Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (7-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Кіші баланың ұятын Үлкен бала көтереді.
  2. Кіші қатын – кісі қатыны.
  3. Кішіпейіл болғанмен, Кішірейіп кетпейсің. Өр көкірек болғанмен, Ұлылыққа жетпейсің.
  4. Кішіпейілділік – кісі көркі.
  5. Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.
  6. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.
  7. Кішіпейілдің кеудесі ашық.
  8. Қабағы жаманның Сабағы жаман.
  9. Қажу қартқа да ұят.
  10. Қазанға түссе – ауыздікі, Қапқа түссе – қатындікі.
  11. Қазаннан қақпақ кетсе, Иттен ұят кетеді.
  12. Қайныма да барайын, Тайлағыма да бас үйретейін.
  13. Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
  14. Қайтып кірер есікті Қатты серппе.
  15. Қалған көңіл – қатқан мұз.
  16. Қам қаймақ құстырмай қоймайды.
  17. Қанағат қарын тойғызады, Қанағатсыздық жігіттің Жалғыз атын сойғызады.
  18. Қанаттыға қақтырма, Тұмсықтыға шоқытпа.
  19. Қанша білгіш десе де, Халық сүймес арсызды.
  20. Қар қылаумен өседі, Бала сылаумен өседі.
  21. Қарабет жазылмайды, Жара бет жазылады.
  22. Қарағайға қарай тал өсер, Қатарына қарай бала өсер.
  23. Қарағайға қарап тал өсер, Құрбысына қарап бала өсер.
  24. Қараша үйден ханша шығар.
  25. Қарға баласын «аппағым» дер, Кірпі баласын «жұмсағым» дер.
  26. Қарғыстың ең ауыры – «Нан ұрсын».
  27. Қартайған ит шүкісін шығарып өледі.
  28. Қартайғанда «Етегіңді жап!» деген не сұмдық.
  29. Қарттың айтқанын істе, Жастың тапқанын тісте.
  30. Қарты бардың хаты бар, Қызы бардың назы бар.
  31. Қарыстан сүйем жуық.
  32. Қас жақсының белгісі – Өз үйінде өзі құл. Қас жаманның белгісі – Өз үйінде өзі сый.
  33. Қасқа айғырдың баласы Қасқа тумаса да, төбел туар.
  34. Қасқадан ала аяқ туады, Қотырдан – қыршаңқы.
  35. Қасқадан төбел туады, Қотырдан қыршаңқы туады.
  36. Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.
  37. Қаталдық қартайтады, Күлкі көркейтеді.
  38. Қателескеннен қатесін түземеген жаман.
  39. Қатын – ала қаптың қатыны, Ала қаптан ас кетсе, Әлдекімнің қатыны.
  40. Қатын алсаң қаңлыдан ал, Қаңлы бар жерде кәде бар.
  41. Қатын ашуланса қатты айтар, Бала ашуланса бетін қайтар.
  42. Қатын бастаған көш оңбас.
  43. Қатын көп болса Шөмішті ит жалайды.
  44. Қатын қалса, бай табар, Бала қалса, мал табар.
  45. Қатынның шайпау болғаны – болмағаны, Келіннің шайпау болғаны – оңбағаны.
  46. Қашағанның қырсығы жусағанға тиеді.
  47. Қашып кетсең, шашып кет.
  48. Қисық ағаштың бұтағы да қисық.
  49. Қисық қабырғадан қыңыр адам қиын.
  50. Қиял қыр асырады.
  51. Қож басқанша қоз бас.
  52. Қозы көкпарға жарамас.
  53. Қой жүрген жер – береке, Қыз жүрген жер – мереке.
  54. Қой толғағыңды берме, Оң толғағыңды бер.
  55. Қойдан қалған қозы қасқырға тап болады.
  56. Қойшының қызы қой келгенде жүн түтеді.
  57. Қолағашың мықты болса, Киіз қазық жерге кірер.
  58. Қолаңсалы қошқарға тоқты күйлейді.
  59. Қолда өскен бұзау бұқа болмас.
  60. Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмайды.
  61. Қолмен істегенді Мойынымен көтереді.
  62. Қолы ұста адамның Қойнында алтын бар.
  63. Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр.
  64. Қонағын сыйламаған Не баласын ұрар, Не үйін сыпырар.
  65. Қонақ алдымен қабағыңа қарайды, Содан кейін табағыңа қарайды.
  66. Қонақ отырса куә, тұрса куә.
  67. Қораң оңды болса, қойың қоңды болады.
  68. Қорықпас келін қой басынан қорқады.
  69. Қошқар болар тоқтының, Тұмсық жағы дөң келер. Адам болар баланың, Маңдай алды кең келер.
  70. Қураған ағаш иілмейді, Қураған шыбық егілмейді.
  71. Құлынында кісінемеген ат болар, Атасын көрмеген ұл жат болар.
  72. Құлыптың қожасы – кілт.
  73. Құнажын деп кемітпе, Ертең-ақ атан болады.
  74. Құнтсыз кісі көсеумен қамшылар.
  75. Құрдас тапқан құл азбас, Жолдас тапқан ұл азбас.
  76. Құрмет етсең – құрмет көресің.
  77. Құрмет етсең, Құрмет көрерсің.
  78. Құрық тимес құлын жоқ, Қырықтық тимес қозы жоқ.
  79. Құтырған ит иесін қабады, Құтырған торғай бүркітке шабады.
  80. Құтырғаннан Құтылғанның өзі олжа.
  81. Қыдырма, қыдырмаға сыдырма.
  82. Қыдырмашыл шешенің қызы бастаңғышыл.
  83. Қыз – ауылдың көркі, Құндыз болса, бөркі.
  84. Қыз – әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.
  85. Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
  86. Қыз бала өкпешіл болса, Қалың малы көп болар.
  87. Қыз бала өріс.
  88. Қыз жоқ жерде қызық жоқ.
  89. Қыз келіннен ғибрат алсын, Ұл елінен ғибрат алсын.
  90. Қыз күнінде бәрі жақсы, Жаман қатын қайдан шығады?
  91. Қыз қылығымен жағады.
  92. Қыз қылығынан.
  93. Қыз өспес пе, көкіректі теспес пе?!
  94. Қыз өссе – үйге жұт, Ұл өссе – үйге құт.
  95. Қыз тілеуі – Қыдыр тілеуі.
  96. Қыз-мұңлық.
  97. Қыз: «Қуыршақ», – дейді, Ұл: «Құлыншақ», – дейді.
  98. Қызға бергенді Қыдыр өтер.
  99. Қызға бергісіз қатын бар.
  100. Қызға қараған күн – айсыз қараңғы түн.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ