Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жан-жануарлар туралы мақал-мәтелдер

«Жан-жануарлар» тақырыбындағы 539 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Қоңыраулы түйе жоғалмас.
  2. Қора менікі болғанмен Қойы елдікі.
  3. Қора оңды болса, Қойың қоңды болар.
  4. Қорада малың болсын, Көшеңде талың болсын, Мал – аяғың, Тал – таяғың.
  5. Қоралы мал – елдікі, Қорасыз мал – желдікі.
  6. Қорасында айыры жоқтың Малға қайыры жоқ.
  7. Қос жүйрікте сын болмас, Қас сұлуда мін болмас.
  8. Қошқар соймай, қой сойсам, Жасық дерсің. Қой соймай, қошқар сойсам, Сасық дерсің.
  9. Қошқарды күйегімен, Киікті сүйегімен жұтады...
  10. Қу байтал екі айғырды аш қалдырады.
  11. Қубас айғыр құлынын талайды.
  12. Қуырдақтың әкесін Түйе сойғанда көрерсің.
  13. Құдай бергеннің қойын Қыдыр бағады.
  14. Құлаққа ұрған танадай.
  15. Құлын биең құнға кетті ме, Тайлы биең таласқа түсті ме? Кезекті суыңды сұмырай ішті ме, Қолыңмен неге от көсейсің? Жеңіңді неге жерге төсейсің?
  16. Құлындаған биеден Құдықтағы су артылмас.
  17. Құлындаған биеден, Құдық суы артылмас, Боталаған түйеден Бұлақ суы артылмас?
  18. Құлынның түрі құлпырып, Түгі сынбас жауынға.
  19. Құнажын деп кемітпе, Ертең-ақ түйе болады. Тай, байтал деп кемітпе, Ертең-ақ бие болады.
  20. Құнажын көзін сүзбесе, Буыршын бұйдасын үзбейді.
  21. Құнажын көзін сүзбесе, Бұқа жібін үзбейді.
  22. Құрақсыз көлдің сәні жоқ, Тұяқсыз малдың сәні жоқ.
  23. Құрғақ талқан жегенді Күлдірме. Жайдақ атқа мінгенді Желдірме.
  24. Құрттаған қой Кескекті ала кетер.
  25. Құс – қанаттасымен қатар ұшады.
  26. Құс баласы қырымға қарайды. Қаршыға ілген қазға сын.
  27. Құс жаманы – сауысқан, Ағаш жаманы – азған.
  28. Құс жоқ жерде, күйкентай Сұңқар көрінер. Ат жоқ жерде, жаман тай Тұлпар көрінер.
  29. Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
  30. Құс қарайды құрымға, Ит қарайды жұрымға.
  31. Құс патшасы – бүркіт, Аң патшасы – арыстан.
  32. Құста сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ.
  33. Құтты қонақ келсе, Қой егіз туады.
  34. Қызды қартша сына, Атты жігітше сына.
  35. Қызыл ит қысырамайды.
  36. Қынына қарап, пышағын таны, Қозысына қарап, тұсағын таны.
  37. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
  38. Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.
  39. Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.
  40. Қыс қойыңды қопалы жерге қыстат, Жаз қойыңа жазық жерді жайлат.
  41. Қыста қойыңды бақ, Жазда шөбіңді шап!
  42. Лақпын деп ойлайды тоқал ешкі.
  43. Мал азығы – ырыс қызығы.
  44. Мал айдаса елдікі, Ысқырса желдікі.
  45. Мал аралаған – малшы, Торғай аралаған – аңшы.
  46. Мал басқа бітеді, Қына тасқа бітеді.
  47. Мал бітерінде Кілемнің түгіндей, Мал кетерінде Қолдың кіріндей.
  48. Мал жақсысы – сиыр, Жер жақсысы – кебір.
  49. Мал иесіне тартады, Сөз жүйесіне тартады.
  50. Мал қадірін білмеген, Жан қадірін білмейді.
  51. Мал мекенін іздейді.
  52. Мал тапқанның айыбы жоқ.
  53. Мал төлімен жарасты, Жер гүлімен жарасты.
  54. Малдан боғы бөтен.
  55. Малды баққанға бақтыр, Отынды шапқанға жақтыр.
  56. Малды бақсаң, сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан. Егін ексең, бидай ек, Құт кетпейді даладан.
  57. Малды іріктемесең, Тұқымы азады, Қонысты таңдамасаң, Өрісің тозады.
  58. Малдың аласы сыртында, Адамның аласы ішінде.
  59. Малдың белшеден бейнеті де бар, Көрсетер зейнеті де бар.
  60. Малдың қонысын тапқан – Шөптің сонысын тапқан.
  61. Малсызға Малға балап ұйқы берер. Арсызға Арға балап күлкі берер.
  62. Малы бардың назы бар, Көлі бардың қазы бар.
  63. Малым бар деп мақтанба, Нарым бар деп мақтан, Нарым бар деп мақтанба, Арым бар деп мақтан.
  64. Малым жанымның садағасы, Жаным арымның садағасы.
  65. Малым жоқ деме, Бір күнгі ұйқы. Балам жоқ деме, Бір күнгі күлкі.
  66. Малыңды қойған жеріңнен іздеме, Тойған жерінен ізде.
  67. Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан – Түйе деген жануар.
  68. Милауға сөз ұқтырудан Бураны кезіктіру оңай.
  69. Молдаға жағайын десең, Азаның болсын. Қазыға жағайын десең, Қазаның болсын.
  70. Мұз жалаған мал өспес, Мал қажаған тал өспес.
  71. Мықты қасқыр Тай, құнанға шабады. Мықыр қасқыр Қозы, лақты қағады.
  72. Мыңды айдаған бірді мінеді.
  73. Мысық та жолбарысша қуанады.
  74. Мінер атың айғыр болса, Түс те қайғыр.
  75. Нар жолында шөгер, Ер жөніне көнер.
  76. Нар маяға нар бота жарасады, Мейірімді адам жоғыңа қарасады.
  77. Нар маяның жүні – жібек, Сүті – бал, Нар жігіттің аймағы ел, Алды мал.
  78. Нар маяның шұбаты, Нардай ердің қуаты.
  79. Нар мінезді жігітке Нарға мінсе, жарасар.
  80. Нар сәулетті – ашамай.
  81. Нар ізін нарша басар.
  82. Нардан туған жампозға, Арыса кере сала алмас.
  83. Нардың бақырғаны – ұят, Арғымақтың жорғалағаны – ұят.
  84. Нарыңның ашамайы – Арша екен, Жұпар иісі – Жақсылыққа жаршы екен.
  85. Наубайдың көңілі нанында, Керуеншінің көңілі нарында.
  86. Ойда он сиырдың мүйізі сықырласа, Қырда қырық бұғының мүйізі сықырлайды.
  87. Ораза, намаз, тоқтықта, Құйрығын қысар жоқтықта.
  88. Ортақ өгізден, Оңаша бұзау артық.
  89. Ошақтан от қашты, Қосақтан қой қашты.
  90. Өгіз өлген жерінде мөңірейді.
  91. Өзі түйенің үстінде келе жатып, Жаяуға бұқ дейді.
  92. Өзім асырап өсірген текешігім Өзіме тап берді.
  93. Өзім есек болсам да, Түйені жетектеймін.
  94. Өзіңдікі өзіңе, Оттай ыстың көзіңе.
  95. Өкпелесең көшке берген Тайыңды қайтып ал.
  96. Өлген сиыр сүтті болады.
  97. Өлген түйенің басымен Тірі келінді қорқытпа.
  98. Палуан болар баланың Етек, жеңі кең келер. Қошқар болар қозының Маңдай жағы дөң келер.
  99. Пішенді салқында шап, Қойды салқында бақ.
  100. Сары қымыз сүйегіңе сіңсе, Сан ауруды кеседі. Сары бал сүйегіңе сіңсе, Кәрілік жоқ – деседі.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ