Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер
«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (8-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Қызарған бет табылар, Қызынған ниет табылмас.
- Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа.
- Қызғанғаның қызыл итке жем болды.
- Қызғаншақтың іші тар, Болмас онда ұят-ар.
- Қыздың көзі – қызылда.
- Қызыл кебіс қисық аяқты әйгілейді.
- Қылдан қиқым іздеген.
- Қымбат мата сандықта жатып тозады.
- Қыңыр көшіп бай болмай-ақ қой, Қисық сөйлеп би болмай-ақ қой.
- Қырдағы қырғауылды қырамын деп, Үйдегі тазыңнан айырылып қалма.
- Қыркың бір төбе, Мыркың – бір төбе.
- Қырсыз шілдеде жаурап, Тойда аштан өледі.
- Қырсықты қой қыста қырқылады.
- Қырыққа келсе де, ырыққа келмеген.
- Қырықтың бірі – Қыдыр, Мыңның бірі – Уәли.
- Лашығы жоқ орданы аңсайды, Желері жоқ жорғаны аңсайды.
- Лұқпанның өз емі өзіне қонбайды.
- Маймылдың басы ойнауға жеткенмен, Ойлауға жетпейді.
- Мақтанған мастан бетер.
- Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады.
- Мақтаншақ қысыр сиыр сауады.
- Мақтаншақты мақтасаң, басыңа секірер.
- Мақтаншақтың өтірік айтқызады, Өтірік көңіл қайтқызады.
- Малға жарлылық – жарлылық, Ақылға жарлылық – сорлылық.
- Малдан айырылсаң да, ақылдан айырылма.
- Маңдайы тайқыдан, Көкірегі қайқыдан, Еріні түріктен, Ауызы бүріктен, Көзі көктен, Сылтауы көптен сақтан.
- Маңырағанның бәрі қой емес.
- Мәуелі ағаш майысқақ.
- Мезгілсіз шақырған қораздың айдарын жұлмақ керек.
- Мен саған жауырынмын ба?
- «Мен», «мен» дей берме, Меңдеп өлерсің.
- Менменнің тобасы жүрмес.
- Мешелден жөтел кетпейді.
- Миға ерген дене азбайды, Милыға ерген ел азбайды.
- Милауға сөз ұқтырғанша, Бураны кезіктіру оңай.
- Миуасыз ағаштың бұтағы тік.
- Момынды момын қорғайды, Түйе қомын қорғайды.
- Мұрты өскендердің өздері кәпір, Шашы өскендердің елі кәпір.
- Мұртын балта шаппайды.
- Мықтыға момын күш қылмас.
- Мың жаман тұрмайды қара пұлға, Бір жақсы болады елге тұлға.
- Мың жаудан бір жансыз жаман.
- Мыңнан шыққан, Жүзден озған.
- Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.
- Мысықтың мәулені мияулап туады.
- Мінгені есек, Айтқаны өсек, Тұла бойы есеп.
- Надан күзетеді, дана түзетеді.
- Надан, пасық, Сөге өгіздей жайылады. Тойғаннан соң, Жатып күйіс қайырады.
- Найзағай көп болса, жаңбыр аз.
- Нар баласы бақ етпес.
- Насыбайшыдан насыбай сұрасаң, Мұрнын көтереді.
- Наурызда шабынған бурадай.
- Нәжісті доңыз, сүйекті ит жинайды.
- Не атамда, не ботамда жоқ.
- Неге керек қазақтың, Жүйрігі менен жорғасы, Өзімізде де бар бір «жаман».
- Ой ойласаң, тең ойла, Тең ойласаң, кең ойла.
- Ойдағы таз аз ба еді, Қырдағы тазды мұнда әкеп?
- Ойлай алмаған Тереңге бойлай алмайды.
- Ойлану кейде наркескен, Жүректі сара тіледі.
- Ойсыз ұлдан мисыз құл.
- Оқалақ тиген танадай өкіреді.
- Оқалақ тиген танадай.
- Оқсыз мылтық – таяқ.
- Оқтау жұтқандай сіресіп.
- Омырауына отын жарсаң да оянбас.
- Ондай-ондай хан қызында да болады.
- Оңай сенген оңай өледі.
- Оңбағанның иті ұры кеткен соң үреді.
- Ормансыз жер жалаңаш, Армансыз ер жалаңаш.
- Орташа болсаң, ақыңды ешкім жемес.
- Орынсыз мақтау орға жығады.
- Осал ағаш бұтағын көтере алмас, Осал адам атағын көтере алмас.
- От түтінсіз болмас, жігіт мінсіз болмас.
- Отқа салып ерітсең де, Алтын, сірә, жез болмас. Аяққа шұлғау қылсаң да, Асыл жібек бөз болмас.
- Отқа түссең, шайдай бол, Пышаққа түссең, қойдай бол.
- Өгіз мүйізді сиырдың сүті болмайды, Сиыр мүйізді өгіздің күші болмайды.
- Өгіз оғы, бұзау боғы.
- Өгіз өлер жерінде өкіреді.
- Өгізді оқалақ аздырар, Естіні ой аздырар.
- Өз ақылын шамалаған қор болмас.
- Өз ақылың ақыл-ақ, Кісі ақылы шоқырақ.
- Өз басындағы отты көрмей, Біреудің басындағы шоқты көрер.
- Өз елінде сызу сызбаған, Кісі елінде нақыш салыпты.
- Өз көшесінде ит те жолбарыс.
- Өз қадірін білмеген, Қадірлінің қадірін білмес.
- Өз қотырын өзі қасиды.
- Өз мінін білген, Өзгеге төрелік береді.
- Өзі болған жігіттің, Түп атасын сұраған ит. Көкорай шалғын тұрғанда, Қу тақырға қонған ит.
- Өзі жаман өзгені жақсы демес, Жақсы деуге өзі де жақсы емес.
- Өзі қаңбақ болсын, Онда қандай салмақ болсын?
- Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.
- Өзім білем деген жігіттің, Басына ойран салғаны. Көп біледі деген жігіттің, Еліне қорған болғаны.
- Өзім білем деген өлер, Көп біледі деген күлер.
- Өзім білем деген өрге баспас.
- Өзімде жоқ көтен боғымен піссін.
- Өзімдікі сұңғыла, өзгенікі миғұла.
- Өзімшілдің іші тар, ойы шартық.
- Өзін өзі мақтаған – өлімнің қара басы.
- Өзін-өзі білген ер бақытты, Өзін-өзі билеген ел бақытты.
- Өзіне өзі өкпелеген, Білім барлығы. Өзімнен озар жоқ деген, Көңіл тарлығы.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ