Жан-жануарлар туралы мақал-мәтелдер
«Жан-жануарлар» тақырыбындағы 539 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Сасық суда жайын бар, Олжа малда қайыр жоқ.
- Сатарманның жаман малы жоқ.
- Саулығың шелді болса, Тұсағың төлді болар.
- Сауын саусаң, бие сау, Боз қырау түспей суалмас. Түйткіл тартсаң, түйе сау, Ауру, бәле, жын алмас.
- Сауып отырған малы бар Тоқтық көрмесе де, Жоқтық көрмейді.
- Сәуір болмай жауын болмас, Жауын болмай тәуір болмас.
- Сәуір болмай, тәуір болмас, Ит балалап сауын болмас.
- Семіз қой қыстан майын жеп шығады, Арық қой жанын жеп шығады.
- Семіздікті қой көтерер.
- Серінің аты да сері.
- Сиыр бақтым – сидаң қақтым, Ешкі бақтым – еңіреп бақтым. Қой бақтым – қоңыраулаттым.
- Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ, Өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ.
- Сиыр сары болмас, Түйе торы болмас.
- Сиыр су ішсе, Бұзау мұз жалайды.
- Сиыр сүйкенбей жүрмес.
- Сиырда аунамақ жоқ, Жылқыда күйсемек жоқ, Тамда белдеу жоқ, Таста тамыр жоқ, Суда қаймақ жоқ.
- Сиырда аунамақ жоқ, Жылқыда күйсемек жоқ.
- Сиырды жақсы көрсеткен Артындағы танасы, Әйелді жақсы көрсеткен Қасындағы баласы.
- Сиырды теппейді, Сүтті төкпейді.
- Сиырдың пірі – Зеңгі баба.
- Сиырлы кісі – сыйлы кісі, Түйелі кісі – күйлі кісі.
- Су сүреңін табады.
- Суды өзі кешіп ішпей, Мал қоңданбайды. Шөпті өзі орып жемей, Мал жонданбайды.
- Сұлу аттың көркі – жал, Адамзаттың көркі – мал.
- Сұлу аттың көркі – жал.
- Сүтсіз сиыр – сүзеген.
- Сырын білмес адамға Сырыңды айтпа. Сырын білмес атанға Жүгіңді артпа.
- Табаны тозбас Тұлпар жоқ, Қанаты талмас сұңқар жоқ.
- Тай атқа жеткізеді, Ат пыраққа жеткізеді, Пырақ мұратқа жеткізеді.
- Тай тайға жеткізер, Тай құнанға жеткізер, Құнан атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер.
- Тайға мінген, Тайқарға мінгенге күлмейді.
- Тайлы ауылда тоймаған, Қойлы ауылда тояды.
- Тайлы бие тайлақты түйедей.
- Тартыншақ болса түйең жаман, Итіншек болса биең жаман.
- Тау мен тасты сел бұзар, Адам затты сөз бұзар.
- Таудағы ешкі ыңғай берсе, Етектегі теке дедектеп жетеді.
- Таудағы киік Таста ойнақтаса, Төменде тұрған текенің Тұяғы қышиды.
- Тауықтың түсіне тары кіреді.
- Тәңір асыраған тоқтысын Қасқыр жемейді.
- Тебеген болса биең жау, Сүйкеншек болса түйең жау.
- Тебегеннің таңын сүзеген айырады.
- Тегін келген аттың Тісіне қарама.
- Тентек тойды бұзар, Шартық қойды бұзар.
- Тентектің есі-дерті – бұзу, Текенің есі-дерті – сүзу.
- Тобан аяқ торыны, Тойға мінбе, қойға мін. Құлан аяқ құланы Қойға мінбе, тойға мін.
- Тоғыз қабат торқадан, Тоқтышағымның терісі артық.
- Тоғыз қойдың терісі Тон шықпаған Толағай. Жеті қойдың терісі Жең шықпаған Толағай.
- Тозбас тон, Арымас ат болмас.
- Той өтті – Қой бітті.
- Тойған қозыдай, Ұйыған сүттей.
- Тойсаң, Тоқтының еті топырақ татиды.
- Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп Құлағынан айрылыпты.
- Тоқты тоймас, Шөміш кеппес.
- Толмасқа құйма, тоймасқа берме.
- Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.
- Төл төлден өседі.
- Төлден мал өседі. Шыбықтан тал өседі.
- Төрт түліктің төресі – түйе.
- Төрт түліктің төресін Түйе дейді.
- Тумаған тайыншаның Піспеген уызына қарама.
- Тұздық ішкен теке көзденіп.
- Тұлпар – құлыннан, Батыр – баладан.
- Тұлпардың қадірін Желгенде білерсің, Жақсының қадірін Өлгенде білерсің.
- Тұлпардың оттауы бір болса да, жусауы басқа.
- Тұмса тұсақ қызғаншақ, Тұмса бие құлынсақ.
- Түз тағысы – Табиғатпен тілдес.
- Түйе – байлық, Қой – мырзалық, Жылқы – сәндік.
- Түйе – батыр, Шөл даладан өткенде. Жігіт – батыр, Еліне жау жеткенде.
- Түйе – дала кемесі.
- Түйе – көштің көлігі, қойдың серігі.
- Түйе – көштің көркі, Жылқы – жетекші, Қой – береке.
- Түйе – түлік басы.
- Түйе – түлік төресі.
- Түйе алтын артып жүрсе де, Жантақ жеуін қоймайды.
- Түйе атасы – нар, Ағаш атасы – шынар.
- Түйе аунаған жерде Жүк қалады. Ат аунаған жерде Түк қалады.
- Түйе ботасымен жарасты, Тамақ батасымен жарасты.
- Түйе деген жануар, Түзде жүрсе семірер. Тіздеп қойса аяғын, Тұзға қарай емінер.
- Түйе жайылса, шөлге қарай шығады, Жатарда сорға қарай.
- Түйе жантақ жегісі келсе, Мойнын созады.
- Түйе жисаң, нардан жи, Жүк қалдырмас жолында. Сиыр жисаң, тарлан жи, Сүт пен қаймақ қолыңда.
- Түйе көп болса Жүк сыймас.
- Түйе күндіз жайылады, Түнде күйіс қайырады.
- Түйе қартайғанда көшегіне ереді.
- Түйе қоң алмай – оңалмайды.
- Түйе мінгеннің төбесі биік.
- Түйе мініп қойға барма, Жөндеп баға алмайсың. Бие мініп тойға барма, Көкпарға шаба алмайсың.
- Түйе сүті түгел май, Қымыранын кертіп іш! Бие сүті «пай-пай!» Сары қымызын шертіп іш!
- Түйе тайғақ келеді, Табанынан мөр кетсе. Кәрі тайғақ келеді, Екі көзден нұр кетсе.
- Түйе тулап, жүктен құтылмайды.
- Түйе тұзға келеді, Күйеу қызға келеді.
- Түйе ұрлаған да, Түйме ұрлаған да – ұры.
- Түйе үлкен болса да, өз жолына шөгеді.
- Түйеге – дақ, жылқыға – пышақ.
- Түйеде – жампоз, Жылқыда – тұлпар, Сиырда – тынжы, Қойда құтпан асыл.
- Түйеден жығылсаң, Түйе шудасын төсейді. Аттан жығылсаң, Ат жалын төсейді. Есектен жығылсаң, Есек тұяғын төсейді.
- Түйелі бай – киелі бай, Қойлы бай – қорлы бай. Жылқылы бай – сылдыр бай, Сиырлы бай – сылбыр бай, Ешкілі бай – есепті бай.
- Түйенің жантақ жемесе, Тілі қышиды.
- Түйенің жолы үлкен, Аттың жөні үлкен.
- Түйенің не де болса түйе аты бар, Сондықтан ботаның да ұяты бар.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ