Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

«Отбасы» тақырыбындағы 573 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (6-бет, барлығы 6 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Тіріде сыйласпаған, Өліде жыласпайды.
  2. Тіріде сыйласпаған, Өліде жылыспайды.
  3. Тіріде үйің, өлгенде көрің кең болсын.
  4. Ұл таппас әйел болмас, тұрарын айт. Мал таппас еркек болмас, құрарын айт.
  5. Ұл таппас қатын болмас, Тұрарын айт. Мал таппас жігіт болмас, Құрарын айт.
  6. Ұлттың жауы диуана, Келіннің жауы кейуана.
  7. Ұрыны қонаққа шақырсаң, Қораңа көз салып отырады. Залымды қонаққа шақырсаң, Қатыныңа көз салып отырады.
  8. Ұрыспай айрылған Ұялмай қосылар.
  9. Үй баласымен базарлы, қонағымен ажарлы.
  10. Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.
  11. Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек.
  12. Үй болғанда көсеу де керек.
  13. Үй иесі мейірлі отырса, қонақ көңілді отырады.
  14. «Үй менікі» демеңіз үй артында кісі бар.
  15. Үй ортасына шала тастама, Сөз ортасына жала тастама.
  16. Үй үйге сыймағанмен, ел елге сияды.
  17. Үй іші толған жан – бір-біріне мейман.
  18. Үй ішінен жау шықса, тұра қашып құтыла алмассың.
  19. Үй ішінен жау шықса, Тұра қашып құтылмассың.
  20. Үйге келген қонаққа үйдей өкпе айтпа.
  21. Үйге келгенде үйдей өкпеңді айтпа.
  22. Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.
  23. Үйге ұт кірді – егіншінің көкейіне құт кірді.
  24. «Үйде – атан, түзде – бурамын».
  25. Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күндік ырыс кетеді.
  26. Үйде кісісі көп болса, далада кісі тимейді.
  27. Үйде оңбаған түзде де оңбайды.
  28. Үйде шешен, дауға жоқ, Үйде батыр, жауға жоқ.
  29. Үйдегі есепті базардағы нарық бұзар.
  30. Үйдегі есепті базардағы сауда бұзады.
  31. Үйдегі нарық көшеге тура келмейді.
  32. Үйден ұзап шықпасаң қатынға қадірің болмайды. Ауылдан ұзап шықпасаң жақынға қадірің болмайды.
  33. Үйден ұзап шықсаң, Қатыныңа қадірің артады. Ауылдан ұзап шықсаң, Жақыныңа қадірің артады.
  34. Үйді қырық еркек толтыра алмайды, Бір әйел толтырады.
  35. Үйдің басын қатын қосар, Елдің басын батыр қосар.
  36. Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің, Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.
  37. Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің, Кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің.
  38. Үйдің көркі – сандық.
  39. «Үйлері қоңыр екен» деп көп ауылдан кетпеңіз.
  40. Үйсіз күй болмайды, Күйсіз сый болмайды.
  41. «Үйі әппақ екен» деп оңаша үйге түспеңіз.
  42. Үйі бірдің күйі бір.
  43. Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді.
  44. Үйі жоқтың күйі жоқ.
  45. Үйі жыртық тамшы жейді, Жалқау тантық қамшы жейді.
  46. Үйінде асы бардың берер батасы бар.
  47. Үйінде асы жоқтың, Түзде досы болмайды.
  48. Үйінде екі сиырың болса – айран, екі қатының болса – ойран.
  49. Үйінде қартың болса – асыл қазынаң.
  50. Үйінде озған түбінде озар.
  51. Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар.
  52. Үйіне ит иіскеп кірмейді.
  53. Үйінен қырық қадам шыққан адам – мүсәпір.
  54. Үйің жаман болса, күйің жаман.
  55. Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын баласы болса.
  56. Үйіңде асы жоқтың көңілінің хошы жоқ. Үйіңде асы жоқтың түзде досы жоқ.
  57. Үйіңе қонақ келсін, алыстан сұрап келсін.
  58. Үлкен қызыңды бермесең де, Кіші қызыңа ризамын.
  59. Үлкен үй ортақ, Кішкене үй бұлтақ.
  60. Үлкен үйдегі күлсе, кіші үйдегі езу тартады.
  61. Үлкен үйдікі ортақ, Отау үйдікі бұлтақ.
  62. Үндеместе пәле бар, отбасында шала бар.
  63. Халқын алдаған би оңбас, Қатыны салақ үй оңбас.
  64. Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.
  65. Ханның тілін халқы алар, қатыны алмас.
  66. Шай, шай ішсем, көңілім жай.
  67. Шақырылмаған қонаққа шайдан өзге тамақ жоқ.
  68. Шөре-шөре дегенді Лақ білмес болар ма, Мезіреті қылғанды Қонақ білмес болар ма?!
  69. Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
  70. Шынайы сезім шытынамайды.
  71. Шіркін, менің өз үйім, Кең сарайдай боз үйім.
  72. Ыштан көйлек болмайды кигенменен, Жаман қатын болмайды сүйгенменен.
  73. Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ