Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тіл, сөз туралы мақал-мәтелдер

«Тіл, сөз» тақырыбындағы 1154 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 12 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Айтсаң, тілің күйеді, Айтпасаң, дінің күйеді.
  2. Айтсаң, уәдеге жет, Уәдесіз Аллаға шет.
  3. Айтуға оңай, істеуге қиын.
  4. Айтушы ақылды болса, Тыңдаушы дана болады.
  5. «Айтшы, айтшы!» деп жалынар, Айтпай жатып жалығар.
  6. Айтылады тілменен сөз, сыр ішің, Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.
  7. Айтылар сөзің айтылсын, Айтылмаса, жай тұрсын.
  8. Айтылған сөз – атылған оқ.
  9. Айтылған сөзді қайтарып ала алмайсың.
  10. Айтылмаған сөздің атасы өледі.
  11. Айтып қойған соңғылыққа жақсы, Іреп қойған сойғылыққа жақсы.
  12. Айтысқан соң дау болады, Атысқан соң жау болады.
  13. Айыр құйрық шаяннан, Айыр тілді адам жаман.
  14. Айырылмас көршіңе ауыр сөз айтпа.
  15. Айырылмас қоңсыңа ауыр сөз айтпа.
  16. Айырылмастай досыңа Қайырылмастай сөз айтпа.
  17. Ақ қойымның асығы болсаң, ақ сөйле.
  18. Ақ сөз ащы болады, Ғайбат сөз тәтті болады.
  19. Ақкөңілдің аты азбайды, Халал жүріп хақ сөйлегеннің тоны тозбайды.
  20. Аққу – құстың төресі, Жалғыз жатып оттамас, Қас жақсының белгісі, Қара сөзді жоқтамас.
  21. Аққу – құстың төресі, Жалғыз жүріп оттамас. Қас жақсының белгісі – Қара сөзді жақтамас.
  22. Аққу құстың төресі, Жалғыз жатып оттамас. Қас жақсының белгісі, Қара сөзді қостамас.
  23. Ақпа құлаққа айтқан сөз ағып кетеді, Құйма құлаққа айтқан сөзді құйып кетеді.
  24. Ақпа құлаққа айтқан сөз Ағып кетеді. Құйма құлаққа айтқан сөзді Құйып алады.
  25. Ақпа құлаққа айтылған сөз Сиырдың мүйізіне лақтырылған дәнмен тең.
  26. Ақпа құлаққа сөз айтсаң, ағып кетеді, Құйма құлаққа сөз айтсаң, қағып алады.
  27. Ақшелегі түскендей ақтарылады.
  28. Ақыл – сөзде, мерей – көзде.
  29. Ақыл айтсаң, мақұл айт.
  30. Ақыл жоқта нақыл жоқ.
  31. Ақыл көркі – тіл, Тілдің көркі – сөз, Адам көркі – жүз, Жүздің көркі – көз.
  32. Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл.
  33. Ақыл сөзді алпыс рет айтсаң да, артықтығы жоқ.
  34. Ақылды – ойлап, түйгенін айтады, Ақылсыз – шала-пұла білгенін айтады.
  35. Ақылды адам сөзді орнымен айтып, Жөнді жауап күтеді.
  36. Ақылды атанбайды көп сөйлеген, Ақылды сөзді үнемдеп дөп сөйлеген.
  37. Ақылды аузын жауып, ділін ашар.
  38. Ақылды әйелді ханым де, сөз ұғатын жігітті жаным де.
  39. Ақылды кісі аз сөйлер.
  40. Ақылды кісінің белгісі – Аз сөйлеп, көп тыңдайды. Арғымақтың белгісі – Аз оттап, көп жусайды.
  41. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.
  42. Ақылды сөз – ауыртпалықты көтерісер ақ ниет дос.
  43. Ақылдыға айтқан сөз жөнін табар, Ақымаққа айтқан сөз далада қалар.
  44. Ақылдыға сөз айтсаң, Толыса түсер ақылы. Ақылсызға сөз айтсаң, Сол күйі қалар ақыры.
  45. Ақылдыдан шыққан сөз Аңсағанға болсын кез.
  46. Ақылдымен сөйлессең, Ақылыңа ақыл қосылар. Ақымақпен сөйлессең, Өз ақылың тосылар.
  47. Ақылдының сөзі қысқа, Айта қалса, нұсқа.
  48. Ақылдының сөзі қысқа, айтса нұсқа.
  49. Ақылдының сөзінен енші алып қал.
  50. Ақылсыз айтпасаң, білмес, Ашпасаң, көрмес.
  51. Ақылсыз басқа адырайған көз бітер, Дуасыз ауызға сылдыраған қу сөз бітер.
  52. Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.
  53. Ақылы жоқ адамға Адырайған көз бітеді. Дуасы жоқ ауызға Сылдыраған сөз бітеді.
  54. Ақылы жоқ адамға Адырайған көз бітер. Дуасыз жоқ ауызға Сылдыраған сөз бітер.
  55. Ақылы жоқ азғана сөзге семірер.
  56. Ақылы жоқ басқа адырайған көз бітеді, дуасы жоқ ауызға сылдыраған сөз бітеді.
  57. Ақылың болса, ақылға ер, Ақылың болмаса, нақылға ер.
  58. Ақылың болса, жыр тыңда.
  59. Ақымаққа адырайған көз бітеді, Дауасызға сылдыраған сөз бітеді.
  60. Ақымаққа айтқан сөз Ағып жатқан сумен тең. Ақылдыға айтқан сөз Қолға ұстаған тумен тең.
  61. Ақымаққа айтқан сөз Далаға атқан оқпен тең.
  62. Ақымаққа айтқан сөз зая кетер.
  63. Ақымақты сөзге сал, Қам дарбызды шертіп ал.
  64. Ақымақтың айтқаны келмейді, Сандырағы келеді.
  65. Ақымақтың сөзі ақау татыр.
  66. Ақымақтың сөзін ақылменен тыңда.
  67. Ақын тілді келеді, Ат тұяқты келеді.
  68. Ақын тілі – наркескен.
  69. Ақындар қайда сөз сонда, Сұлулар қайда наз сонда.
  70. Ақынның тілі қылыштан өткір, Қылдан нәзік.
  71. Ақынның тілі қылыштан өткір.
  72. Ақынның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді.
  73. Ақырын айтқан ақыл сөз, Асыл нәрсе бергендей. Ақырын айтқан қатты сөз, Қолға кірген шеңгелдей.
  74. Ақырын сөйлегеннің амалы көп.
  75. Ала жағым кетсе де, Айта жағым кетпесін.
  76. Ала қалжың, ақтай күлкі.
  77. Алажағым кетсе де, Айташағым кетпесін.
  78. Алғал сөйлеп былғама, Адал туған ағаны.
  79. Алғаш ойла, кейін сөйле.
  80. «Алдияр, алдияр!» десе, далияр.
  81. Алла ісінде арман жоқ, Табылған сөзде жалған жоқ.
  82. Алмас қылыш майданда керек, Асыл сөз майданда да керек, Сайранда да керек.
  83. Алмас қылыш майданда серік, Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.
  84. Алтын тісті ауыздан, Аса жаман сөз шығар. Жаннан безген жауыздан, Жазығы жоқ көз шығар.
  85. Алтыннан қымбат сөз айтсаң, Ақымақ құлақ аспайды.
  86. Алтыннан қымбат сөз айтсаң, ақымақ құлақ салмайды.
  87. Алушыдан қалмайды, айтушыдан қалады.
  88. Алыс жерге құда болсаң, Арту-арту ас келер. Жақын жерге құда болсаң, Арту-арту сөз келер.
  89. Алыс та жақын болар, жолын тапсаң, Жақын да алыс болар, қолын қақсаң.
  90. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.
  91. Ана тілі – бәріміздің анамыз, Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
  92. Ана тілім – дана тілім.
  93. Ана тілің алпыс тілге татиды.
  94. Анам берген туған тілім, Атам берген құрал тілім.
  95. Ананың сүті – бал, Баланың тілі – бал.
  96. Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа!
  97. Ант қылыштан да өткір, Сөз қояннан да жүйрік.
  98. Аңғал сөйлеп, Аспа, Ойланып ал, саспа.
  99. Аңдамай айтпа, Тура беттен қайтпа.
  100. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ