Отбасы туралы мақал-мәтелдер
«Отбасы» тақырыбындағы 573 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Әке балаға сыншы.
- Әке өлсе – мүлкі мұра, Аға өлсе – жеңге мұра.
- Әкелі бала жаужүрек, Әкесіз бала сұмжүрек.
- Әкелі жетім анық жетім, Шешелі жетім жарым жетім.
- Әкем аты шапқан сайын өрлейді.
- «Әкем бар» деп мақтанба топқа түсері жоқ болса. «Балам бар» деп мақтанба жаман туған боқ болса. «Ағайыным бар» деп мақтанба дос-дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса.
- Әкем маған ат берді, «далақта да шап» деді.
- Әкемнің өлерін білсем өнерін сатпас па едім.
- Әкенің жақындығы жездедей-ақ.
- Әкең бермегенді базар береді.
- Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін.
- Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтпексің?
- Әкесі бардың арысы бар, Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
- Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.
- Әкесі қоңыз атанғанның баласы доңыз атанады.
- Әкесі оқ атпағанның баласы боқ атпайды.
- Әкесі өлгенді де естіртеді.
- Әкесі сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
- Әкесіз бала – панасыз, Құлыпсыз есік – панасыз.
- Әкесіз жетім гүл жетім, Шешесіз жетім тұл жетім.
- Әкесінің ақшасына үйленген Әйелінің қадірін білмейді.
- Әкесінің баласы – адамның баласы, адамның баласы – бауырың.
- Әмеңгердің де әмірі бар.
- Әр елден келін келер, әр түрлі ырым етер.
- Әр құжыраның өз шырағы бар.
- Әр құстың лайықты жемі бар, Әркімнің лайықты теңі бар.
- Әр құстың өз алдына жемі бар, Әр кісінің өз алдына теңі бар.
- Әркімнің тұрған үйі мысыр шаһарындай.
- Әуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – он саулық, үшінші байлық – ақ жаулық.
- Әуелі отыңның басын біл, Онан соң ауылыңды біл. Онан соң аймағыңды біл.
- Бай болайын деген жігіт айырбасшыл, Адам болайын деген жігіт қарындасшыл.
- Бай мен бай құда болса, достасады, Бай мен кедей құда болса, қастасады.
- Бай мен бай құда болса, Ортасында жорға жүреді. Жарлы мен жарлы құда болса, Ортасында дорба жүреді. Бай мен кедей құда болса, Өзара зорға-зорға жүреді.
- Байлық басыңнан кетсе, Өзіңді сабанханада көр.
- Байсыз әйел үйде тұрмас, Баусыз оймақ қолда тұрмас.
- Бақа жарығы сумен Қатын жарығы ерімен.
- Бақан – үй тіреуі, Төре – ел тіреуі.
- Бақыт күлкілі үйге кірер.
- Бала – бауыр етің.
- Балалы үй – гүлстан, Баласыз үй – көрстан.
- Балалы үй – жұмақ.
- Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар.
- Балалы үйдің сыры жатпайды.
- Баланың тентек болғаны үйінен, Жігіттің тентек болғаны биінен.
- Баласы атқа шапса, Шешесі үйде отырып, тақымын қысады.
- Баласыз үйде бақыт болмайды.
- Балдыз – жарты қатын, Қайынбике – бүтін қатын.
- Балдыз балдан тәтті.
- Балықшының үйіне барсаң, қарма жерсің, Егіншінің үйіне барсаң, жарма жерсің.
- Бар боп тұрса бұрынғы әдет өрнегі, Білімдіге тиер орын төрдегі.
- Бар жақсыңды төреден аяма, Арқаңды іргесіне таяма.
- Бардың қатыны өлсе, Төсегі жаңғырар. Жоқтың қатыны өлсе, Басы қаңғырар.
- Бармайын десем, әулие қоймайды, Барайын десем, қатыным қойнына алмайды.
- Бассыз үйдің иті осырақ.
- Басыңа дау келсе, билігің зая, Үй артына жау келсе, ерлігің зая.
- Бата ескірмейді.
- Батыр емей немене атқан жігіт, Қатын емей немене қашқан жігіт. Мың жылқылы байыңды елер ме екен Оразасын үйінен ашқан жігіт.
- Батыр майданда мықты, Жаман үйде мықты.
- Баусыз оймақ қолда тұрмайды, Байсыз қатын үйде тұрмайды.
- Береке келіннен, Нан егіннен.
- Беретін кісі келгенде, Бес қайнайды қазаным.
- Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
- Би болма, би түсетін үй бол.
- Би болмасаң, би болма, Би түсетін үй бол.
- Би қылма, би түсетін үй қыл.
- Бойжеткеннің ұяты – босағадан аттанғанша.
- Болдыратын да, толтыратын – қатын.
- Бөденеде үй болмайды, Шын жүйрікте күй болмайды.
- Бөдененің үйі көп, Қайда барса, бытпылдық.
- Бұлт шығып, жаңбыр жаумай жерді алдайды, Әйелдің айлакері ерді алдайды.
- Бұлттан шыққан күн ащы. Жаман қатынның тілі ащы.
- Бұта түбі үй болар, Малы көп кісі би болар.
- Біздің үйде де қонақтың ырыздығы бар.
- Білімді кісі отырса, Босаға да төр болады.
- Білімдінің атағына, Білімсіздің жатағына жиналады.
- Бір күн дәм-тұзын татқанға қырық күн сәлем.
- Бір қатын алдым, Бір пәлеге қалдым.
- Бір қатын сыйлаумен қатын, Бір қатын қинаумен қатын, Нағыз қатын сол қатын – һәр нәрсені ойлаумен қатын.
- Бір қатын тамағымен тойғызар, Бір қатын қабағымен тойғызар.
- Бір үйде екі әйел болса – ойран, Бір үйде екі сиыр болса – айран.
- Бір үйдің иесі – жүк көтерер түйесі.
- Біреудің төсін жесең, Үйіңе келіп ұшаңды сайла.
- Бірінші әйел – шекер, Екінші әйел – бекер.
- Даладағы дауылдан Үйдегі дауыл дүлей.
- Долы қатын жылауық, Сұғанақ қатын – сұрауық.
- Дүниеде тас қатты, Тасты еріткен ас тәтті.
- Екі әйелі бардың дауы үйінде.
- Екі жақсы қосылса, Ай мен Күндей жарасар. Екі жаман қосылса, Ырылдасып таласар.
- Екі жарты – бір бүтін, Ерлі-қатын – бір түтін.
- Екі жасты қосқанның сауабы бар, Екі жасты айырғанның обалы бар.
- Екі қатын алғанның құлағы тынбас, Есекке мінгеннің аяғы тынбас.
- Екі қатын алғаның – Өзіңді отқа салғаның.
- Екі қатын алыпсың, Бір пәлеге қалыпсың.
- Екі қыздың баласында туыстық жоқ, Туыс қылам деудің дұрыстығы жоқ.
- Ел малсыз болмас, Жігіт жарсыз болмас.
- Елуінде – ер дана, Елуінде – ел жаңа.
- Ең әуелі орын тап, Одан кейін келін тап.
- Ер – елдің иесі, әйел – үйдің иесі.
- Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, Алған жары жақсы болса мың бақыт.
- Ер жігіттің: аты жақсы болса – бір бақыт, жары жақсы болса – бір бақыт.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ