Отбасы туралы мақал-мәтелдер
«Отбасы» тақырыбындағы 573 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Құртақандай торғай да өз ұясын қорғайды.
- Құтты қонақ келсе, Түйесі өсер. Құтсыз қонақ келсе, Үй иесі өлер.
- Құтты қонаққа тәтті тамақ.
- Қыдырып жеген жамбастан, Шақырып берген жауырын артық.
- Қыз – қонақ.
- Қыз алмаған жігіттің, Қырық қызда дәмесі.
- Қыз құшпаған ер арманда, Қызғалдақ жемеген қозы арманда.
- Қызға бергенді қыз өтер.
- Қызды жеңге, Жеңгені теңге бұзады.
- Қызды таныс алады, Таныс алмаса, қоныс алады.
- Қызы бар ауылдың қыдыры бар.
- Қызығын көрмеген малдан не пайда, Сыйласып жүрмеген жаннан не пайда?
- Қымызды кім ішпейді, Қызды кім айттырмайды.
- Мал бәйбішенікі, бай тоқалдікі.
- Мал қолда, жан ұяда.
- Махаббат – өмір көркі.
- Махаббат барда машақат бар.
- Махаббат жасқа қарамайды.
- Мейман есіктен кірсе тоқтатпа.
- Мейман риза болғаны – Құрметпен үйге қонғаны. Кешіктірмей шай берсең, Ұмыт болар тоңғаны.
- Мыңнан жүзін білгенше, Бірдің атын біл.
- Мыржақ жігітке ыржық қыз – Ләйлісі болады.
- Нағашы алған торықпас, Жиен алған молықпас.
- Немере етін жеп, сүйегін берер.
- Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер, Илеген терісі шіріп кетер.
- Ораздының отыз қонағы бір келеді.
- Орта жаста әйелің өлмесін, Орта жолда атың өлмесін.
- От жақпаған үй – қорамен тең, Кісі кірмеген үй – моламен тең.
- От жақпаған үй қорамен тең, Адам кірмеген үй моламен тең.
- От жақпаған үй сұрқай.
- Отау үй – оңаша бас.
- Отбасы – ошақ қасы.
- Отбасының жанжалы, Қанбай ішкен шайдан туады. Ауыр жолдың азабы, Артар атан, нардан туады.
- Отыз ұлым болса да орны басқа.
- Өз жарыңды жаттай күт, Жат көрсін де, түңілсін. Бір-біріңді қадір тұт, Жұрт үлгі алсын, үңілсін.
- Өз зайыбыңа дұшпанның көзімен қара.
- Өз үйім – өлең төсегім.
- Өзің сүйгенді алғанша, Өзіңді сүйгенді ал.
- Өлгенде көрің кең болсын, Тіріде үйің кең болсын.
- Өлі-тірісін берген соң өлі күйеу жатар ма.
- Өнегелі отаудың өрісі кең.
- Өсетін елдің қарты қазына болар, Өспейтін елдің қарты қазымыр болар.
- Өттім дей бер арманда, Жар таппасаң жалғанда.
- Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.
- Сайына қарай саласы, Әкесіне қарай баласы.
- Сақау баланың тілін шешесі біледі.
- Салақ қатынның етін құрт жейді, Терісін ит жейді.
- Сараң қатын Майын тығумен құртар. Жаман қатын Кірін сығумен жыртар.
- Сиырдың сүті болсын, Әйелдің асы болсын.
- Сұлу алған жолдасынан айырылады.
- Сұлу әйелдің күйеуі қарауыл.
- Сұлу жігіт – ел көркі, Сұлу қыз – үй көркі.
- Сұлу сұқтануға жақсы, Ақыл жұптануға жақсы.
- Сұлулық тойда керек, Ләззат күнде керек.
- Сұм байыса, үйі тар, Қатыны қар болып көрінеді.
- Сүйгенін «шұнағым» дер.
- Сүйгенін шұнағым дейді.
- Сүймегенді сүйемін, сүйерімнің көңілі үшін.
- Сүйіктінің әрбір қылығы сүйкімді.
- Сүйіктің болмаса, дүние суық.
- Сүйіктің жоқта дүние суық.
- Сүйіктіңнің міні – басты қадірі.
- Сүюдің көркі – теңінде.
- Сыйлы қонақ босағада отырмайды.
- Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.
- Табалдырықтан биік тау жоқ.
- Тар есік, тар босаға.
- Тастарында қатын жаман, Көшерінде жұрт жаман.
- Тәрбие – тәлімнен.
- Той сылтауымен тон бітер.
- Тойға барған да арманда, Бармаған да арманда.
- Тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ.
- Тоқ қонақты сыйлау оңай.
- Тоқал байғұс тоғына мәз, Бәйбішенің жоғына мәз.
- Тоқалдың күні де күндес, Күлі де күндес.
- Тоқпағы күшті болса, Киіз қазық жерге кірер. Тоқалы күшті болса, Бәйбіше байдан безер.
- Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар, Бұршақ жауса, басын қорғар.
- Төбелеске бергісіз араша бар, Ағайынға бергісіз жанаса бар.
- Төлсіз тұяқ өспейді.
- Төркіні жақын қатынның Төсегі жиылмайды.
- Төркіні жақынның төсегі жиылмас.
- Төркіні тентек келіннің тілі ұзын, Төркіні момын келіннің жібі ұзын.
- Төркініне сенгеннің Төбесі – жарық.
- Төрт аяқтыда бота тату, Адам баласында бажа тату.
- Төрт тұрманы түгел бай, Тырнақтай тарту алады.
- Төс – күйеудің, Құйымшақ – қыздың сыбағасы.
- Туғанда алтау едік, өле-өле жетеуміз.
- Туғаныңмен сыйласпасаң, Кең дүниеге сыймассың.
- Туман туысқандай болмайды, Тұрман құйысқандай болмайды.
- Тумаң бар, туысқандай болмайды, Тұрман бар, құйысқандай болмайды.
- Тураушыда да жақының болсын.
- Туысы бірге кетпейді, Түбі бірге түтпейді.
- Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
- Түзде мырзаң, үйде сырдаң.
- Түздегі май құсса, үйдегі қан құсады.
- Түйе тұзға келер, Күйеу қызға келер.
- Түндігі бүтін, түтіні түзу.
- Түтін түтеткен ыс жұтады.
- Түтін шыққан үй жылы, Төскейлей шыққан күн жылы.
- Тыртақай жігітке, Жыртақай әйел кез болар.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ