Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер
«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (6-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ит құтырса, иесін қабар, Торғай құтырса, бүркітке шабар.
- Ит мініп, ирек қамшылап.
- Ит те киімге қарап үреді.
- Ит тұмсығы жерде жатпас.
- Итке маржан не керек?
- Итке мылтық не керек?
- Итке тұмар жараспас.
- Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
- Итпен ойнасаң – үрерсің, Баламен ойнасаң – күлерсің.
- Иттің бажасы көп, құдасы жоқ.
- Иттің бәрі тазы емес, Еттің бәрі қазы емес.
- Иттің күні үрумен өтеді.
- Иттің құйрығын тартсаң, орнына барады.
- Иттің құлы – итбақай.
- Иттің мойынына алтын қарғы тақсаң да, Боқ жеуін қоймас.
- Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
- Иттің ұлығанын бөрі естімес.
- Иттің шені – қарғыбауы.
- Иттің ішіне сары май жақпас.
- Иілген басты қылыш кеспейді.
- Кәрі – қалтаң, жас – жалтаң.
- Кәрі қасқыр қақпанға түспейді.
- Кәрі сиыр соқпақшыл, Кәрі кісі тоқпақшыл.
- Кәрі түйе тартыншақ.
- Кәрінің ақылы – дәрі.
- Кедейдің кербезінен сақтан.
- Кезеген аяқ боқ басар.
- Кекшіл болма, епшіл бол.
- Кекіреге тойған текедей бақылдар.
- Кекірейген кердеңнен қаш.
- Кекірек шіркін дікең қағады, Күресуге дәрмен жоқ.
- Келбеті келіскеннен кеңес сұра.
- Кемпір бала жұбатқанын ұмытып, Өз гөй-гөйіне басады.
- Кемтар болсаң, Жоқ нәрсе де бар болар. Менмен болсаң, Бар нәрсе де жоқ болар.
- Кемтар керілмейді, мал-дүниеге берілмейді.
- Керді мінбегенде жерді мінемін бе?
- Керегесін итке қомдаған.
- Керең екі күледі.
- Кессе, қан шықпас.
- Кесірлімен керіспе, Керме иықпен егеспе.
- «Кетем!» деген қыз, «Көке!» десең де тұрмайды.
- Кещеге бәрі күлкі.
- Киіміне қарап қарсы алады, Ақылына қарап шығарып салады.
- Көбеңді көр де қой.
- Көзсіз көбелек Екі дүние бір қадам.
- Көзі ауырған Күнді көрмейді.
- Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады, Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады.
- Көзі қарайған там сүзер.
- Көк инені көтінен түрте білмейді.
- Көкек өз атын өзі шақырады.
- Көкжал туған қой терісін жамылмас.
- Көктұйғын көп шүйілме, Алдыңда құрулы тор бар.
- Көкіректе ақыл болмаса, Көз – шалбардың жыртығы.
- Көлбақаға күнде той.
- Көлгірге сенбе, былжырға ерме.
- Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.
- Көнекке тас салғандай.
- Көнектен шошынған бие оңбас, Төсектен шошынған ер оңбас.
- Көңілшектің арты ашық.
- Көп ақымақтың ағасы болғанша, Бір ақылдының інісі бол.
- Көп жасаған білмейді, Көп көрген біледі.
- Көп қараса, жоқ табылар.
- Көп ойланған құл қаша алмайды.
- Көп оқыған білмейді, Көп тоқыған біледі.
- Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел.
- Көр көкірек жігіттен Ер көкірек егде артық.
- Көргенді көпті жеңеді.
- Көргенсіз дегенге ашуланба, Көрмей білмейсің.
- Көрегенді көнеден сұра, Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.
- Көрмегенге көсеу таң.
- Көрмес түйені де көрмес.
- Көршілестің тауығы қаз болып көрінеді.
- Көтергенің құрысын, Қолтыққа қолды тыққан соң.
- Күл астында қоламта.
- Күлге шөккен кәрі бура.
- Күле кіріп, күңірене шығар.
- Күлін шашып, күмәнін ашады.
- Күнге қарағанның көзі қарығар.
- Күнде сызат жоқ.
- Күншіл – күмәншіл.
- Күншіл күнде күңіренеді.
- Күншілдің күні күйбеңмен өтер.
- Күң – күншіл.
- Күш атасын танымас.
- Күштіде Тәңір жоқ.
- Күшін білмеген күшенер.
- Кімді қор тұтсаң, соны зор тұтарсың.
- Кірсіз – Ай, мінсіз – Құдай.
- Кісі ақылымен бай болғанша, Өз ақылыңмен жарлы бол.
- Кісілік бір басқа, кіділік бір басқа.
- Кішкене ит қартайғанша күшік.
- Қабаған ит қайыр байлайды.
- Қабырғалы қара нар, Қабырғасын сөксең, бақ етпес.
- Қағынан жеріген құлан қаңғырып өлер.
- Қазан түбінде шеміршек қалды деп дәметеді.
- Қазаннан қара нәрсе жоқ, Ассаң, қарын тойдырар. Қардан аппақ нәрсе жоқ, Ұстасаң, қолды тоңдырар.
- Қайғыны қайраткер жеңеді.
- Қайқы сақалдың ашуы, Қабанша жармай қайтпайды.
- Қайрат – қыран, қайғы – жылан.
- Қайратсыз қорқақ мақтаншақ.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ