Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жан-жануарлар туралы мақал-мәтелдер

«Жан-жануарлар» тақырыбындағы 539 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ешкінің пірі – Сексек ата.
  2. Жабыны жалды екен деп сатып алма, Жаманды малды екен деп жақын қылма.
  3. Жабыны жауға мінбе жалды екен деп, Жаманмен жолдас болма малды екен деп, Баласын қазан аттың бақпай қойма, Жем түсіп аяғына қалды екен деп.
  4. Жазғытұрғы жел Жардай атанды жығады.
  5. Жазда жайлауды же, Қыста қойнауды же.
  6. Жайдақ су жай ағады.
  7. Жайылым тапса, Мал семіреді. Қайырым тапса, Жан семіреді.
  8. Жақсы айғыр үйірін қорғайды, Құж мойын бұқа сом мүйізі мен сасық тұмсығын қорғайды.
  9. Жақсы ат – желіктіреді, Жаман ат – зеріктіреді.
  10. Жақсы ат – көлік, Жаман ат – өлік.
  11. Жақсы ит – малға серік.
  12. Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді.
  13. Жақсы кісі қартайса, Ақылынан танбас. Жақсы ат қартайса, Жүрісінен танбас.
  14. Жақсы қойшының Төлі түлеп туады, Жаман қойшының Төлі жүдеп туады.
  15. Жалған сөз – жанға қас, Жалқау қойшы малға қас.
  16. Жалғыз атты базардан қалмас.
  17. Жалғыз атты, тойға да бармас, Тойдан да қалмас.
  18. Жалғыз ешкі лақтап, Уызына жарытпас.
  19. Жалғыз түйе бақырауық.
  20. Жалпы бар деп жабыдан айғыр салмаңыз.
  21. Жаман айғыр енесіне тап берер.
  22. Жаман айғыр үйірін Жауға алғызар.
  23. Жаман да болса жылқы жасығы.
  24. Жаман жасаққа жарамайды, Желінсау қосаққа жарамайды.
  25. Жаман қой өршіл, Жаман ат тершіл.
  26. Жаман теке – сүзіскек, Жаман жігіт – ұрысқақ.
  27. Жаман теке сүзеген.
  28. Жаман түйе жабуын жер, Жазының қабуын жер.
  29. Жаман түйе жабуын жер, Жаман жігіт ауылын жер.
  30. Жанашыры жоқ адам, Жал-құйрықсыз атпен тең.
  31. Жапалақ жамбасына басып жейді, Аңсұңқар жан-жағына шашып жейді.
  32. Жапанда өскен жапалақ Көл қадірін білмейді. Ербең құлақ еркек қой Төл қадірін білмейді.
  33. Жар басындағы жантақты Жанынан безген нар жейді.
  34. Жарамсыз ат жан қинар.
  35. Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.
  36. Жарлы болатын жігітке Қазалы мал тап болар. Жалғыз болатын жігітке Бедеу қатын тап болар.
  37. Жарлының жалғыз қозысы, Қасқырға жем болады.
  38. Жас бота Түйеге қарай өседі. Жас құлын Биеге қарай өседі.
  39. Жас қаншықтың көзі сау.
  40. Жатқан жері даладай, Екі өркеші баладай.
  41. Жатқан жері даладай, Екі өркеші баладай. Азу тісі қаладай, Жабуы шамшыдай, Құйрығы қамшыдай Бура сойған не сұмдық!
  42. Жел мінезді жылқы мал, Желеді де кетеді.
  43. Желінсау қой қосаққа кірмейді.
  44. Жер – ана, Мал – бала.
  45. Жері семіздің – малы семіз.
  46. Жерім – малға жай, Елім – жанға жай.
  47. Жеріне қарай – жыланы, Жауына қарай – құланы.
  48. Жеті қарақшыны таныған адам, Жеті қараңғы түнде адаспайды.
  49. Жетім жылап күн кешеді, Лақ маңырап су ішеді.
  50. Жетім қозы маңырар, Маңырар да отығар.
  51. Жетім қозы тез отығар, Жетім бала тез жетілер.
  52. Жетім құлын – емеген, Қулық бие – тебеген.
  53. Жоқтамағанның малы түгел.
  54. Жоқтан бар болған, Қоспақтан нар болған.
  55. Жоқты керек таптырар, Жалғыз атты саттырар.
  56. Жолдас боп өскен жора, Жолдасын жолда қалдырмайды. Берік боп салынған қора, Қойын қасқырға алдырмайды.
  57. Жомарттыққа не жетсін? Жүйріктен құтылып не кетсін?
  58. Жорға мінген Жолдасынан айрылар.
  59. Жорғадан туған жортақ бар, Батырдан туған қорқақ бар.
  60. Жорғаны жорға демесең Жүрісі атқа жетпейді, Жемін беріп демесең, Жолға тастап кетпейді.
  61. Жорғаның тері кеппес.
  62. Жортар аттың тоғы игі.
  63. Жуас түйе Жүндемекке жақсы.
  64. Жүйрік бестіден шығар, Кеңес естіден шығар.
  65. Жүйрік тоқтығын білдірмес, Жомарт жоқтығын білдірмес.
  66. Жүк ауыры нарды сынайды, Жол ауыры ерді сынайды.
  67. Жүк ауырын нар көтереді, Сөз ауырын ер көтереді.
  68. Жылан жылы – жылыс, Жылқы жылы – ұрыс, Қой жылы – тыныс.
  69. Жылан иір-иір жүрсе де, Ініне түзу кіреді.
  70. Жыланның сүймес асы інінің аузынан шығар.
  71. Жыланның үш кессе де, кесірткедей қауқары бар.
  72. Жылқы атасы – Қамбар ата, Сиыр атасы – Зеңгі баба, Түйе атасы – Ойсыл қара, Қой атасы – Шопан ата, Ешкінің иесі – Сексек ата.
  73. Жылқы атасы – Қамбар ата, Сиыр атасы – Зеңгі баба, Түйе атасы – Ойсылқара, Қой атасы – Шопан ата, Ешкі атасы – Шекшек ата.
  74. Жылқы құлыннан өседі, Теңге тиыннан өседі.
  75. Жылқы: «Көктем де бір тойдым» – дер.
  76. Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.
  77. Жылқының еті: Жемесең түсіңе кіреді, Жесең тісіңе кіреді.
  78. Жылқының Мінсең – үсті жел, Ішсең қымызы – бал, Жесең еті – бал. Асауға ноқта, Жүйрікке – тұмар.
  79. Жылқының пірі – Қамбар ата.
  80. Жігіттің жігіті – Түсінде жылқы көреді.
  81. Жігіттің сорлысын, Жылқының жолдысы теңейді.
  82. Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім. Жылқы жасы тісінен мәлім.
  83. Зікір салған бақсыдай қалшылдаған.
  84. Иесі келсе Биесі кісінер.
  85. Иесі үйге қайтса, иті де оралады.
  86. Ит – ырыс.
  87. Ит жеті қазынаның бірі.
  88. Ит иесі үшін жүгіреді, Құс өзі үшін ұшады.
  89. Ит иесіне үрмес.
  90. Ит иттігін істемесе, іші ауырады.
  91. Ит қуған тай ұстатпас.
  92. Ит сүйекке қақалмас.
  93. Ит тамағы үшін жүгіреді. Құс тамағы үшін ұшады.
  94. Ит үрген жерде ауыл бар.
  95. Ителгінің қызығына қызсаң, Қаршығаңды қамшы етерсің.
  96. Иттің басын алтын табаққа салсаң, Шоршып түседі.
  97. Иті иесіне тартады, Түйекеш түйесіне тартады.
  98. Кәрі атын мақтаған, Қара жаяу қалар.
  99. Кәрі боз қартайғанда жорға шығар.
  100. Кәрі ит шоқиып отырмаса, үре алмайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ