Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

«Отбасы» тақырыбындағы 573 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Келіннің зекіп айтқаны езіп құйған умен тең. Көңілсіз берген тамағы құм аралас күлмен тең. — Құлтума
  2. Келіні жақсының керегесі алтын.
  3. Кемпірі бардың кәпірі бар.
  4. Керенауды күлісінен білерсің, Сүр бойдақты жүрісінен білерсің.
  5. Керік тойда керек, махаббат күнде керек.
  6. Кетеген болса түйең жау, Тебеген болса биең жау. Ұрысқақ болса ұлың жау, Керіскек болса келін жау. — Үмбетей
  7. Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
  8. Көңіл қонақасы емес.
  9. Көңілдінің үйінде, Күнде мейрам, күнде той.
  10. Көп ақымақтың ағасы болғанша, Көп ақылдының інісі бол.
  11. Көрші қолайлы болса, қора кең.
  12. Көш жүре түзеледі.
  13. Көшерде жұрт жаман, Айрыларда әйел жаман.
  14. Көшкен елдің көмеші болса, Еру елдің ерулігі бар.
  15. Күйеу атымен күл тасы, Жезденің атымен жер айда.
  16. Күйеу атымен күл шығар.
  17. Күйеу жолдасымен жарасымды, Қыз жасауымен жарасымды.
  18. Күйеу келсе қыз тұрмас, Бесін келсе күн тұрмас.
  19. Күйеуіне қызы сай, Елігіне жері сай.
  20. Күйеуіне өкпелеген қатын Қайнағасына сәлем бермейді.
  21. Күн түспеген үйге күшнәш түстенер.
  22. Күнде жем тілеген атыңнан без, Күнде сый сұраған жақыннан без.
  23. Күнде келсе күйеу жаман, Жымысқы болса жиен жаман.
  24. Күндес қатын – керіс, Мұңдас қатын – өріс.
  25. Күндесті болсаң бол, ойнасты болма.
  26. Күндестің күні де күндес, Күлі де күндес.
  27. Күшік күйеу болғанша иттің күшігі бол.
  28. Кісі есігі – темір (тоң) есік.
  29. Кісі жары кісіге жар болмас.
  30. Кісі кірмеген үй көрмен тең, Ішілмеген ас умен тең.
  31. Қаба-қаба сөйлейтін, Қарындастың бары жақсы.
  32. Қазақ байыса, қатын алады, Өзбек байыса, үй салады.
  33. Қазанға – қақпақ, есікке – іргенек.
  34. Қай қолыңды кессең де, Жанға батуы бірдей.
  35. Қайын жұрт қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды. Берсең, жағасың, бермесең, дауға қаласың.
  36. Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.
  37. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей.
  38. Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.
  39. Қалындығына өкпелеген күйеу қайнысына сәлем бермейді.
  40. Қалындығың сиықсыз болса, қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?
  41. Қалыңдық жасауына қарай назданады.
  42. Қалыңсыз келген келін Қырыстанғанын қоймайды.
  43. Қалыңсыз қыз болса да Кәдесіз қыз болмайды.
  44. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ.
  45. Қапияда қатын ақыл табады.
  46. Қапқа түскен – қатындікі.
  47. Қараша – хан тұсында, Әйел – ер тұсында.
  48. Қартая келгенде, Қатын жақын болады. Күшің басым болса, Жатың жақын болады.
  49. Қарты бар елдің қазынасы бар.
  50. Қарыздан да қатын ал, Қатының қалар жаныңда.
  51. Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
  52. Қарындасың – қарлығашың.
  53. Қатын алма, қайын ал.
  54. Қатын алсаң, отын ал, Бір құшағын артық ал.
  55. Қатын ашуланса қазан қайнатар.
  56. Қатын ерге қарайды, Ер жерге қарайды.
  57. Қатын көп болса, Шөмішті ит жалар.
  58. Қатын қырық шырақты.
  59. Қатын мен қатын Құдық басында кездесер, Су мен отын Ошақ басында кездесер.
  60. Қатын өлді – қамшының сабы сынды.
  61. Қатынның қарғысы жаман.
  62. Қатынның қоры – табашыл, Еркектің қоры – тобашыл.
  63. Қатыны би жігіттің Қайын елі кәдірлі.
  64. Қатыны жоқ, Ханның қызын алам дейді.
  65. Қатыны өлген Қызды ауылға қарап жылайды.
  66. Қатыны өлген мен байы өлген қосылса, Күндіз екеу, түнде төртеу.
  67. Қатының жақсы болса – шырағың, Атың жақсы болса – пырағың.
  68. Қатының жақсы болса, жұмақ үйіңде, Қатының жаман болса, тозақ үйіңде.
  69. Қойдың басы – құданың асы.
  70. Қонағы көп үйдің баласы тоқ.
  71. Қонағы көп үйдің қазаны құр тұрмайды.
  72. Қонағым сен «ет» деме, Мен «кет» демейін.
  73. Қонағым, жүре тоярсың.
  74. Қонағың болса мазасыз, Аяғыңнан тозасыз.
  75. Қонағыңның алтынын алма, батасын ал.
  76. Қонақ «тоймадым» демес, «соймадың» дер.
  77. Қонақ болса, мен болдым, Қонақ тойса, мен тойдым.
  78. Қонақ бір күн қонса – құт, Екі күн қонса – жұт, Үшінші күні – зыт.
  79. Қонақ жаман болса, Үй иесі қыдырады. Үй иесі жаман болса, Қонағы қыдырады.
  80. Қонақ келсе есікке, Жүгіріп шық, кешікпе; Қарсы алмасаң қонақты, Кесір болар несіпке.
  81. Қонақ келсе, құт келер.
  82. Қонақ қадірлі болса, Қазан тез қайнайды.
  83. Қонақ қой жемей кетпейді, Сыйлап құтылғанға жетпейді.
  84. Қонақ қойдан жуас, Май берсе де жей береді.
  85. Қонақ қонбай кетпейді, Шақырып қондырғанға жетпейді.
  86. Қонақ қонса, ет пісер, Ет піспесе, бет пісер.
  87. Қонақ ырыздығымен келеді.
  88. Қонаққа сұрап бергенше, ұрып бер.
  89. Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.
  90. Қуыс үйден құр шықпа.
  91. Құда – Құдайдың аты.
  92. Құда – мың жылдық, Күйеу – жүз жылдық.
  93. Құда болдым дедің бе, Құйрық-бауыр жедің бе?
  94. Құда да тыныш, құдағи да риза.
  95. Құдағи өзіне сайымен жарасады, Қуырдақ шыжғырған майымен жарасады.
  96. Құданың дәмі – құйрық-бауыр.
  97. Құданың құдасы – құнан қойдың сорпасы.
  98. Құл күйеуге күң жеңге, Мәмілесі – бір теңге.
  99. Құм төбе болмас, Күйеу бала ұл болмас.
  100. Құмға сиген білінбес, Қызға берген көрінбес.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ