Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (8-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Қызға қырық жерден тыйым, Қырық үйден қарауыл.
  2. Қызға қырық үйден, қала берсе, қырық күңнен тыйым.
  3. Қыздан туған қияқсыз.
  4. Қыздар, сәулем, толғанда жүріс түзер, Жүріс түзеп жігітке көзін сүзер.
  5. Қызды асырай алмаған күң етер, Ұлды асырай алмаған құл етер.
  6. Қызды ауыл көңілді.
  7. Қызды ауылдың иті жатпас.
  8. Қыздың жолы жіңішке.
  9. Қыздың қызылы қашса, Жігіттің қызығы басылады.
  10. Қыздың қырық жаны бар.
  11. Қыздың тамағы қылдай.
  12. Қызмет қыл да, міндет қыл.
  13. Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.
  14. Қызы бар үйдің келіншегі сүйкімді. Қыздың сырын жеңгесі біледі.
  15. Қызық қой жас шағыңда ойын, күлкі, Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі.
  16. Қызыл ет кетер, Қызарған бет қалар.
  17. Қызым үйде, қылығы түзде.
  18. Қызым, саған айтамын, келінім, сен тында.
  19. Қызымның құлағына алтын сырға.
  20. Қызыңды жеріне бер, Жер ыңғайы келмесе, еріне бер.
  21. Қылымсыған қатын қызыл көйлек киеді.
  22. Қымсыну – ұят белгісі.
  23. Қырандарын қинаған, Даласын да сыйламас. Ұландарын қинаған, Данасын да сыйламас.
  24. Қырық жеті – қыздың құны.
  25. Қырын алған қырқында шал.
  26. Қыс қыс сияқты болсын, Қыз қыз сияқты болсын.
  27. Қысыла-қысыла қыз болдым.
  28. Лақтырылса – Сорлының басына, Ақсақтың аяғына тиеді.
  29. Ластың досы – шыбын.
  30. Май пілікті көмсе, шам сөнеді.
  31. Мал баққа өспейді, бапқа өседі.
  32. Мал жан үшін керек, Жан ар үшін керек.
  33. Мал жетім күтімменен бағылмаса.
  34. Мал иесіне тартады.
  35. Мәртебең биік болса, Алыстан көреді. Жақының да, жатың да, Иіліп сәлем береді.
  36. Мейманның алдында мысығыңа «Пыш!» деме.
  37. Мейірбандылық – кісілік үлгісі.
  38. Мейірім барда мұңдық жоқ.
  39. Мейірімділік – жүректен, Мейірімсіздік – білектен.
  40. Мейірімділікті анадан үйрен, Әділдікті данадан үйрен.
  41. Менмендік туған анаға да жақпас.
  42. Мұңдасқан көңілде кір қалмас.
  43. Мұрын болмаса, екі көз бірін-бірі шұқыр еді.
  44. Мұсылманшылық әсте-әсте, Кәпір болу бір пәсте.
  45. Мылқаудың тілін анасы біледі.
  46. Мылтық атқанның бәрі Мерген емес.
  47. Мың мәртебе тыңдап, бір-ақ айт, Ісің бітсе, үйіңе қайт.
  48. Мінез көркі – игілік.
  49. Міселі абырой сақтайды, Місесіз аруақ аттайды.
  50. Нағашысы жаманның жиені оңбас.
  51. Нар – түйеден, тұлпар – биеден.
  52. Нар баласын қарпып сүйер.
  53. Нар маяға бота жарасады, Мейірімді жан-жағына қарасады.
  54. Нас басқанды бит басады.
  55. Нау жүрген жерде дау жүреді.
  56. Нәзіктік талға жарасымды, Қаттылық қайыңға жарасымды.
  57. О, Құдайым, бала бер, Бала берсең, сана бер. Сана бермеген балаңды, Қайтып өзің ала бер.
  58. Озған – мұрат. Қалған – ұят.
  59. Ойлай берсең дана боларсың, Ойнай берсең бала боларсың.
  60. Ойлының алдында көкірек керме, Жазасына ұшырайсың; Қайғылының алдында қарқылдап күлме, Назасына ұшырайсың.
  61. Ойнақтаған бота от басады.
  62. Ойының бекімі жоқ қыз қырық құбылады.
  63. Олақ жаман, олақтан салақ жаман.
  64. Олақ қатын оймақшыл, Салақ қатын сауықшыл.
  65. Олақ қатын ұл туса, Не шүмегі жоқ, не түбегі жоқ.
  66. Он үште ұл ұлан, Он бесте қыз ұлан.
  67. Оң қолың ұрыс бастаса, Сол қолың арашашы болсын.
  68. Оңай олжа тұрмас қолда.
  69. Оңар бала топқа үйір, Оңбас бала жоққа үйір.
  70. Опаға барған ағарар, Жосаға барған қызарар.
  71. Оразада көшкен ермек.
  72. Ораздының баласы, Он бесінде баспын дейді. Шеразының баласы, Жиырма бесінде жаспын дейді.
  73. Оспадар орға жығар.
  74. Отыз ұлың болса да, орны бөлек, Қырық қызың болса да, қылығымен.
  75. Отың жанбаса – қорлық, Құсың алмаса – қорлық.
  76. Отырамын деп еріншек өлер, Жаманға жақсылық қыламын деп көңілшек өлер.
  77. Отырған адам үйге кіргенге орын берер.
  78. Отырған қыз орын табар.
  79. Өз ағасын ағалаған – Қолда барды бағалаған.
  80. Өз ағасын ағалай алмаған, Кісі ағасын жағалай алмас.
  81. Өз айыбыңды өзгеден көрме, Кісі айыбын көздеме.
  82. Өз анасын зор тұтқан, Кісі анасын қор тұтпас.
  83. Өз басына іс түспеген, Өзгенің қайғысын білмейді.
  84. Өз үйінде ою оймаған Кісі үйінде сызу сызады.
  85. Өзек қуа ағады, Өзен судың саласы. Алыстан сәлем береді, Әдепті елдің баласы.
  86. Өзі болған қыз төркінін танымас.
  87. Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар, Өзгенікі дегенде, анау-мынау ісім бар.
  88. Өзін ғана ойлаған – Жамандықтың белгісі, Өзгені де ойлаған – Адамдықтың белгісі.
  89. Өзінің қисықтығын білмеген Өзгенің түзулігін білмейді.
  90. Өзінің шарқын білген, Өзгенің нарқын біледі.
  91. Өзіңді ер білсең, өзгені шер біл.
  92. Өзіңді зор тұтпа, Өзгені қор тұтпа.
  93. Өзіңді өзің сыйламасаң, Өзгеден сый күтпе.
  94. Өзіңе өзің берік бол, Қоңсыңды ұры тұтпа.
  95. Өмір өтер, жас өсер.
  96. Өнегелі қарт жоқ жерде Өнерлі жас та жоқ.
  97. Өнегенің өрісі кең.
  98. Өнерлі баланың он саусағы тең, Өнерсіз баланың бір саусағы кем.
  99. Өңкей тентек ел болмас.
  100. Өрісі жақсы мал оңалар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ