Тәрбие туралы мақал-мәтелдер
«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (10-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Тең құрбыңнан кем болсаң, Көрінгенге жем боларсың.
- Тең құрбыңнан кем болсаң, Көрінгенге жем боласың.
- Тойға барсаң, тойып бар, Жамандығыңды қойып бар.
- Тойған қозы момақан.
- Тойда тоқал тыйылады.
- Тоқытпасаң оқытпа.
- Тонының жылылығын иесі біледі. Көсеуі қысқаның қолы күйеді.
- Топырағын таппаған дән өнбейді.
- Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғайды, Бұршақ жауса, басын қорғайды.
- Туғанына мекіренбеген ана – безбүйрек, Тумысында уызға жарымаған төл – қатпа.
- Тұзды көп сақтама, су болады. Қызды көп сақтама, күң болады.
- Тұқымы келіспей, түсімі келіспейді.
- Тұлпар тулақ болар, Орта түссе аясы.
- Тұңғышыңды дұрыс үйретсең, Соңғылары өздері үйренеді.
- Тұщы тәнге ащы таяқ.
- Түйе екеш түйе де, Өз ботасының өркешті болғанын қалайды.
- Түйе қотыр болса, Ботасын былғайды, Ботасы келесін былғайды.
- Түйе мінген тайлақ мінгенге күлмейді.
- Түйеден нар туады моншақ өркеш.
- Түйем жалғыз деп тұзға үйретпе, Ұлым жалғыз деп асқа үйретпе.
- Түйені тұзға айда.
- Түйенің не де болса, түйе аты бар, Сондықтан ботаның ұяты бар.
- Түйір нан – тамшы тер.
- Түлен түртпесе, Түнде келін төсектен тұрмайды.
- Түлік төлден өседі.
- Тынымсыз елдің баласы – дуана.
- Тігілмеген етігіңді мақтама, Орылмаған тарыңды ақтама.
- Тікен өскен жерге тікенек шығады, Гүл өскен жерге гүл шығады.
- Тісі шыққан балаға, Шайнап берген ас болмас.
- Ұйқышыл жастық таңдамайды.
- Ұқпасқа айтпа, Толмасқа құйма, Тоймасқа берме.
- Ұқыптының тоны тозбас, Ұқыпсыздың ісі оңбас.
- Ұл жақсысы құрметті, Келін жақсысы келбетті.
- Ұл кетті жайына, қыз кетті байына.
- Ұл туғанмен ұятын бірге тумайды, Қыз туғанмен қылығын бірге тумайды.
- Ұлға – түтін, қызға – күтім.
- Ұлға отыз үйден тыйым, Қызға қырық үйден тыйым.
- Ұлға отыз үйден тыю, Қызға қырық үйден тыю.
- Ұлдың ұяты әкеге, Қыздың ұяты шешеге.
- Ұлы жол үйдің табалдырығынан басталады.
- Ұлыдан – өсиет, Жақсыдан – қасиет.
- Ұлыдан – ұлағат, Жақсыдан – шапағат.
- Ұлық болсаң, кішік бол.
- Ұлының кімнен туғанын анасы білер.
- Ұлың көңілшек болса – атының соры, Қызың көңілшек болса – басының соры.
- Ұлың өссе, Ұлы үлгілімен ауылдас бол. Қызың өссе, Қызы үлгілімен ауылдас бол.
- Ұлың өссе, Ұяттымен ауылдас бол, Қызың өссе, Қылықтымен ауылдас бол.
- Ұлың тентек болса да, зор болсын.
- Ұлыңа ұлтарақ бол, Келініңе көпшік бол.
- Ұлыңның санасы болса, Елдің ағасы болар.
- Ұрыдан жалмауыз туады, Жалмауыздан қанды ауыз туады.
- Ұрыншақ болса ұлың кер, Керіскек болса келінің кер.
- Ұрыншақтың дауы көп.
- Ұрыспас ұл болмайды, Керіспес келін болмайды.
- Ұста қатынымен, Темір қызғанша ұрыса алады.
- Ұя баспайтын құс оңаша ұшар.
- Ұялған сыбағасынан құр қалар.
- Ұялған тек тұрмайды.
- Ұялған тек тұрмас.
- Ұялмаған бұйырмағанды ішер.
- Ұялмаған ұялтады.
- Ұят – иманның қабы.
- Ұят бар жерде иман бар.
- Ұят деген – тайпа ел.
- Ұят жүрген жерде Абырой төгілмейді. Абырой бар жерде Ар шапаны сөгілмейді.
- Ұят иманда.
- Ұят кімде болса, иман сонда.
- Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.
- Ұятын шүберекке түйген.
- Үй менікі демеңіз, Үй сыртында кісі бар.
- Үй іші толған жансың, Бір-біріңе мейман жансың.
- Үйге кіргенде дыбыс қыл, Ентелемей дұрыс кір.
- Үйде оңбаған түзде оңбас.
- Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмас.
- Үйдің жақсы болмағы ағашынан, Ердің жақсы болмағы нағашыдан.
- Үйленгенше өз ұлың, Үйленген соң кісі ұлы.
- Үйлену оңай, үй болу қиын.
- Үйінде озған – түбінде озған.
- Үйің үй-ақ екен, Ішінде ойнайтын бала болса.
- Үлкен бастар, кіші қоштар.
- Үлкен иманды болса, Кіші ибалы болады.
- Үлкен қазанда қайнағанның шикісі жоқ.
- Үлкен үйге не керек, Кіші үйге де сол керек.
- Үлкенге – ізет, кішіге – ақыл.
- Үлкенге жол бер, өзің де қартаясың.
- Үлкенді сыйлау – кісілік.
- Үлкенді шақыр – асыңа келсін, Үлкенге күл – басыңа келсін.
- Үлкеннің ауырлығы кішіге түседі.
- Үлкеннің жолын кеспе, Көрінбей қаласың. Кішінің жолын кеспе, Көмусіз қаласың.
- Үлкеннің мың қуанғанынан Баланың бір қуанғаны артық.
- Үлкеннің онына бергенше, Баланың біріне бер.
- Үміттің оты сөнбейді.
- Үндемеген Үйдей бәледен құтылады.
- «Үһ!» десең ұшып кетеді, Өпсең ұмытып кетеді.
- Халыққа түзелмеген, Қалыпқа да түзелмейді.
- Ханда қадір болмаса, Қарада ұят болмайды.
- Ханның қызы шөміш ұстаса, Қолын құс басады.
- Шай ішіп үйренген, Қымыз сұрап қыстамайды.
- Шаққан өлтірер, Мақтаған жеткізер.
- Шақырған жерден қалма, Шақырмаған жерге барма.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ