Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жан-жануарлар туралы мақал-мәтелдер

«Жан-жануарлар» тақырыбындағы 539 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Кәрі қойдың басы піскенше, Тоқты қойдың басының Арса-арсасы шығады.
  2. Кәрі қойдың жасындай жасым қалды.
  3. Кәрі түйе ойнақтаса Жұт болар.
  4. Кәрі түйе тапырақтаса, боран болар.
  5. Кедеймін десең Көшіп көр.
  6. Келеге түспес бура, Керенау тартады. Үйірге түспес айғыр, Саяққа тартады.
  7. Кемпір шалдың тілін біледі, Шал малдың тілін біледі.
  8. Кендірмен байлама, Жыңғылмен айдама, Кендірмен байласаң, Жыңғылмен айдасаң, Мал бітер деп ойлама.
  9. Кенже туған қозыны Қошқар қоймайды.
  10. Кереге басы – кержусан, Жесе малға жұғымды.
  11. Керқұланның қадірін ойда, қырда қақ білер.
  12. Кері кеткен сиыр Кенже бұзаулайды.
  13. Кетпенім сай, шотым сай, Қазсам суға жетемін. Отаным сай, атым сай, Көшсем нуға жетемін.
  14. Көбең мініс көтермес.
  15. Көбік қарда түлкі ойнар, Көк көрпеде жылқы ойнар.
  16. Көбік қарда түлкі ойнар, Көк шалғында жылқы ойнар.
  17. Көлдің көркі – құрақ, Жігіттің көркі – пырақ.
  18. Көліне қарай – қазы, Қысына қарай – жазы.
  19. Көнектен шошыған бие оңбас. Төсектен шошыған ер оңбас.
  20. Көңілсіздің көлігі шаппас.
  21. Көңілі түссе – бие, Көңілі түспесе – түйе.
  22. Көп келіссе, Кірекеш түйесін сояр.
  23. Көп ұстаған қамшыға Қол үйреніп қалады. Көп мал баққан малшыға Мал үйреніп қалады.
  24. Көш-қоныңды білмейді, Қоңы семіз түйелі.
  25. Көшерімді жел білсін, Қонарымды сай білсін.
  26. Көшпелі елге түйе қол, Жылқылы елге бие қол.
  27. Күзде көлік жүгіреді.
  28. Күйеудің атымен күл тасы, Жезденің атымен жер айда.
  29. Күлге аунаған тауықтай.
  30. Күн батса, Қойға соқпақ табылар.
  31. Күндіз қойын күтерсің, Кешке жүнін түтерсің.
  32. Күркіреген бураны келеде көр, Азынаған айғырды үйірде көр.
  33. Күшік еріксе, Құйрығымен ойнайды. Есек еріксе, Қодығымен ойнайды.
  34. Күшік өсіп, ит болады. Сірке өсіп, бит болады.
  35. Кірекештің түйесі Жүгіменен жайылар.
  36. Кісі берген Кісіге ырыс болмас.
  37. Қағынан жеріген құлан Қаңғырып жүріп шөлден өлер.
  38. Қазанат қамшы салдырмайды.
  39. Қазаннан қара нәрсе жоқ, Ассаң қарын тойдырар.
  40. Қақты жердің қадірін құлан білер, Орман-тоғай қадірін бұлан білер.
  41. Қамшы – қанат, Құйысқан – қуат.
  42. Қанден иттің қартайғаны білінбес.
  43. Қара құрт жеген қой семіреді, Қан соқта жеген ит семіреді. Пара жеген би семіреді.
  44. Қара құс басып жейді, Сұңқар шашып жейді.
  45. Қара тұяқ қарында жатпас.
  46. Қарақұрт жесе Қой семіреді.
  47. Қарға қарғаның көзін шоқымас.
  48. Қарға қарғаның көзін шұқымас.
  49. Қарға қарқылдаса, қысты шақырады, Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.
  50. Қарға сұңқар болмас, Есек тұлпар болмас.
  51. Қардан аппақ нәрсе жоқ, Ұстасаң қолды тоңдырар.
  52. Қарлығаш – көктем жаршысы.
  53. Қарны кіші, аузы әйдік Ит семірсе, құтырар.
  54. Қаршығалыға қоян кездеспейді, Жарақтыға жау жолықпайды.
  55. Қас татының жаманы. Қаракеш болар сипаңдап. Қалбағайы түйені, Жүк көтермес қалтаңдап. Аруанадан туған нар, Жүк көтерер талтаңдап.
  56. Қасқыр байлағанға көнбес, Шошқа айдағанға көнбес.
  57. Қасқыр жүйрік – жылыс жоқ. Түлкі жүйрік – дыбыс жоқ, Қоян жүйрік – тыныс жоқ.
  58. Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді.
  59. Қасқыр тойғанына емес, қырғанына мәз.
  60. Қасқырдың ойлағаны – арамдық, Қойдың ойлағаны – амандық.
  61. Қатпа болған түйеге, Ойсылқара не қылсын? Қотыр болған қойға, Шопан ата не қылсын?
  62. Қатты қыстан мал қалса – олжа, Қатты аурудан жан қалса – олжа.
  63. Қашаған ат қасқырға тап болады. Ұрыншақ ат ұрыға тап болады.
  64. Қашарында қашарсың, Бұзауларда сасарсың.
  65. Қой – байлық, Жылқы – сәндік.
  66. Қой асығы демегін, Қолыңа жақсы сақа қыл.
  67. Қой егіз тапса, Шөптің басы айыр туады.
  68. Қой егіз туады: Бірі қонаққа сойылады, Бірі қошқар қойылады.
  69. Қой жайын көздесең Құмға көш. Сиыр жайын көздесең, Сырға көш.
  70. Қой көкпарға жарамас.
  71. Қой қозысын іздейді, Шаруа қонысын іздейді.
  72. Қой қорасына тартады, Жігіт жорасына тартады.
  73. Қой мен түйе – байлыққа, жылқы – сәндікке.
  74. Қой өлсе, қозы қалады, Келер жылы өзі болады.
  75. Қой семірсе құт, Ешкі семірсе жұт.
  76. Қой сүті – қорғасын.
  77. Қой төлемі – қозы.
  78. Қой төлімен жарасты, Жапырақ гүлімен жарасты.
  79. Қойға қасқыр шапса, ит семірер.
  80. Қойдай қоңыр, Қозыдай момын.
  81. Қойдан қойдың несі артық, Қол басындай еті артық. Ерден ердің несі артық, Ойлап айтқан сөзі артық.
  82. Қойды күз құмға айда, Жаз шымға айда.
  83. Қойды қорадан сатпа, Аңды буазында атпа!
  84. Қойды қосақтау қиын, Ағыту оңай. Қалақты жасақтау қиын, Тарқату оңай.
  85. Қойдың басы сыйған жерге, Денесі де сыяды.
  86. Қойдың басын құмға көм, Сиырдың басын нуға көм, Түйенің басын сорға көм.
  87. Қойдың сүті – қорғасын.
  88. Қойлы бай – қорлы бай, Сиырлы бай – сары май.
  89. Қойшы қошқарын мақтайды, Тентек шоқпарын мақтайды.
  90. Қойшыны таяғы асырайды, Қасқырды аяғы асырайды.
  91. Қойшының – таяғынан, Келінің – аяғынан.
  92. Қойшының қызы Қой келгенде таранады.
  93. Қойшың малсақ болса, Малдандым де. Қойшың жаңсақ болса, Алдандым де.
  94. Қойы көбейсе, Қойшы таяғының құтты болғаны. Қозы көбейсе, Қойының сүтті болғаны.
  95. Қойы көптің – тойы көп.
  96. Қойым тоқ қорамда, Қайғым жоқ боранда.
  97. Қойың болса, Қора табылар. Көңілің болса, Жора табылар.
  98. Қойың саны мыңға жетсе, Керегенің басынан бас кетпейді.
  99. Қойыңды жаз бақ, күз бақ, Сонан соң құй бақ, құй бақпа.
  100. Қолда өскен түйенің Тайлақ аты қалмайды. Кеш үйленген жігіттің Бойдақ аты қалмайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ