Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер

«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Барымен базарлап, Сөзімен ажарлап.
  2. Барынша бөсіп мақтанғанша, Тілді тістеп ұстаған жөн.
  3. Бас – бақ, Ауыз – дарбаза, Сөз – самал.
  4. Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
  5. Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ.
  6. Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп, Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
  7. «Бас» десе «Құлақ» дейді.
  8. Басқа бәле қайдан, Басқа бәле тілден.
  9. Басқа пәле қайдан-ды? Басқа пәле тілден-ді.
  10. Басқа пәле тілден.
  11. Басқы сөздің басында болмасаң, Соңғы сөздің қасында болма.
  12. Бассыз берген мал мазақ, бақсыз берген тіл мазақ.
  13. Басты кеспек болса да, тілді кеспек жоқ.
  14. Басты көрсе, сақалын айтар, Тамаққа тойса, мақалын айтар.
  15. Бастың көркі – жүз, Жүздің көркі – көз. Ауыз көркі – тіл, Тілдің көркі – сөз.
  16. Бастың тазы жастықты былғар, Тіл қотыры рулы елді былғар.
  17. Бастың таразысы – тіл.
  18. Басым аман болсын десең, Тіліңді тоқтат.
  19. Баталы сөз – балаға азық.
  20. Батыр жігіт – жау көркі, Шешен жігіт – дау көркі.
  21. Батыр қол бастайды, Шешен сөз бастайды.
  22. Батыр қол бастайды, Шешен тар жерде сөз бастайды.
  23. Батыр мың қол бастайды, Шешен тар жерде сөз бастайды.
  24. Батырды шешен аттан түсіріпті.
  25. Батырдың сөзі мың теңгелік.
  26. Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас, Мырзалық қонаққа пайда, малға қас, Өткір сөз дауға пайда, ауруға қас.
  27. Баулыған батыр болар, Үйретінді шешен болар.
  28. Бейкүнә адамға тіл тигізу – Сау тамырды қандауырмен осқылаумен бірдей.
  29. Бейпіл сөзден түскен пайда көрмедім, Көп те болса, ешбір түсім термедім.
  30. Бейшараның белгісі сөзінен, Несебі көзінен шығады.
  31. Бектер сөзін айта берме (басқа сын!), Қайталама жақсы сөзден басқасын.
  32. Белгі болмаса, жол бұзылады, Білім болмаса, сөз бұзылады.
  33. Белгі болса, жолдан адаспас, Білімді болса, сөзден жаңылмас.
  34. Белгісі болса, жолдан жаңылмас, Білімі болса, сөзден жаңылмас.
  35. Белдескеннің белін үз, Тайласқанның тілін үз.
  36. Би білгенді құл да біледі, Сөйлейтін ауыз болса.
  37. Бидай наның болмаса да, Бидай сөзің болсын.
  38. Бидің айтқанын құл да айтады, Бірақ аузының дуасы жоқ.
  39. Билігі барда – киелі ауыз, Билігі кеткенде – күйелі ауыз.
  40. Биік төбеге шықсаң, Көзің ашылады. Жақсыменен сөйлессең, Көңілің ашылады.
  41. Болмаса сөздің түйіні, Болмағаны түйірі.
  42. Болмасқа жылаған есіл көзім, Ұқпасқа айтқан есіл сөзім.
  43. Болса, данам, көңіл тура, тіл майда, Ризығың таусылмайды ондайда.
  44. Бос сөзбен қараңғы адам семіреді, Сол әдет қара басты кеміреді.
  45. Ботам, ботам дегенше, Ботакөзім десеңші.
  46. Бөтен адам сөз береді, бөз бермейді.
  47. Бұлбұлдан шешен құс жоқ, Бармақтай-ақ қарасы. Оқтан жылдам ажал жоқ, Тырнақтай-ақ жарасы.
  48. Бұлттан шыққан күн ашты, Бұзық адамның тілі ашты.
  49. Бұлттан шыққан күн ашты, Жаманнан шыққан сөз ашты.
  50. Бұлттан шыққан күн ащы, Жаман әйелдің тілі ащы.
  51. Бұра сөйлеген күлкіге жақсы, Бұра қашқан түлкіге жақсы.
  52. Бұра сөйлеген күлуге жақсы.
  53. Бұра сөйлеме, тура сөйле.
  54. Бұралқы мал мінуге жақсы, бұралқы сөз күлуге жақсы.
  55. Бұралқы сөз – бұтыма.
  56. Бұралқы сөз – күлуге жақсы, Бұралқы жылқы – мінуге жақсы.
  57. Бұралқы сөз күлуге жақсы, Бұралқы ат мінуге жақсы.
  58. Бұрма сөз күлуге жақсы.
  59. Бұтағы көп ағашқа құс қонады, Атағы жақсы адамға сөз ереді. Ағаш басына жел үйір, Жақсы адамға сөз үйір.
  60. Білген адам тауып айтады, Білмеген адам қауып айтады.
  61. Білген ерден білім толтыр бойыңа, Ізгі сөзден ес кіреді ойыңа.
  62. Білген ердің сөзін тыңда ізгілік, Қасиетін үйреніп ап көзге ілік.
  63. Білген кісі тауып айтады, Білмеген кісі қауып айтады.
  64. Білемін – мың сөз, Білмеймін – бір сөз.
  65. Білмеген сөз сыңайын не табады: Болса да көк аспанда, жер қабады.
  66. Білмегенді «білем» деген – күпірлік, Тілді білген мәнін де ұғар, шүкірлік.
  67. Білмегенді білдірмесең, білгенің бар болсын.
  68. Біліксіз сөйлесе, Түсінбей-ақ айта береді.
  69. Білікті адам керекті сөзін ғана айтады, Керек емесін бүгіп қалады.
  70. Білікті адам сөйлемей-ақ білініп тұрады.
  71. Білікті біліп айтар, сөзін ұтар, Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар. Білімсіз не айтса да, білмей айтар Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.
  72. Біліктіден шыққан сөз – әдеп үлгісі.
  73. Біліктінің сөзі – жанып тұрған жас гүл.
  74. Білімдар нәпсі, тілді түзетеді, Екеуін еркі жетіп күзетеді.
  75. Білімді адам тілін билей алады.
  76. Білімді әр нәрсенің байыбын айтады, Білімсіз біреудің айыбын айтады.
  77. Білімді болса – жолдан, Көргенді болса – сөзден жазбас.
  78. Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.
  79. Білімді сылық сөйлейді, Жайдары күліп сөйлейді. Шамкөс бір отырып, Бір тұрып сөйлейді.
  80. Білімдіден ақыл шығар, Ақылды қарттан нақыл шығар.
  81. Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болса кез.
  82. Білімдінің сөзін тыңда, Айтқанын үйрен, іске асыр.
  83. Білімсіз адамның сөзі білектей, Білімді адамның сөзі жібектей.
  84. Білімсіз сөз басыңа кемшілік келтірер.
  85. Білімсізге сөз өтпес.
  86. Білімсіздер тіліне берік болсын, Білімдінің тіліне ерік болсын.
  87. Білімсіздің сөзі білектей, Білімдінің сөзі жібектей.
  88. Бір ауыз сөзден қырғын соғыс басталады, Бір сіріңкеден үлкен өрт те басталады.
  89. Бір ауызға екі елі қақпақ.
  90. Бір ауыздан сөз шығар, Бір жағадан бас шығар.
  91. Бір жақсы сөз бітірер Көңілдің бар жарасын.
  92. Бір қойдың қатығы іркіт болмас, Өзі біліп, сөйлеген адамды іркіп болмас.
  93. Бір сом беріп жырлатып, Мың сом беріп қойғыза алмапты.
  94. Бір сөз – бір сөздің қуғыншысы.
  95. Бір сөз бір сөздің көтін шұқып алады.
  96. Бір сөз ұйықтап жатқан мың сөзді оятады.
  97. Бір сөзді көп сөйлесе, сөз жасиды.
  98. Бір сөзі көп сөйлесе, сөз жасады.
  99. Бір таяқ аса тиеді, Бір таяқ баса тиеді.
  100. Бір тәуекел болады, Мың қайғыңнан қаласың. Бір жақсы сөз бітірер Мың көңілдің жарасын.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ