің атқа тисе, Алтынын ал да, отқа жақ.
  74. Алтын жер астында емес, тер астында.
  75. Алтын жерде жатпайды, жаман ұста суын таппайды.
  76. Алтын жүзікке – жақұт көз.
  77. Алтын жығаң болса да, Жаға менен жең керек.
  78. Алтын көрсе, періште жолдан таяды.
  79. Алтын көрсе, періште жолдан таяр.
  80. Алтын көріп азба, Күміс көріп қозба.
  81. Алтын көріп періште жолдан шығыпты.
  82. Алтын күркелі күйеу, Шөп күркелі қайыннан дәметеді.
  83. Алтын қайшы пішкенге жақсы, Алтын қасық ішкенге жақсы.
  84. Алтын қолда барда қадірі жоқ.
  85. Алтын отта сыналар, Адам жоқта сыналар.
  86. Алтын пышақ өтпесе, Алтынын ал да отқа жақ.
  87. Алтын сырға құлақты ауыртады, Алтындаған етік аяқты ауыртады.
  88. Алтын тапқан әйелді «Ханым» демей не дейміз. Өзі болған жігітті «Жаным» демей не дейміз.
  89. Алтын тапқан періште жолдан тайған.
  90. Алтын тапсаң, санап ал.
  91. Алтын тастан шығады, Ақыл жастан шығады.
  92. Алтын тозбайды, Адал жар азбайды.
  93. Алтын тонды шенің болғанша, Алақандай жерің болсын.
  94. Алтын тыққан адам арықтап өлер.
  95. Алтын тыққан жерді белден қаз.
  96. Алтын шыққан жерді белден қаз.
  97. Алтын шыққан жерді терең қаз.
  98. Алтын шірімес, дау арымас.
  99. Алтын шірімес, дау қалмас, жан сасымас.
  100. Алтын шірімес, дау қартаймас.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ