Тәрбие туралы мақал-мәтелдер
«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (6-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Иманмен қаптап қойғандай.
- Инабат – ер азығы, Инабатты ер – ел қазығы.
- Инабатты болса – әйел көрікті, Сақал жарасса – шал көрікті.
- Инабатты болса – әйел, Өнегелі болса бала көрікті.
- Ит арамды, Тентек Құдайды танымайды.
- Ит атасын танымас.
- Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.
- Ит күшігін ырылдап сүйеді.
- Ит не жесе, соны құсады.
- Итті күшігінде үйрет.
- Иттің атасы жоқ.
- Ишанға қол бермеген, Шайтанға жол береді.
- Кәрі де бір, бала да бір.
- Кәрі келсе – асқа, Жігіт келсе – іске.
- Кәрі кісі де бір, Кәріп кісі де бір.
- Кәрі қыз бала тапса, Қоярға жер таппайды.
- Кәрі қыздың ұяты босаға аттағанша.
- Кәріге – құрмет, жасқа – ізет.
- Кәріге құрмет – балаға міндет.
- Кебекті үрме, көзіңе түсер.
- «Кел» демек – парыз, «Кет» демек – намыс.
- Келгенше қонақ ұялар, Келген соң үй иесі ұялар.
- Келін – келсап, бала – балшық.
- Келін бой жасырады, Дауысын таудан асырады.
- Келін, келін, келін бақ, Келмей жатып сөзін бақ.
- Келінге өкпе тисе, көңілі көкке жетеді.
- Келінді қайын ененің топырағынан жаратады.
- Келіннің аяғынан, Қойшының таяғынан.
- Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.
- Келіннің сөзі кетпендей, Баланың сөзі батпандай.
- Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.
- Келінім, саған айтам, Қызым, сен тыңда.
- Келінің жаман болса, ұлыңнан көр, Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
- Кемел жігіт кешірімді.
- Кемеңгерден кеңес шығар, Кер кеткеннен кейіс шығар.
- Керенау жігітке Кесепет жолдас кез болар.
- Кері кеткеннің келіні ұрлық қылады.
- Киген тоның ескірер, Кидіргенің ескірмес.
- Көз бен қол – көңілдің жалшысы.
- Көз көрмей, көңіл сенбейді.
- Көзді ұялу үшін берген.
- Көн қатса, қалпына барады. Көпке түскен іс анығына барады.
- Көңіл де өледі.
- Көңіл кірі айтса кетеді, Киім кірі жуса кетеді.
- Көңіл кірі айтса кетер, Көйлек кірі жуса кетер.
- Көңіл қалдырма, ықыласына ұшырайсың.
- Көңіл табу – көргенділік.
- Көңілден қайыр, Көзден мейір.
- Көңілдің жықпас, көйлек жыртпас.
- Көңілсізден көзсіз бала туады.
- Көңілсізден күлкі шықпас.
- Көңілі алаңның ісі шала.
- Көңілі жаманнан көзсіз бала туады.
- Көңілің қалған жерден көш жер қаш.
- Көп алғыс көгертер.
- Көп беріп, көргендіден қыз алсаң, Тік тұрып, мейманыңа қызмет етер. Аз беріп, көргенсізден қыз алсаң, Байының қойнына бір жатқанын міндет етер.
- Көп қараған табады, Көп үрлеген жағады.
- Көп қарттың ішінде, Бір бала болса, дана болады. Көп баланың ішінде, Бір қарт болса, бала болады.
- Көп ойласаң дана боласың, Көп ойнасаң бала боласың.
- Көп ортасында кәрің болсын.
- Көпті сөкпе, асты төкпе.
- Көпті сыйлағаның – өзіңді сыйлағаның.
- Көрген асты көргенсіз қызғанады.
- Көрген көргенін істейді, Көсеу түрткенін істейді.
- Көргенді күштеген жеңер.
- Көргенді кісі көргенін айтар, Көргенсіз кісі бергенін айтар.
- Көргенсіз дегенге қорланба, Тексіз дегенге қорлан.
- Көргенсіз десе кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп.
- Көргенсізден көрдемше бала туады.
- Көргені бар көргенін істейді, Көргені жоқ ойына келгенін істейді.
- Көргені жаман көпті алдар.
- Көргені жоқ қылығынан жазады, Ниеті жаман пиғылынан жазады.
- Көре тұра айтпасаң, көргенсіз дер, Біле тұра айтпасаң, жетесіз дер.
- Көрене зорлық – басқа қорлық.
- Көрші де көршіден тәлім алады.
- Көрік үйленгенше, Ақыл өле-өлгенше.
- Көріп білген көріктіден Көрмей білген текті артық.
- Көш басшысы – бәйбіше.
- Көшуден бұрын, Керуен басыңды сайла. Қарыз алудан бұрын, Береріңді ойла.
- Күзгі күннің көзіне қызыңды қой, Көктемнің күніне келініңді қой.
- Күйеу күл астында.
- Күйлі малдан күйкі төл тумайды.
- Күндестік шырық бұзады.
- Күнсіз гүл өспес, Күтімсіз ұл өспес.
- Күңге күле қарасаң, Көйлегіне жамау сұрайды.
- Күңге қамқа тон жапсаң да ханым болмас.
- Күңнің қызы еркелесе, Аспандағы жұлдызды әпер дер. Құлдың ұлы еркелесе, Ханның қызын әпер дер.
- Күңнің өз күңкілін, Өзіне қимайсың ба?!
- Күш білекте емес, жүректе.
- Күшігінде таланған ит оңбас.
- Күшіңе қарай жүк көтер, Мінезіңе қарай дос таңда.
- Кісі айыбын ашқаннан жапқан кісілік.
- Кісі аты тершең, Кісі киімі кіршең.
- Кісі болар баланың, Кісесінен белгілі.
- Кісі болар баланың, Кісіменен ісі бар. Кісі болмас баланың, Кісіменен несі бар?
- Кісі қылығымен танылар.
- Кісілікті кісі табиғатқа тартып туады.
- Кісінеген айғырдың үйірін көр, Кісімсіген жігіттің үйін көр.
- Кісінің үлкені де бол, Кішінің тілін де ал.
- Кісісі қандай болса, Асы да сондай.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ