Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Есер баладан ерке бала жаман.
  2. Есерден ерке жаман.
  3. Ескі киімді баптағаның – Жаңа киімді сақтағаның.
  4. Есігі жаманның үйіне барма, Шешесі жаманның қызын алма.
  5. Есік көргенді алма, бесік көргенді ал.
  6. Есіктен орын тапсаң, төрге озба.
  7. Есінеу-есінеу бір екен, Есіл де менің қатыным.
  8. Ет жемесең ет жеме, Етегіңді жап, құдағи.
  9. Етегі жаман төрге шыға алмас, Жеңі жаман ас іше алмас.
  10. Жабайы шөп егінді аздырар, Еріншектік ерді аздырар.
  11. Жабулы қазан жабуымен қалсын.
  12. Жағымсыз қонақ жатар уақытта келер.
  13. Жаз киімін қыс киіп, Жарлы қайдан байысын.
  14. Жайлауды жайлап білмеген, Малды айдап білмейді.
  15. Жайылымы болмаса, мал азады, Қайырымы болмаса, жан азады.
  16. Жақсы – бір қатыннан туады, Жаман – әр қатыннан туады.
  17. Жақсы – желге қалқан, күнге пана.
  18. Жақсы аға – орман, Жақсы іні – қорған.
  19. Жақсы адамның жасын сұрама, Жақсы аттың тісін қарама.
  20. Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады. Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.
  21. Жақсы ашып жер, Жаман басып жер.
  22. Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.
  23. Жақсы әйел – Жігіттің жақсы қылар жаманын, Ұшқыр қылар шабанын. Жаман әйел – Жігіттің тайдырады табанын, Тар қылады заманын.
  24. Жақсы әйел өміріңді ұзартады, Жаман әйел үстіңе тұз артады.
  25. Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.
  26. Жақсы бала – сүйік, Жаман бала – күйік.
  27. Жақсы бала ойшыл, Жаман бала тойшыл.
  28. Жақсы болса, балаңды «Жанарым, – де, – көзімнің». Көрмей кетсе қараңды, «Арамым, – де, – өзімнің».
  29. Жақсы жерге жатсаң, Жақсы-жақсы түс көресің; Жаман жерге жатсаң, Жаман-жаман түс көресің.
  30. Жақсы келді дегенше, Жарық келді десеңші; Жақсылықтың уытын Алып келді десеңші.
  31. Жақсы келін – келін, Жаман келін – өлім.
  32. Жақсы келін – қызыңдай, Жақсы күйеу – ұлыңдай.
  33. Жақсы келін құрдасыңдай болар, Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
  34. Жақсы кемітпейді де, кемсітпейді де.
  35. Жақсы керісіп отырып келіседі, Жаман келісіп отырып керіседі.
  36. Жақсы көрші болсаң, мақтар, Жаман көрші болсаң, даттар.
  37. Жақсы қасиет нағашыдан жұғады.
  38. Жақсы қатын белгісі – былғары қылар теріні.
  39. Жақсы қатын жаман еркекті адам етеді.
  40. Жақсы қойшының төлі түлеп тұрады, Жаман қойшының төлі жүдеп тұрады.
  41. Жақсы қыз – жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – төбедегі жұлдыз.
  42. Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар, Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар.
  43. Жақсы мақтанса, есебін табар, Жаман мақтанса, қатынын сабар.
  44. Жақсы сынаумен жариды, Жаман сынаумен құриды.
  45. Жақсы туған жігітке, Бүкіл ел таласар.
  46. Жақсы ұл – елдің туы.
  47. Жақсыға жалынсаң, кешірер, Болатты жанысаң, өтер.
  48. Жақсыға жармас, жаманмен арбас.
  49. Жақсыға тең жоқ, Жаманға ем жоқ.
  50. Жақсыға ізет, Жаманды күзет.
  51. Жақсыда жаттық жоқ.
  52. Жақсыдан бау қалады, Жаманнан дау қалады.
  53. Жақсыдан жақсы туса – Елдің шынары. Жаманнан жақсы туса – Елдің шырағы.
  54. Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз.
  55. Жақсыдан жаман туса – Жыннан пайда болғаны.
  56. Жақсыдан жаман туса – сөкет, Жаманнан жақсы туса – ғажап.
  57. Жақсыдан жаман туса да, Тартпай қоймас тегіне.
  58. Жақсыдан жаман туса, Емі табылмас. Жаманнан жақсы туса, Теңі табылмас.
  59. Жақсыдан қашпа, жаманға баспа.
  60. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
  61. Жақсылықты басыңа қыл, Басыңнан асса, досыңа қыл.
  62. Жақсымен жолдас болсаң, Жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, Қаларсың ұятқа.
  63. Жақсымен жолдас болсаң, Несібі жұғар. Жаманмен жолдас болсаң, Кесірі жұғар.
  64. Жақсыны жолдасынан таны.
  65. Жақсыны көрмек үшін.
  66. Жақсыны мақта, Нашарды жақта; Бұққанды теппе, Жақынды сөкпе.
  67. Жақсының алдында жазыларсың, Жаманның алдында тарыларсың.
  68. Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын.
  69. Жақсының жалғасы болса игі.
  70. Жақсының жолы – жарық күн.
  71. Жақсының қолы ұзын, Жақсылықтың жолы ұзын.
  72. Жақсының туғаны – бір той, өлгені – бір той.
  73. Жақсының үйі мен түзі бірдей.
  74. Жақсының үйі түссе, күйі түседі, Жаманның үйі түссе, миы түседі.
  75. Жақсының шапағаты Тиер тар жерде. Жаманның кесапаты Тиер әр жерде.
  76. Жақтырмасаң, қойыңды бақтырма.
  77. Жалғыз бала жат бауыр.
  78. Жалқау кісі – жарым кісі.
  79. Жалқау қатынның төсегі жиылмас.
  80. Жалқаулық – жаман ауру.
  81. Жаман адамды жақынға санама, Жаман жолды жақынға санама.
  82. Жаман бала ата-анасын қинайды, Баланың жақсысы ата-анасын сыйлайды.
  83. Жаман бие тайымен ойнайды, Жаман қатын байымен ойнайды.
  84. Жаман биені жабула да, құлынын ал.
  85. Жаман болса ағамыз, Жақсыны қайдан табамыз?
  86. Жаман еш нәрсе біле алмайды, Жұмсасаң, тіл алмайды, Өзі біліп, пайдасын көре алмайды.
  87. Жаман жанындағысын жарақаттайды.
  88. Жаман жігіт жолдасын жауға алдырар, Өзін ұятқа қалдырар.
  89. Жаман жігіт той бұзар, Жаман әйел үй бұзар.
  90. Жаман киім жасты кәрідей етеді, Кәріні перідей етеді.
  91. Жаман қатын қыз болам деп қылымсиды, Жаман қыс жаз болам деп жылымсиды.
  92. Жаман қатын төсегінен белгілі, Жаман жігіт есебінен белгілі.
  93. Жаман туған жігіттер, Қара жолдан адасар.
  94. Жамандауға шебер болғанша, Мамандауға шебер бол.
  95. Жаманды айтып, жақсыны таяп қой.
  96. Жаманды ес тартқанша, Қамшымен бес тарт.
  97. Жаманды жақсы десең, Бөркі қазандай болады.
  98. Жаманды жаман дей берме, Жасып кетер. Жақсыны жақсы дей берме, Тасып кетер.
  99. Жаманды іске шақырма, асқа шақыр.
  100. Жамандықпен ісі жоқ, Шығады бір күн кісі боп.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ