Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жан-жануарлар туралы мақал-мәтелдер

«Жан-жануарлар» тақырыбындағы 539 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (6-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Түйенің пірі – Ойсылқара.
  2. Түйенің соңынан ерсең, Сораға барарсың. Молданың соңынан ерсең, Молаға барарсың.
  3. Түйенің сүйген асы – жантақ, Тиіннің сүйген асы – жаңғақ.
  4. Түйенің сүйген шөбі – жантақ. Тиіннің сүйген асы – жаңғақ.
  5. Түйенің танығаны жапырақ. Жабу қисық емес, Түйе қисық.
  6. Түйенің терісі де есекке жүк.
  7. Түйенің үлкені Көпірден таяқ жейді.
  8. Түйесі кетеген, ешкісі өреген.
  9. Түйесіз көш сәнсіз.
  10. Түйесінің сыры иесіне мәлім.
  11. Түйешіге жолықсаң: Өркеші биік тайлағын айтар. Сиыршыға жолықсаң: Шелегі толы қаймағын айтар.
  12. Түлкі құрсақ ұйықта, Сергек оян, бұйықпа.
  13. Түлкі түгінен жазады, Есек жүгінен жазады.
  14. Түлкінің алдағанынан, арыстанның талағаны артық.
  15. Тышқан көп жылы – Тоқшылық, Қоян көп жылы – Жоқшылық.
  16. Тілеп алған баламды, Теке теуіп өлтірді.
  17. Ұйқымен үйір болсаң, Ұйқы бағарсың. Ұйқымен араз болсаң, Жылқы бағарсың.
  18. Ұры болмаса – бөрінікі. Иесіз мал – ұрынікі.
  19. Ұрыншақ атта Жал тұрмас, Көңілшек кісіде Мал тұрмас.
  20. Үйде өскен бұзау, Түзде өгіз болмайды.
  21. Үйірі басқаны ноқта қосады.
  22. Үмітсіз жаннан без, Қайырсыз малдан без.
  23. Үркер үйден көрінсе, Үш ай тоқсан қысың бар. Үркер іңірде жанбасқа келсе, Жаз шықпаған несі бар?!
  24. Хасанның иті Асанның үйінен ас ішіп, Бошанның үйін қориды.
  25. Шабатын көлік күй тілейді.
  26. Шабылмаған жүйрікті, Шағылмаған бала шапсын.
  27. Шайтан шайтанды іздейді, Тай тайқарды іздейді.
  28. Шаруа болсаң, Малыңның қасында бол. Диқан болсаң, Жеріңнің басында бол.
  29. Шаруа Жазда жазылады, Қыста қысылады.
  30. Шаруаның бірі – бес, Диқаншылық – ес, Жортуыл түбі – еш.
  31. Шолақ иттің арыны қатты.
  32. Шөмелені шөбім бар деме, Несиені малым бар деме.
  33. Шыбынды шыбықпен айдаған, Шыбышты сырықпен айдаған.
  34. Шыры болса қомында, Алты айшылық жолыңда Атан түйе арымас.
  35. Шытыр жеген түйедей.
  36. Інген ыңырсыса, Бота боздайды.
  37. Інгенімді қараймын деп Мінгенімнен айрылдым.
  38. Ісек қойдың басы үлкен, Саулық қойдың жасы үлкен.
  39. Ісі оңына басарда Тоқты туып, шыбыш лақтар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ