Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ауыл-қоныс туралы мақал-мәтелдер

«Ауыл-қоныс» тақырыбындағы 45 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген. Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Адам жайын ауылдас білмейді, істес біледі.
  2. Аз ешкінің көсемі көп, Аз ауылдың шешені көп.
  3. Алаштың аты озғанша, Ауылдастың тайы озсын.
  4. Алыс болса ауылың, бармайсың ба?
  5. Алыс деп ауылыңа бармаймысың.
  6. Алыстағы ағайынның аты озғанша, Ауылдастың тайы озсын.
  7. Арғымақтығыңды білгің келсе, Ат баптаған ауылға бар. «Құлыныңды көрмедік» деп, Сипамай қоймас жалыңды. Ақылдылығыңды білгің келсе, Азамат өсірген ауылға бар, «Атаңмен астас болмадық» деп, Сындыра қоймас сағыңды.
  8. Ас берсең, ауылы алысқа бер, айта кетер.
  9. Ауыл – аймағыңмен, бота – тайлағыңмен.
  10. Ауыл аймағымен, бота тайлағымен.
  11. Ауыл бүлінсе, аулақ жүр.
  12. Ауыл иті ала болса да бөрі келгенде бірігеді.
  13. Ауыл көркі – тал, Дала көркі – мал.
  14. Ауыл қарайлас, шаруа орайлас.
  15. Ауыл малы бұралқы ақылы жоқ жаманға. — Шортанбай
  16. Ауыл түбі – бірлік, Қауым түбі – тірлік.
  17. Ауылдан шыққан күні байға қонба, сайға қон: бай пәле болады, сай пана болады.
  18. Ауылдас, Ауылдаспен қауымдас.
  19. Ауылдастың анты бір.
  20. Ауылдасың жақсы болса ағайының не керек. Алғаның жақсы болса айтың, тойың не керек.
  21. Ауылы араластың қойы қоралас.
  22. Ауылы басқа алдырмас, Ауылың сені қалдырмас.
  23. Ауылы бүтінді аман де, Елі бүтінді есен де.
  24. Ауылы бірдің – аузы бір.
  25. Ауылын көріп, Азаматын таны.
  26. Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең. Ауыл сыртында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең.
  27. Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар, Есік алдында төбең болса, ерттеп қойған аттай болар. Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
  28. Аш ауыл айранды бұрын ішеді.
  29. Әр түлкінің өрісі басқа, Әр ауылдың қонысы басқа.
  30. Бие қоста жүріп терлесе, Құлын босқа жүріп терлейді.
  31. Бұзаудың жүгіргені қораға шейін.
  32. Бір ауылда бір үй аш болса, бар үй аш.
  33. Дауыл болмай жауын болмас, Шуақ болмай қауын болмас. Ит балалап сауын болмас, Екі даугер ауыл болмас, Ауыл болса да ақыры тәуір болмас.
  34. Дауыл болмай, жауын болмас, Шуақ болмай, қауын болмас. Ит балалап, сауын болмас, Екі дау ақыры ауыл болмас. Ауыл болса да, тәуір болмас.
  35. Делдалы көп базардан құт қашады, Жігіті көп ауылдан жұт қашады.
  36. Диқанның аяғы маймақ, Жүрген жері – гүлді аймақ.
  37. Елін жамандаған елеусіз қалады. Ауылын жамандаған атаусыз қалады.
  38. Ескі мешітке көкек азаншы, Есі кеткен ауылға есек азаншы.
  39. Жағасы – жайлау, төсі – қыстау.
  40. Кесек-кесек дау-жанжал кер кеткеннің аулында. Кесек-кесек өтірік кер кеткеннің аузында.
  41. Көкек айы – көк ішек.
  42. Күн түспеген үйге құшынас түстенер.
  43. Қазақ ауылы қарайлас, Шеру соңы қарайлас.
  44. Тоғыз жолдың торабы сайрақ.
  45. Түйелі ел – қырға, Түйесіз ел – Сырға.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ