Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (9-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Өсер елдің баласы, Бірін-бірі батыр дейді. Өшер елдің баласы, Бірін-бірі қатын дейді.
  2. Өсер жастың алдын кеспе, Өсер ағаштың басын кеспе.
  3. Өспейтін бала өнбейтін дауды қуады.
  4. Өте қу болсаң, Мойныңнан асыларсың, Өте момын болсаң, Аяққа басыларсың.
  5. Өткендерін ескерген – Өскендіктің белгісі. Өткендерін ұмытқан – Өшкендіктің белгісі.
  6. Өтпес пышақ Жүйкеңді құртар, Құрғақ қасық Аузыңды жыртар.
  7. Пасық адам белгісі: Өзі бола алмайды, Болғанды көре алмайды.
  8. Пенде пейілінен табар.
  9. Пышақты өзіңе сұқ, Ауырмаса, өзгеге сұқ.
  10. Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.
  11. Сабыр түбі – сары алтын, Сарғайған жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа.
  12. Сағырдың ақысын жеме.
  13. Сақтықты соқырдан үйрен, Кішілікті түйеден үйрен.
  14. Салақ әйелге – соқыр күйеу.
  15. Салақ қатынның үйінен Сабақты ине табылмас.
  16. Салтын білмеген сауапты түсінбейді.
  17. Саны бар, сапасы жоқ.
  18. Сараңдық ауылдастан, не бауырластан жұғады.
  19. Сараңдықтың соңы – Арамдық.
  20. Сасқанда «ләппай» табылмайды.
  21. Саяқты үйреткен – таяқ.
  22. Саялы адам сағынды сындырмас.
  23. Сәлем де парыз, өлік те парыз.
  24. Сәті түскен түймеге – Сабақты ине.
  25. Сен салар да, мен салар, Атқа жемді кім салар?
  26. Сенің табаныңа кірген тікен Менің маңдайыма қадалсын.
  27. Сиырды жақсы көрсеткен – артындағы танасы: Әйелді жақсы көрсеткен – бауырындағы баласы.
  28. Сиырдың сүті тілінде.
  29. Сойқанды әкеден сотқар ұл туады.
  30. Соқырдың қожасы құлағы, Ақсақтың аяғы – таяғы.
  31. Сол көзің оң көзіңе қарауыл болсын.
  32. Сорлы жерге аңбас шөп шығады.
  33. Соры қалың әкенің – кер бағып ұлы өседі, сөз бағып қызы өседі.
  34. Сұраған алады, Іздеген табады.
  35. Сүтке тойғыз мырсынды, Соқыры болар мыршымды.
  36. Сүтпен кірген мінез сүйекпен кетеді.
  37. Сыйлағанды сыйла, Илегенді иле.
  38. Сыйлағанды сыйла, иілмегенді иле.
  39. Сыйласаң ата-анаңды, Кешірер сенің қатеңді.
  40. Сыйласқанның итіне кет дегенің, Өзіне кет дегенің.
  41. Сыйлассаң – сыйлы боласың.
  42. Сыйластық екі жаққа бірдей.
  43. Сыпайы сырттан мақтар.
  44. Сыпайы сырын жасырмас, Ақырын ғана бүлк етер.
  45. Сыпайыға оқ тисе, Жамандай шуламас.
  46. Сыпайыға өлім бар да, қорлық жоқ.
  47. Сыпайыға сұлулықтан әсемдік жарасымды.
  48. Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.
  49. Сыпайының алдында сүйек жатсын.
  50. Сыпырғың жаман болса, Шаңға өкпелеме.
  51. Сыртың сыйлы болғанша, Ішің майлы болсын.
  52. «Сіз, біз» деген жылы сөз, Тірліктің ғанибеті.
  53. Табақ асымен жарасты, Кәрі жасымен жарасты.
  54. Таза сабаның қымызын іш, Мейірман ананың қызын ал.
  55. Тазалық – иманның жартысы.
  56. Тай ат болса, ат тынар, Ұл ер болса, ата тынар.
  57. Тай атқа, ат мұратқа жеткізер.
  58. Тай мінген балаға жарасар.
  59. Тай тулап үйірінен шықпас.
  60. Тайдың мінгені білінбес, Баланың істегені білінбес.
  61. Тайлаққа артқан теңдей.
  62. Тайып жығылған, Таянып тұрады.
  63. Тал шағында бүкпесең, Таяқ шағында иілмес.
  64. Талабы жоқ жас ұлың Жалыны жоқ шоқпен тең.
  65. Танымас танымасын сыйламас.
  66. Тапқан ана емес, баққан ана.
  67. Тар жерде табысқан Кең жерде көріседі.
  68. Тар киім тез тозады.
  69. Тарпаңға – кісен, қашағанға шідер.
  70. Тасада тұрып тас атпа.
  71. Тастақ жерде от болмас, Қышыма тазда ұят болмас.
  72. Тауда туған құлынның Екі көзі таста, Ашаршылықта туған баланың Екі көзі аста.
  73. Тауына қарай тоғайы, Шошқасына қарай торайы.
  74. Таяқ тайға жеткізер, Тай құнанға жеткізер.
  75. Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын.
  76. Тәні сұлу сұлу емес, жаны сұлу – сұлу.
  77. Тәнім – жаным садағасы, Жаным – арым садағасы.
  78. Тәнің таза болғанша, Жаның таза болсын.
  79. Тәрбие – тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің құлы.
  80. Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.
  81. Тәрбиелі кісі – Қант қосқан жармадай, Тәрбиесіз кісі – Шаң боратқан арбадай.
  82. Тәрбиені тай-өгізге жеккен.
  83. Тәуекелдің түбі – игі.
  84. Тәуіптің жақсысы, Ауруға ауру қоспағаны.
  85. Тегі жаман тойда: Тонымды бер! – дер.
  86. Тегінде бар тегі озар.
  87. Тез қасында қисық ағаш жатпас.
  88. Тек жүргенше тегін істе.
  89. Тек жүрсең, Тоқ жүрерсің.
  90. Тексіз адам қонағына тесіле қарайды.
  91. Тексізде жүйе болмайды, Кексізде кие болмайды.
  92. Тексізден текті тумайды, Жабыдан тұлпар шықпайды.
  93. Тентегін тыйған ел болар.
  94. Тентек – жұртқа тентек, өзіне мақұл.
  95. Тентекке күнде той.
  96. Тентекке таяқ өтпейді.
  97. Тентекке тіл жаңғырық.
  98. Тентекті тентек десең, Бөркі қазандай болады.
  99. Тентектің есіл-дерті – бұзу, Текенің есіл-дерті – сүзу.
  100. Тентектің таяғы сегіз, Бірі тимесе, бірі тиеді.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ