Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Баласы әкесіне кереку үйретеді.
  2. Баласы жақсының қарасы жақсы.
  3. Балта сабынан озбас.
  4. Бар пәледен ұят сақтайды.
  5. Бар, барын жейді, Ұятсыз арын жейді.
  6. Бас – тымақтың үлгісі.
  7. Бас асауға жез ноқта.
  8. Басшы көп те, қосшы аз, көбінің басы таз.
  9. Басы қисайған түйе мал болмайды.
  10. Басытқыға бал ішкен, Сусынына шай ішкен.
  11. Батырды екі долы қатынның бірі туады, Би мен көсемді әйелдің ілуде біреуі туады.
  12. Бауыры жыртық жылауға келеді, Бауыры бүтін сынауға келеді.
  13. Бәлелі жерді баспа, Басыңа түссе, саспа.
  14. Бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың, Бәрің бірдей тойшы болсаң, қу боларсың.
  15. Бейбас балаға күле қарасаң, Бас киіміңді ала қашады.
  16. Бесік кертпе қыз.
  17. Бесік көрмеген ессіз болып есіктен кіреді.
  18. Бесіксіз үйде береке жоқ.
  19. Бесіктегі бала бес түлейді.
  20. Бесіктегі бала ененікі, Ат үстіндегі бала елдікі.
  21. Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың жүргенін көрген бір мұрат.
  22. Бие кіндігінен өседі.
  23. Биік төбеге шықсаң, Көзің ашылар. Жақсымен сөйлессең, Көңілің ашылар.
  24. Биікке шықсаң, көзің ашылады, Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады.
  25. Бодалақ жіпті бос қатын, Алсаң етті қос қатын.
  26. Болар бала бесікте бұлқынар, Болар құлын желіде жұлқынар.
  27. Болар елдің баласын сәнінен емес, Сәлемінен таны.
  28. Болатын жігіт епшіл, Болмайтын жігіт кекшіл.
  29. Болатын өгіз бұзауынан белгілі.
  30. Ботасы бар түйе боздамай жем жемейді.
  31. Буынсыз жерге пышақ ұрма, Қисынсыз жерге қолыңды сұқпа.
  32. Бұға берсең, сұға береді.
  33. Бұзық адам бетті келер.
  34. Бұзылған қатын бұралқы итпен тең.
  35. Бұйдалаған нар тайлақтай, Жетелеген тазы мойнақтай.
  36. Бұтақтың жақсылығы сағасынан, Баланың жақсылығы анасынан.
  37. Бүлік басы бұзықта.
  38. Білмегенді үйрет, Жерге соқа салдырып сүйрет.
  39. Бір адамға қадірің жүрмесе, Екі адамға күлкі боларсың.
  40. Бір анадан жақсы да, жаман да туады.
  41. Бір бала атаға жете туады, Бір бала атадан өте туады, Бір бала кейін қарай кете туады.
  42. Бір биеден ала да, құла да туар.
  43. Бір еткенді екі етесің, Екі еткенді үш етесің, Үш еткенді әдет етпей, не етесің?
  44. Бір кемпір бір кемпірді «апа» депті.
  45. Бір кең жеңге қарулы көп қол сияды.
  46. Бір көзім қорада, бір көзім молада; Бір көзім балада, бір көзім далада.
  47. Бір қатын сылаумен қатын, Бір қатын қынаумен қатын, Бір қатын сынаумен қатын.
  48. Бір нәрсені ұмытпа – біреуден көрген жақсылығыңды.
  49. Бір түп ағаш отырғызсаң, Еңбегіңнің жанғаны. Адал адам өсірсең, Басыңа бақ қонғаны.
  50. Гүл өссе – жердің көркі, Қыз өссе – елдің көркі.
  51. Ғұмырыңды ұзартқың келсе, ағаш ек.
  52. Дана, дананы туған – ана.
  53. Дастарқан басында отырып, Қонақ аяғын көсілмес.
  54. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.
  55. Дәулет есіктен, бала бесіктен кіреді.
  56. Денеңе сіңген күш қалады, Сүйекке сіңген іс қалмайды.
  57. Денесі икемдінің келбеті сүйкімді.
  58. Диқан болсаң, жеріңнің басында бол, Сыпайы болсаң, бегіңнің қасында бол.
  59. Диқан нанын жейді, Жалқау арын жейді.
  60. Досыңа ат берме, Ат берсең, ақырын жүр деме.
  61. Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.
  62. Ебелектен отын болмас, Ойнастан қатын болмас.
  63. Еге білсең, егін тасқа да шығады.
  64. Екі кісі бейім тұрса, Есті кісі кейін тұрады.
  65. Ел жасымен көрікті, Тау тасымен көрікті, Аяқ асымен көрікті.
  66. Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды.
  67. Елгезек екі айтқызбайды.
  68. Елгезек екі айттырмас.
  69. Елді қорғайтын – ерлер, Ерлерді тәрбиелейтін – әйелдер.
  70. Еліне қарай бөркі.
  71. Еменді и, иілетін кезінде, Баланы үйрет, үйренетін кезінде.
  72. Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
  73. Еңбек етсең, ерінің асқа тиер, Ілбіп кетсең, иегің тасқа тиер.
  74. Еңбек өмірді ұзартады, Ұят бетті қызартады.
  75. Еңбек түбі – зейнет, Еңбек – адамның екінші анасы.
  76. Еңбекке қарай құрмет, Жасына қарай ізет.
  77. Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады, Жалқау ұйқыдан қирап тұрады.
  78. Еңбектің наны тәтті, Емшектің сүті тәтті.
  79. Еңкейген екі асайды, Еңсесі түскен бір асайды.
  80. Еңкейгенге еңкей, Атаңның қара құлы емес. Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес.
  81. Епетейсіз асыққан Етегіне сүрінер.
  82. Епсіз бір асағанша Епті екі асайды.
  83. Ер айласы – бір, Қатын айласы – мың.
  84. Ер бала – он үште отау иесі.
  85. Ердің анасы – елдің анасы.
  86. Ердің асылы күшінен білінеді, Әйелдің асылы ісінен білінеді.
  87. Ердің ісін ауыр қылма, Сәйгүлікті жауыр қылма.
  88. Ерегесте ентігіп, Ел алдына түспе. Ұстамын деп жең түріп, Үлгісіз тон пішпе.
  89. Ерке бала екі жылар.
  90. Ерке бала ел болмас.
  91. Ерке баланың көзі жасты, Аяғын бұзау басты.
  92. Ерке ит ауыз жалайды.
  93. Еркек дауысты қатында ұят болмас, Әйел дауысты еркекте қуат болмас.
  94. Еркенің жасы кетпес, Жорғаның тері кеппес.
  95. Ерлеріне қатын қас, аңыр түбін ойламас.
  96. Ерте оңбаған кеш те оңбас, Кеш оңбаған еш те оңбас.
  97. Ерін баққан әйел елін де бағады.
  98. Еріншек егіншіден, Елгезек масақшы артық.
  99. Еріншектің қолы жетпейді, Үлгісіз нұсқа бітпейді.
  100. Есекті сипасаң, түзге қарай аңырайды.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ