Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер
«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Аңқаудың аузы ашық.
- Ара бізімен шағады. Адам сөзімен шағады.
- Арадағы бозбайтал (өсекші): андағыны мұнда айтар, мұндағыны анда айтар.
- Арадағы сөздің аттамасы көп.
- Арғымақ ат жақсы шаппаса да, Жаман ат шаба алмайды баптаса да. Ақымаққа айтқан сөзің ағып кетер, Өзін тігіп сыртынан қаптаса да.
- Арғымақ аттың белгісі – Аз ғана оттап көп жусар. Азамат ердің белгісі – Аз ғана сөйлеп көп тыңдар.
- Арғымаққа оқ тисе, Мәстектей боп туламас, Сыпайыға сөз тисе, Жамандай боп шуламас.
- Арғымақтың баласы Аз ғана оттап, көп жусар. Азаматтың баласы Аз ғана сөйлеп, көп тыңдар.
- Арғымақтың жақсысы Аз ғана оттап, көп жусайды. Адамзатың жақсысы Аз ғана сөйлеп, көп тыңдайды.
- Арғынның сөзі сұлу, Найманның аты сұлу, Қыпшақтың қызы сұлу.
- Арқанның ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
- Арсызға сәлем – борыш, сөз – қулық.
- Арсыздың сөзінде тұрақ жоқ, Көзі бар да құлақ жоқ.
- Артық сөз апат келтіреді.
- Артық сөз ойға зиян, Артық ас бойға зиян.
- Артық сөйле, кем сөйле, Таразыдай тең сөйле.
- Артық сөйле, кем сөйле, Таразылай тең сөйле.
- Артында баласы қалса – Көзі қалды де, Артында сөзі қалса – Өзі қалды де.
- Артыңа жаман жұраттан гөрі, Жақсы сөз қалдыр.
- Артыңа ұрпақ қалдыру – Құдайдың ісі, Сөз бен іс қалдыру – өзіңнің ісің.
- Арық айтып семіз шық.
- Арық сөйлеп, семіз шық.
- Арықтың сорпасында дәм болмайды, ақылсыздың сөзінде мән болмайды.
- Арықтың сорпасында дәм болмайды, Ақымақтың сөзінде мән болмайды.
- Ас атасы – нан, Сөз атасы – абыз.
- Ас атасын – нан дейді, Сөз атасын – «шал» дейді.
- Астың ыстығы жақсы, Сөздің пысығы жақсы.
- Асыға айтсаң да, асыра айтпа.
- Асығын ата алмаған, Сақасынан көреді. Сөзін сөйлей алмаған, Атасынан көреді.
- Асыл адам аз сөйлеп, көп тыңдайды.
- Асыл ердің баласы, аз сөйлер де көп тыңдар.
- Асыл сөзге өлім жоқ.
- Ат айналып иесін табар, Сөз айналып жүйесін табар.
- Ат аяғы ақсауық, Ақын тілі қақсауық.
- Ат болатын құлынның басы кез болады, Адам болатын баланың аңдығаны сөз болады, Қошқар болатын тоқтының тұмсығы дөң болады.
- Ат жүйрігі – Азаптан құтқарады. Тіл жүйрігі – Мазақтан құтқарады.
- Ат жүйрігі айырады, Тіл жүйрігі қайырады.
- Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
- Ата тілін алмаған антұрғанның Ат үстінен аяғын ит қабады.
- Ата тілін алмаған ұлдан без, Ана тілін алмаған қыздан без.
- Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.
- Ата ұлы аталықтың сөзін айтар, Асылсыз жолдас болса, кері қайтар. Қасыңа жолдас болып ере қалса, Дұспанға құпиялап сырыңды айтар.
- Ата-ананың сөзі – Айдын жолдың өзі. Ақылдының сөзі – Ақ дарияның өзі.
- Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
- Аталар сөзі – ақылдың арқауы.
- Аталар сөзі – ақылдың көзі.
- Аталы сөз – ақылға көз.
- Аталы сөз айтпастың – аузы жабылмас.
- Аталы сөз атан түйеге татиды.
- Аталы сөзге арсыз ғана бас имейді.
- Аталы сөзге Арсыз ғана жауап қайырады.
- Аталы сөзді арсыз қайырады.
- Аталыдан би болса, Аузы кетпес турадан. Бас қосылған әр істе Сөзі кетпес жорадан. Атасыздан би болса, Аузы кетпес парадан. Қайда болса шіркіннің Арты кетпес жаладан.
- Атан түйеден аталы сөз артық.
- Атаңнан қалған сөз жоқ па, Анаңнан қалған бөз жоқ па?
- Атаңның сақалына қарама, Айтқан мақалына қара.
- Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без, Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
- Атқан жерде оқ қалар, Айтқан жерде сөз қалар.
- Атлас – қымбат, бөз – арзан, Көп сөйлеген сөз – арзан.
- Аттан аттың несі артық, Адымдап басқан ізі артық. Ерден ердің несі артық, Ептеп айтқан сөзі артық.
- Аттыға жол бермейтін, Жаяуға сөз бермейтін.
- Аттылыға жол, ауыздыға сөз бермейді.
- Атыңа ауыр жүк артпа, Анаңа ауыр сөз айтпа.
- Аузы алты қарыс.
- Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
- Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.
- Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
- Аузы құлып сандықты, Тіс ашпаса, тіл ашар. Түйін-түйін сырыңды, Түбінде келіп шын ашар.
- Аузы ыңғайсыз жерден тесілген.
- Аузын ашса, қолы бірге қимылдайды.
- Аузын ашса, сыры көрінеді, Есігін ашса, төрі көрінеді.
- Аузын бағып айтқанның – аузы күймес, Отын бағып жаққанның жеңі күймес.
- Аузын бағып айтқанның – аузы күймес. Отын бағып жатқанның жеңі күймес.
- Аузына ақ ит кіріп, қара ит шығады.
- Аузына әлі келмеген мылжың, Айтар сөзінен адасады.
- Аузына келгенді сөйлеу, Ақымақтың ісі. Алдына келгенді жеу, Хайуанның ісі.
- Аузына келгенін сөйлеу – ақымақтың ісі. Алдына келгенін жеу – айуанның ісі.
- Аузынан мәйегі түскен.
- Аузынан сөзі түскен, Қойнынан бөзі түскен.
- Аузынан сөзі түскеннің Қолынан бөзі түседі.
- Аузында әзілі жоқтың Қолында қол шоқпары бар.
- Аузында әзілі жоқтың, Қолында шоқпары болар.
- Аузында сөзі тұрмастың Бір жерде өзі тұрмас.
- Аузың айтқанды қолмен істе.
- Аузың не айтса, Құлағың соны есітер.
- Аузыңды аша алмассың, Аяғыңды баса алмассың.
- Аузыңменен сөйлеген сөз құлағыңды есітпейді.
- Ауыз – дарбаза, сөз – самал, Құдай ұрғанға не амал.
- Ауыз – дарбаза, сөз – самал, Құдай ұрғанда не амал?
- Ауыз – дарбаза, сөз – самал.
- Ауыз бен тілдің көркі – сөз.
- Ауыз көркі – тіл, Тілдің көркі – сөз.
- Ауыз өзімдікі деп сөйлей берме.
- Ауызға келген сөз арзан, Ауылға келген бөз арзан.
- Ауызға келген түкірік – Қайта жұтса мәкүрік.
- Ауызда жиек жоқ, тілде тиек жоқ.
- Ауыздан шыққан сөз алыстар.
- Ауыздан шыққан сөз Қайта орнына симайды.
- Ауызына сөз тұрмастың, Бір жерде өзі тұрмас.
- Ауызында әзілі жоқтың Қолында қол шоқпары бар.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ