Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер

«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (11-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
  2. Тоқтай біл, тауып айтқан мерген сөзге, Демесін: «Сөз өте ме көргенсізге?»
  3. Топтан озған – шешен, Көптен озған – көсем.
  4. Төбелеске бергісіз ұрыс бар.
  5. Төр төбесінде отырып, Теріс сөйлегеннен түңіл, Есік алдында отырып, Ерсі сөйлегеннен түңіл.
  6. Төрде отырып, Теріс сөйлегеннен без. Есікте отырып, Керіс сөйлегеннен без.
  7. Төрешіден қалмайды, Айтушыдан қалады.
  8. Туған ел – тұғырың, Туған тіл – қыдырың.
  9. Тұз астың дәмін келтіреді, Мақал сөздің мәнін келтіреді.
  10. Тұз астың дәмін келтірсе, Мақал сөздің мәнін келтіреді.
  11. Тұттаған сөзді қолдаған, Мұхаммедке үмбет емес.
  12. Түгел сөздің түбі бір, Сөз атасы – Майқы би.
  13. Түйе деген, Түйеден кейін бетіңе күйе деген.
  14. Түймедейді түйедей етіп.
  15. Түстік жерге өтірік айтсаң, Кешке ізіңмен барады.
  16. Түсінбеске сөйлеме, Толмасқа құйма!
  17. Тыйылмаған ауызда пәле бар.
  18. Тыңдамаса – сөз жетім.
  19. Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін, Тілімнен сүріндірмесін.
  20. Тіземнен сүріндірсең сүріндір, Тек тілімнен сүріндірме.
  21. Тіл – ақылдың өлшемі.
  22. Тіл – асыл ойдың бұлағы.
  23. Тіл – атадан қалған асыл мұра.
  24. Тіл – әдеп басы.
  25. Тіл – бұлбұл, Көңіл – бақша, От – қорған.
  26. Тіл – білім, тәрбие тұғыры.
  27. Тіл – достықтың алтын көпірі.
  28. Тіл – достықтың мерейі.
  29. Тіл – ел басқарудың құралы.
  30. Тіл – елдігіміздің іргетасы.
  31. Тіл – елшінің қылышы.
  32. Тіл – көңілдің кілті.
  33. Тіл – көңілдің тілмашы.
  34. Тіл – қақпа баққан ашулы арыстан.
  35. Тіл – қылыштан да өткір.
  36. Тіл – мәдени қазынаның қайнар бұлағы.
  37. Тіл – мәдени мұраның үзілмес өзегі.
  38. Тіл – ойдың шындығы.
  39. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.
  40. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
  41. Тіл – сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
  42. Тіл – сүйексіз, ақыл – түпсіз.
  43. Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.
  44. Тіл – татулық тірегі.
  45. Тіл – тәуелсіздік тұғыры.
  46. Тіл – тіліп түсер наркескен, Сөз – өткір жебе тау тескен.
  47. Тіл – тіршілік тірегі.
  48. Тіл – ұлттың жаны.
  49. Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.
  50. Тіл – халықтың жаны, ділі, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы.
  51. Тіл алмасқа сөз айтсаң, Адам таппас жауап айтар.
  52. Тіл буынсыз, ой түпсіз.
  53. Тіл ерді қабырға салады, Нарды қазанға салады.
  54. Тіл ерді қабірге салады, Нарды қазанға салады.
  55. Тіл ерді қабірге салар, Нарды қазанға салар.
  56. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
  57. Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.
  58. Тіл қаруы – сөз.
  59. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, Тіл айырар анасынан баласын.
  60. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
  61. Тіл қылыштан өткір.
  62. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.
  63. Тіл сүйексіз болса да, өзі сүйектен өтеді.
  64. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
  65. Тіл сүйексіз, ерін жиексіз.
  66. Тіл сырласар, Өсек сыбырласар.
  67. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.
  68. Тіл тәтті, бауыр қатты.
  69. Тіл тиексіз.
  70. Тіл тікенді де алады.
  71. Тіл-аузым тасқа.
  72. Тілге әр күн мейрам.
  73. Тілге шешен, іске мешел.
  74. Тілде сүйек жоқ.
  75. Тілде сүйек, таста тамыр жоқ.
  76. Тілде тиек жоқ, ауызда жиек жоқ.
  77. Тілде тиек жоқ.
  78. Тілден – зікір, көңілден – пікір.
  79. Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ.
  80. Тілді қорлау – халықты қорлау.
  81. Тілді ноқталасаң, басың сақталады.
  82. Тілдінің тілінен сақтан, Сөздінің сөзінен сақтан. Көздінің көзінен сақтан.
  83. Тілдің қадірін білмеген Кімнің қадірін білмек.
  84. Тілдің майын тамызып, Сөздің балын ағызып, Хас шешендер сөз айтар.
  85. Тілмен байланған қолмен шешілмейді.
  86. Тілмен бидай қуырады.
  87. Тілмен түйілген тіспен шешілмейді.
  88. Тілмен тікен де алады.
  89. Тілменен тікен алып болмас.
  90. Тілменен тікен тартып болмайды.
  91. Тілсіз жерде тіршілік жоқ.
  92. Тілсіздің дауы арам, Зекетсіздің малы арам.
  93. Тілі бар халық – халық, Тілі жоқ халық – балық.
  94. Тілі бардың Тіріде ақысы кетпейді.
  95. Тілі екеудің ділі екеу.
  96. Тілі жеткенше сөйлеген – шешен, Қолы жеткенше нұсқаған – көсем.
  97. Тілі қышыған жерден тиді.
  98. Тілі өлген ел – тірі өлген ел.
  99. Тілі тәтті, көңілі қатты.
  100. Тілі, сөзі бар кісі, Жазасызға жар кісі.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ