Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тәрбие туралы мақал-мәтелдер

«Тәрбие» тақырыбындағы 1024 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Атадан жақсы ұл туса, Қар үстіне от жағар. Атадан жаман ұл туса, Ат үстінен ит қабар.
  2. Атадан тусаң, атаңның жолын қуарсың, Қатеден тусаң, анаңның көзін жуарсың.
  3. Атанға туған күн ботаға да туады.
  4. Атанның жүгі тайлаққа, аттың жүгі тайға қалады.
  5. Атанымды атсаң да, ботамды атпа.
  6. Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая.
  7. Атаның жаман ұлы малға ортақ, Әр үйлі жанға ортақ.
  8. Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келеді.
  9. Атаңа не істесең, алдыңа сол келер.
  10. Атасы жер жырта білмегеннің, Баласы тұқым себе білмейді.
  11. Атасыз ұл – жетесіз ұл.
  12. Аттың жемін жеп, Тайдың жүгін көтереді.
  13. Атың жаман болса, қарың кетер, Балаң жаман болса, арың кетер.
  14. Атың шабан болса – дүниенің азабы, Алғаның жаман болса – бұл дүниенің тозағы, Балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.
  15. Ауру емес, сау емес, Мінезді қалай жазамыз?
  16. Ауруда алғау жаман, Адамда жалқау жаман.
  17. Ауызашары келіспегеннің сәресі де келіспейді.
  18. Ауыл-үйді бала мен ит араздастырады.
  19. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреді.
  20. Аш көп жер, ашулы көп сөйлер.
  21. Ашамай нардан үлкен, Бала ханнан үлкен.
  22. Аяулы ғой кісіде тек кісілік, Инабаты, қасиеті кішілік.
  23. Әдемілігіне қарама, Әдебіне қара.
  24. Әдеп – ар жемісі, Ұят – адамдық белгісі.
  25. Әдеп әдет емес, жөн – әдет.
  26. Әдеп бастауы – тәрбие.
  27. Әдепсіз аяқ боқ басар.
  28. Әдепсіз бала Ауыздықсыз атпен тең, Ақылды кәрия Жазып қойған хатпен тең.
  29. Әдепсіз өскен адамнан Тәртіппен өскен тал артық.
  30. Әдептілік – әдемілік.
  31. Әдептілік, ар-ұят – Адамдық белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат – Надандық белгісі.
  32. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.
  33. Әдептің не екенін әдепсізден көр.
  34. Әдептің не екенін, Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
  35. Әдет – әдет емес, жөн – әдет.
  36. Әділ кісі өзіне қатты, өзгеге тәтті.
  37. Әділдік – ана сүті.
  38. Әділетті үйрену де бар, Әділеттен жирену де бар.
  39. «Әй!» дер ажа, «Қой!» дер қожа жоқ.
  40. Әйел жерден шыққан жоқ, Ол – еркектің баласы. Еркек көктен түскен жоқ, Әйел – оның анасы.
  41. Әйел өз қылығын білмей, еркегіне өкпелейді.
  42. Әйелді жаман десең, анаң соның ішінде.
  43. Әйелді теппе аяқпен, Баланы ұрма таяқпен, Әйелді тепсең, сағы сынады, Баланы ұрсаң бағы сынады.
  44. Әйелдің абыройы – дақ түспеген ары.
  45. Әйелдің ақылын жесірінде байқа, Баланың ақылын жетімінде байқа.
  46. Әйелі азған елдің ертеңі жоқ.
  47. Әке – жезде, шеше – күйме.
  48. Әке деген айтарға, Шеше жолы бір басқа.
  49. Әке отырып, ұл сөйлегеннен без, Ана отырып, қыз сөйлегеннен без.
  50. Әкеге бағыну – Аллаға бағыну, Әкеге қарсылық – Аллаға қарсылық.
  51. Әкеде де әке, Балада да бала бар.
  52. Әкеден ұл туса игі, Әке жолын қуса игі.
  53. Әкелі бала – жаужүрек, Әкесіз бала – сужүрек.
  54. Әкеміз күйеу, шешеміз қалыңдық болған.
  55. Әкені көріп ұл өсер, Шешені көріп қыз өсер.
  56. Әкенің баласы болма, Адамның баласы бол.
  57. Әкенің таяғы аса-аса тиеді.
  58. Әкесі ұлын ұрып, түзетеді, Анасы қызын ұрып, жүдетеді.
  59. Әкесіз жетім – жарты жетім, Анасыз жетім – нағыз жетім.
  60. Әр адамның өмірде өз орны бар.
  61. Әр астың өз орны бар.
  62. Әр бала анасының бір тісін алады.
  63. Әр бала бір жалғыз.
  64. Әр баланың қолында бір шақалақ.
  65. Әр елден келін келер, Әр түрлі ырым келер.
  66. Әркім өз ботасын үкілейді.
  67. Әркім сүйгенінің құлы.
  68. Әрлі болғанша, арлы бол.
  69. Бабасы еккенді баласы орады.
  70. Бай баласы жатық, малшысы қодаң.
  71. Байы өлген қатын келіншек болады, Кедей болар жігіт еріншек болады.
  72. Бақ келерінде, Ер ентелей басып асығады. Бақ қайтарында, Ер маң-маң басып мағысады.
  73. Бақташы малын бағады, Бақшашы бауын бағады.
  74. Бақылдың бауы көгермес, Көгерсе көбеймес.
  75. Бақырауық қоспақтан Мыңқ етпейтін нар артық. Тәрбиесіз жастардан Өнегелі шал артық.
  76. Бала атадан бір батпан артық туады.
  77. Бала атадан ширек кем де туады.
  78. Бала болсаң болғандай бол, Ағайынға қорғандай бол.
  79. Бала жақсы болса – бала, Жаман болса – пәле.
  80. Бала жеңіне қарап өседі.
  81. Бала жұмсасаң, артынан өзің барарсың.
  82. Бала күлкіге тоймас.
  83. Бала тапқандікі емес, баққандікі.
  84. Балаға айтқан сөз – байлаусыз бұзау.
  85. Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, Байқамай шет сөйлесең, көп ішінде өлер.
  86. Балаға жұғыспа, пәлесі жұғады, Қатынға жұғыспа, қарасы жұғады.
  87. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, Өз тілімен сөйле.
  88. Баланы ақырып үйретпе, ақырын үйрет.
  89. Баланы жақсылыққа жанастыр, Жамандықтан адастыр.
  90. Баланы жастан, Келінді бастан тәрбиеле!
  91. Баланы жұмсасаң, Артынан өзің барарсың.
  92. Баланың ата-анаға қарызы көп.
  93. Баланың балақайы да бар, қалақайы да бар.
  94. Баланың балалығына әкенің даналығы бар.
  95. Баланың жақсысы – сүйініш, жаманы – күйініш.
  96. Баланың істегені білінбейді.
  97. Балаң жақсы болса, Жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, Жердің асты жақсы.
  98. Балаң өзіңе тартса жұбан, Қоғамға тартса қуан.
  99. Балаңды беске дейін патшаңдай сыйла, Он беске дейін құлыңдай жұмса, Он бестен асса, жан досыңдай құрметте.
  100. Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ