Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер

«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ауызыңмен сөйлеген сөзді Құлағың да есітпейді.
  2. Ауыр сөз айтқан дос емес.
  3. Ауыр істен қорықпа, Ауыр сөзден қорық.
  4. Ауыр істің салмағы білекке түсер, Ауыр сөздің салмағы жүрекке түсер.
  5. Ауыр істің салмағы білекке түсер, Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.
  6. Аш адам не жемейді, Тоқ адам не демейді.
  7. Аш не жемес, Тоқ не демес.
  8. Аш тұзын ішіп отыр, Соңғы сөзін айтып отыр.
  9. Аштық не жегізбейді, Тоқтық не дегізбейді.
  10. Ашу – сөздің бұлты, Ақыл – сөздің кілті.
  11. Ашу егестен шығады, Ақыл кеңестен шығады.
  12. Ашуың келсе – қолың тарт, Айтпас жерде – тілің тарт.
  13. Ашуың келсе, қолыңды тарт, Айтпас жерде тіліңді тарт.
  14. Ашыққан ұры болады, Ашынған тілді болады.
  15. Ашынған тілді болады.
  16. Ащы нәр бал шырынға қосылмай ма, Айтылған сөз де ұқсайды осындайға.
  17. Ащы сұраққа Тұщы жауап күтпе.
  18. Аяғың сауда, билеп қал, Аузың сауда, сөйлеп қал.
  19. Аяқ – арғымақ. Қол – азамат. Көз – жанат. Сөз – қанат.
  20. Аяқ – тұлпар, Сөз – сұңқар.
  21. Аяқ асқа барады, Сөз басқа барады.
  22. Аяқ жүйрігі – асқа, Тіл жүйрігі – басқа.
  23. Аяққа кісен салуға болар, Қолға кісен салуға болар, Тілге кісен салуға болмас.
  24. Аяқтан шалынған тұрады, Тілден шалынған тұра алмайды.
  25. Аяқтыға жол Ауыздыға сөз бермейді.
  26. Аяқтыға жол бермеген, Ауыздыға сөз бермеген.
  27. Аяр сөзді лаң да бір – Гүл астындағы жылан да бір.
  28. Әдемі сөйлегеннің ісі әйбат.
  29. Әдеп басы – тіл.
  30. Әдеп пен тәртіптің басы – тіл.
  31. Әдепсіздің аяғы боқ басады, Сөзі шоқ басады.
  32. Әдепті сөйле де, тыныш отыр.
  33. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
  34. Әдептің басы – байқап сөйлеу.
  35. Әділ сөз ащы болады.
  36. Әділ сөз ірі көрінеді.
  37. Әділ сөздің зілі жоқ, Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
  38. Әділін айтсаң – әдемі айтқаның.
  39. Әзіл – әзәзілден, қалжың – шайтаннан.
  40. Әзіл сөз әзіл емес, құрған тұзақ, Тұзаққа түскен соң кетпейді ұзап.
  41. Әзіл сөз әзіл емес, құрған тұзақ, Тұзаққа түскеннен соң кетпейді ұзап.
  42. Әзіл түбі – апат.
  43. Әзілдің алысқа бармағаны абзал.
  44. Әзілқойдың сөзі зая болар.
  45. «Әйт, шүу!» деген – атанға демеу, «Әуп!» деген – ерге демеу.
  46. Әке сөзі – оқ, Шеше сөзі – боқ.
  47. Әке тұрып бала сөйлесе, Ер жеткені. Шеше тұрып қыз сөйлесе, Бой жеткені.
  48. Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без.
  49. Әлі жетпеген сақалшыл келеді, Билік білмеген мақалшыл келеді.
  50. Әлім алдында ауызыңды ти.
  51. Әңгіме айтушы егеді, Тыңдаушы тереді.
  52. Әңгіме бұзау емізеді, Бұзау таяқ жегізеді.
  53. Әңгіме бұзау емізер, Бұзау таяқ жегізер.
  54. Әңгіме жол қысқартады.
  55. Әңгіме жолды қысқартады, Жоқшылық қолды қысқартады.
  56. Әңгіме мұрыннан келеді.
  57. Әр айдың шөбі басқа, Әр дәуірдің сөзі басқа.
  58. Әр ашық ауыздың бір алдаушысы бар.
  59. Әр әзілде бір мысқал шындық бар.
  60. Әр жердің өлшемі бар, Әр сөздің мөлшері бар.
  61. Әр сөздің орны басқа, мәні бөлек.
  62. Әр сөздің өз ұяты бар.
  63. Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
  64. Әркім өз ойынан хабар берер.
  65. Әуелгі сөз рахым.
  66. Әуелгі сөзің рас болса, Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.
  67. Әуелі ойла, сонан соң сөйле.
  68. Баға берме жүзіне қарап адамның, Дана деме сөзіне қарап адамның, Жолдас айырар оның жақсы-жаманын.
  69. Бай – шешен, Балуан – албат батыр.
  70. Бай аузында семіз сөз.
  71. Бай ауызында семіз сөз.
  72. Бай болам десең, аузыңды бақ.
  73. Бай болмаған бай болса, Жайламаған сай қоймас. Би болмаған би болса, Сөйлемеген сөз қалмас.
  74. Бай кісі жарлыны, Тілді кісі тілсізді, Жас кісі кәріні керексіз қылады.
  75. Байдың сөзі адал, Биі әділ.
  76. Байламсыз сөз – Баусыз шелек.
  77. Байлаусыз шешен берекесіз сөз айтады.
  78. Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық.
  79. Байлауы жоқ шешеннен, Үндемеген есті артық. Бәйгі алмаған жүйріктен, Белі жуан бесті артық.
  80. Байлық не дегізбейді, Аштық не жегізбейді.
  81. Баймен айтыспа, палуанмен күреспе.
  82. Байтал – жүйрік, парқы жоқ, Қатын – шешен, нарқы жоқ.
  83. Байтал жүйрік – пайда жоқ, Қатын шешен – парқы жоқ.
  84. Байыпты сөздер бір-біріне ұқсап тұрады.
  85. Бақ тіліңді, ойлағаның саз болар, Көп сөйлеген сөздің мәні аз болар.
  86. Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз, Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз, Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
  87. Бақаның тілін балық біледі.
  88. Бақытты адамның маңайы Мұз үстінен қар жанар. Жақсы туған баланың Атасы төрде сөз табар. Жаман туса баласы, Түйе үстінен ит қабар.
  89. Бақытыңды қорғасаң, Жаман сөзді қолданба.
  90. Бал тамған өтіріктен Қан тамған шындық артық.
  91. Бал тамған тілден у да тамады.
  92. Бал тамған тілден У да тамар.
  93. Бал тамған тілден у тамар.
  94. Баланың сөзі батпандай, Қатынның сөзі кетпендей.
  95. Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, Байқамай көп сөйлесең, көрсетер өнер.
  96. Балуанға түсер жігіттің Көңілін аулап, сөзін ал.
  97. Балық пенен бақаның тілі бір, Құмалақшы мен бақсының жөні бір.
  98. Балық үндес, бақа тілдес.
  99. Барқы білмейді, сөздің нарқы біледі.
  100. Барлығы да тілден: Тіл – бал, тіл – ажал.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ