Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

«Отбасы» тақырыбындағы 573 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Ер иесіз қос табар.
  2. Ер-азамат белгісі: түзде – мырза, үйде – құл.
  3. Ерге жаққан қатын елге де жағады.
  4. Ерге жаттың тізесі батса, Ағайыншыл болады.
  5. Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.
  6. Ердің атын не аты шығарады, Не қатыны шығарады.
  7. Ердің жақсысы елімен ойласады, Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.
  8. Еркек – бас, әйел – мойын.
  9. Еркек – түздің аңы, Әйел – үйдің қамы.
  10. Еркек – үйдің егесі, Әйел – үйдің шегесі.
  11. Еркек дауысты әйелдің ісі болмас, Қатын дауысты еркектің күші болмас.
  12. Еркек түз сақтайды, Әйел үй сақтайды.
  13. Еркекке жүрек керек, Әйелге тірек керек.
  14. Еркекқұмар әйел ерге жарымас.
  15. Ерлі-байлы ұрысар да, керісер, Көрісер де келісер.
  16. Ерлі-зайыпты – қос өгіз.
  17. Ерлі-зайыпты тату болса, шырағы жанар, Ерлі-зайыпты араз болса, өмірден көңілі қалар.
  18. Ерлі-зайыпты: Ұрысар да, керісер, Керісер де, келісер.
  19. Ерлі-зайыптының ашуы Екі ен жаулық кепкенше.
  20. Ерлі-зайыптының ортасына есі кеткен отырар.
  21. Ерлі-зайыптының төсегі бір болғанмен, Көретін түсі басқа. Ішетін қазаны бір болғанмен, қарны бөлек. Түтіні бір болғанмен, түйсігі бөлек.
  22. Ері жоқ әйел – ескегі жоқ қайық, Әйелі жоқ еркек – ауыздығы жоқ ат.
  23. Ері өліп ерге тисе – елдің жорасы, Ері тұрып ерге тисе – беттің қарасы.
  24. Еріншек қатынның Етегі жыртық; Ерке қатынның Еріні тыртық.
  25. Есік алды төбе болса, Ерттеп қойған атпен тең. Ауылда бір қария болса, Жазып қойған хатпен тең.
  26. Жайылып төсек, жазылып жастық.
  27. Жақсы атын мақтар, Жаман қатынын мақтар.
  28. Жақсы ауылға келген келін – келін, Жаман ауылға келген келін – келсап.
  29. Жақсы әйел – жарты иманың.
  30. Жақсы әйел – зейнет, Жаман әйел – бейнет.
  31. Жақсы әйел – теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас.
  32. Жақсы әйел – үй дәулеті, Жақсы шапан – той сәулеті.
  33. Жақсы әйел – ырыс, Жаман әйел – ұрыс.
  34. Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады, Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
  35. Жақсы әйел Жаман еркекті түзетеді. Жаман әйел Жақсы еркекті жүдетеді.
  36. Жақсы әйелдің қолы ұзын, Жаман әйелдің тілі ұзын.
  37. Жақсы жұбай – жарым бақыт.
  38. Жақсы келін жақсы жеңгеден кем түспейді.
  39. Жақсы келін құрдасындай болар, Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
  40. Жақсы келін қызындай, Жақсы күйеу ұлындай.
  41. Жақсы көрші тапқаның – Мол олжаға батқаның.
  42. Жақсы қатын алғанның тойы өз үйінде.
  43. Жақсы қатын жарының жақсылығын асырар, Жамандығын жасырар.
  44. Жақсы таз басын жасырмайды, Жақсы әйел асын жасырмайды.
  45. Жақсы таз басын жасырмайды, Жақсы қатын асын жасырмайды.
  46. Жақсыға жаһан өз үйі.
  47. Жақсының күнде бір үйі кеңиді, Жаманның күнде бір үйі кемиді.
  48. Жақын оттың жарығы күшті.
  49. Жалғыз ағаш үй болмас, Жалғыз жігіт би болмас.
  50. Жалғыз түйе бақырауық, Жалғыз бала жылауық.
  51. Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпес.
  52. Жалқау қатынның төсегі Тал түске дейін жиылмас.
  53. Жаман әйелдің мінезі қиық келер, Сөзі сұйық келер.
  54. Жаман ерден жайдағым жақсы, Жаман қатыннан бойдағым жақсы.
  55. Жаман еркектің басын Жақсы қатын хан қылады. Жақсы еркектің басын Жаман қатын даң қылады.
  56. Жаман көрші асыңды бағалар, Жақсы көрші басыңды бағалар.
  57. Жаман күйеу қайынсақ.
  58. Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.
  59. Жаман қатын алғанның жауы үйінде, Екі қатын алғанның дауы үйінде.
  60. Жаман қатын байына Жалғыз атын сойғызар; Жақсы қатын жолдасын Жоқтан құрап тойғызар.
  61. Жаман қатын қыз табар.
  62. Жаман қатын өлсе, төсек жаңғырады, Жақсы қатын өлсе, бас қаңғырады.
  63. Жаман өз үйіне өзі қонақ.
  64. Жаман үйден қосым артық, Сынық ошақтан мосым артық.
  65. Жаман үйдің қонағы билейді.
  66. Жан қимақ бар, Жар қимақ жоқ.
  67. Жаңа енші алғанмен Үш жылға дейін көрші болма.
  68. Жар жол болмас, жат ел болмас.
  69. Жар төсегі – алтын тақ.
  70. Жасауы бар қыздың күйеуі жуас.
  71. Жатып алған қонақ жараспас.
  72. Жездеме тиіп жетілгенім бар болсын.
  73. Жеңім жаман болса да, жағам жақсы; Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.
  74. Жеті жыл жерлес болғанмен жесірлес боласың.
  75. Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.
  76. Жолаушыны сусындатпай бұйымтайын сұрама.
  77. Жомарт жоқтығын білдірмес.
  78. Жұрт өлгенге келмейді, Артында қалғанға келеді.
  79. Жүз теңгелік тақияның Мың теңгелік дауы бар.
  80. Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
  81. Жыласуға көз жақсы, Сыйласуға жат жақсы.
  82. Жырақтан құтқарса – атың мұра, Жалғыздықтан құтқарса – қатын мұра.
  83. Жігіт – күш, қыз – көрік.
  84. Жігіт жарымен жақсы.
  85. Жігіт көзімен қыз таңда.
  86. Жігітке жар қымбат, Намыс пен ар қымбат.
  87. Иесіне керек болса, көршісі өкпелемейді.
  88. Ине өткен жерден жіп өтер.
  89. Ит те бойдағында керіледі.
  90. Кәдесіз күйеу болса да, Жасаусыз қыз болмайды.
  91. Кей сорлының қатыны Күндіз ауру, түнде сау.
  92. Келін жақсы болса немере тәтті.
  93. Келін жақсы болса үйіңе көп кісі келеді. Келін жаман болса Келген кісі кеткісі келеді. Ас құй десең төккісі келеді, «Төкпей құй» десең сөккісі келеді. — Шал ақын
  94. Келін жаман емес, Келген жері жаман.
  95. Келін кейін отырар болар, көтерілуге бейім отырар болар.
  96. Келін қыз болмас, Күйеу ұл болмас.
  97. Келін, келін, келін бақ, келмей жатып сөзің бақ.
  98. Келінге өкпе тисе төбесі көкке тиеді.
  99. Келінді келін демесең жақсы болса өз қызың. Күйеуді күйеу демесең жақсы болса өз ұлың.
  100. Келіннің бетін кім бұрын ашса, Сол ыстық.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ