Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Жаманнан жақсы туса – Нұрдан пайда болғаны.
  2. Жаманнан жақсы туса да, Жақсыдан жаман туса да, Тартпай қоймас негізге.
  3. Жаманның қойнына жатқанша, Жақсының аяғына жат.
  4. Жаманның құтын қашыру – Жақсының нұрын тасыту.
  5. Жан тазарса, жүрек нұрланады.
  6. Жанбаса, отын жаман, Жаға алмаса, қатын жаман.
  7. Жаны сұлудың тәні сұлу.
  8. Жарамды киім тапсаң, жалаңашқа жап.
  9. Жарлы болсаң да, арлы бол.
  10. Жарылғанды жау алады, Бүлінгенді бөрі жейді.
  11. Жас – кәрінің көзі, Кәрі – жастың тезі.
  12. Жас арқалағаннан тас арқалаған жеңіл.
  13. Жас бала құстың көлеңкесінен де тоңады.
  14. Жас екен деп жастықты сөкпе, Бәріңнің шыққан тегің сол. Қарт екен деп қарттықты сөкпе, Бәріңнің барар жерің сол.
  15. Жас жемісті жұлма, Жас баланы ұрма.
  16. Жас жүрген жер – мереке. Қарт жүрген жер – береке.
  17. Жас кезінде шикі, Қартайғанда күйкі.
  18. Жас та болса бас.
  19. Жасауды алты жастан жинаса, асады, Жеті жастан жинаса, жетеді.
  20. Жаста берген тәрбие – Жас қайыңды игендей.
  21. Жастың жолын кеспе.
  22. Жасы кіші ініні Ақылы артса, аға тұт. Жасы үлкен ағаны Жақсы сыйлап, жаға тұт.
  23. Жасы кіші ініні Ақылы асса, аға тұт. Жасы үлкен ағаны Жақсы сыйлап, жаға тұт.
  24. Жасы кішіні ақылы асса аға тұт.
  25. Жасық пышақ өтпейді, жаныса да, Жаман «Ар ма!» демейді, таныса да.
  26. Жасында ұрыншақ – қартайғанда сүріншек.
  27. Жасыңда көндігерсің, Көндігерсің де, Жөндігерсің.
  28. Жасыңда қалжың болсаң, Өскенде мылжың боларсың.
  29. Жасыңда қылжақ болсаң, Өскенде мылжың боласың.
  30. Жат үйінде жатық бол.
  31. Жауар күн ыстық болады, Болар бала пысық болады.
  32. Жаураған үйде қалған тонын мақтайды, Адасқан жоғалтып алған жолын мақтайды.
  33. Жауынды күні ат көрме, Айтты күні қыз көрме.
  34. Жәбірленгеннің жақтасы бол.
  35. Жел жетпейтін жүйрікті, Жүзден біреу мәпелер. Мәпелесе жүйрікті, Бас жүлдені әперер.
  36. Желге желіндеген Мұзға бұзаулайды.
  37. Желікке ерген жезөкше Ер жақсысын талғамас. Жетім өскен тас бауыр Ел жақсысын талғамас.
  38. Желіні сау қосаққа жүрмейді, Құр табаққа бата жүрмейді.
  39. Жеміссіз ағаш жұтайды.
  40. Жеңіл желек Жел шақырып тұрады.
  41. Жеңілдігі қаңбақтай, Ширақтығы жаңғақтай.
  42. Жер басқанға мәз болма, Жерде ізің қалмаса.
  43. Жерге түскен жетімдікі.
  44. Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді.
  45. Жердегі – жетімдікі.
  46. Жердің үстімен барып, Астымен қайтыпты.
  47. Жетесі жаман жас бала, Жетпістегі шалмен тең.
  48. Жетесіз әйел ер қадірін білмес.
  49. Жетесіз ұл жеті атасын қаздырады.
  50. Жеткіншектен айырылған, Жер таянбай тұрмайды.
  51. Жеті атасын білмеген – жетесіз.
  52. Жеті атасын білмеген – жетімдік белгісі.
  53. Жеті атасын білмеген – мұртад.
  54. Жетім бала жасқаншақ, Жетесіз бала мақтаншақ.
  55. Жетім бала кекшіл.
  56. Жетім бала өз кіндігінен өседі.
  57. Жетім балаға жеті бидай да тамақ.
  58. Жетім жеті қырдың Астындағы жеті үйден тамақтанады.
  59. Жетім жетіге дейін таяқ жейді.
  60. Жетім көрсең, жебей жүр, Жесір көрсең, демей жүр.
  61. Жетім қозы емеген.
  62. Жетім қозы тасбауыр, түңілер де отығар.
  63. Жетім қозы түртіншек.
  64. Жетім қыздың алпыс анасы бар.
  65. Жетім қыздың жеңгесі көп.
  66. Жетім, жетім демеңіз, Жетімнің ақысын жемеңіз.
  67. Жетімге жүгінбе, жесірге кіжінбе.
  68. Жетімді желе, жесірді еле.
  69. Жетімді жылатпа.
  70. Жетімнің көңілі жарты.
  71. Жетімнің қарны жетеу.
  72. Жетімнің тапқанын ит жер.
  73. Жоқ болсаң – жасыма, Тоқ болсаң – тасыма.
  74. Жолдас болсаң қуға Басыңды салар дуға.
  75. Жомарт бергенін айтпас, Ер айтқанынан қайтпас.
  76. Жорға жүрісінен пұл болады, Жаман жүрісінен құл болады.
  77. Жөке жамылған әкеден, Туырлық жамылған бала дәметеді.
  78. Жөн білмеген ағалар: Бүлініп кетсең қуанып, Сүрініп кетсең табалар.
  79. Жуындыдан жұғынды қалады.
  80. Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жұмсақ адам жұртқа жем.
  81. Жұмыртқадан қыран да, жылан да шығады.
  82. Жұпары бар жігіттің Жанында жүр, Жұтары бар жігіттің Малында жүр.
  83. Жүйрік алысқа, Жігіт намысқа шабады.
  84. Жүректің жолы ыстық, Білектің жолы суық.
  85. Жығылғанға есек тұяғын төсейді.
  86. Жығылмай, жыламай бала өспейді, Қарамай, сыламай тал өспейді.
  87. Жығылып жатып, Сүрінгенге күлме.
  88. Жылағанды уат, жығылғанды тұрғыз.
  89. Жылы мұрынға суық қол.
  90. Жырдың жыртығы, Күйдің кетігі болмас.
  91. Жігіт алтын, қыз күміс бойдағында.
  92. Жігіт жақсы болса, нағашысын сұра.
  93. Жігіт қыз таңдайды, Қыз жігіт талғайды.
  94. Жігітті – сын шыңдайды.
  95. Жіңішкені үзу оңай, Жұқаны таптау оңай.
  96. Заман бұзыларда әуелі әйел бұзылады.
  97. Зор шортан шапса, Қармағыңды әкетеді. Зормен ұстассаң, Бармағыңды әкетеді.
  98. Игілікке – сүйгілік.
  99. Иесі баққан ит семіз.
  100. Иесіз ауруды жалғыз бақсы бағады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ