Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер
«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (7-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Қайырсыз сұңқардан қайырлы тұрымтай артық.
- Қайыршыға қайыршы ермейді.
- Қақпай жатып қоңырауы сылдырлайды.
- Қалтасында тиын жоқ, Түйенің тісін санайды.
- Қанден ит қартайса да, шәуілдеуін қоймайды.
- Қанша тұлпар десе де, Мініп болмас жалсызды.
- Қаңтарда қатқан мұздай.
- Қарағайда қырық бұтақ, Біреуі ғана қамшыға сап.
- Қаралығы күйедей, Қараулығы түйедей.
- Қарамық өзін бау санайды, Төбе өзін тау санайды.
- Қараңғы үйде қабан күркірейді.
- Қараңғыда қарсақтың ізінен жаңылмайды.
- Қараңғының көзі жоқ.
- Қарау адам күншіл, Мекер адам міншіл.
- Қарға қазға еліктеймін деп сирағын сындырыпты.
- Қарға қарғаның көзін шұқымайды.
- Қарға қияға ұя салмайды.
- Қарға мақтанып сұңқар болмас, Есек мақтанып тұлпар болмас.
- Қарғаның «қарқ» дегені – өзіне сүйеу.
- Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта.
- Қарғаның жүзіне бір кесек, Жаманның жүзі бірге есеп.
- Қарғыстың ең жаманы – Өзің білме, білгеннің тілін алма.
- Қарманған қарап қалмайды.
- Қарны ашқан кәрі дауын даулайды.
- Қартайған ит жатып үреді.
- Қарттығыңа мақтанба, мәрттігіңе мақтан.
- Қарусыз кісінің қайраты зая, Қайратсыз кісінің айбаты зая.
- Қас бекзаттың белгісі, Қайғысын жұртқа сездірмес.
- Қасапшыға мал қайғы, Қара ешкіге жан қайғы.
- Қасқалдақтың қанындай қат.
- Қасқыр – ауыз, түлкі – құйрық.
- Қасқыр айдағанға көнбес, Шошқа байлағанға көнбес.
- Қасқыр жүйрік – жылыс жоқ, Түлкі жүйрік – дыбыс жоқ, Қоян жүйрік – тыныш жоқ.
- Қасқыр мен ұры – мінездес, Екеуі де түнді аңдиды. Бұлбұл мен гүл – мінездес, Екеуі де күнді аңдиды.
- Қасқырда қанағат, бекте салауат жоқ.
- Қасқырдан қайрат кетсе, Ешкіні «апа», текені «жезде» дейді.
- Қасқырдың күшігін қанша асырасаң да, Тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
- Қасқырлар ұлысып табысады.
- Қатаң болсаң, қашады, Босаң болсаң, аяққа басады.
- Қатқан көнді жібітсең, иісі шығады.
- Қатты жүрсең «қазық аяқ» дер, Ақырын жүрсең «маймақ аяқ» дер.
- Қатын алсаң, қарап ал, Ат алсаң, мініп ал.
- Қатын мұндай көп болмас, Қарта мұндай боқ болмас.
- Қашқаннан тосқан жаман.
- Қисық аяққа қисық кебіс.
- Қисық көз қыли, Дәл ортасын көре алмайды.
- Қисықтың көлеңкесі де қисық.
- Қитар бір затқа қарап, Екі нәрсе көреді.
- Қиядағыны қыран ғана көреді, Ұядағыны жылан ғана көреді.
- Қияңқы байтал екі айғырды қырқыстырады.
- Қой аузынан шөп алмас.
- Қой көрмеген көргенсіз қуалап жүріп өлтірер.
- Қой өрісі – қорадан.
- Қой терісін жамылған бөрі.
- Қой үріккен жағына беттемейді.
- Қойға қоңырау жараспас.
- Қол қышуы қанбағанның Таяқ тиер басына.
- Қолдан Құдай жасалмайды.
- Қолымен қоян соққан, Аузымен орақ орады.
- Қолынан келген қонышынан басар.
- Қомағайдың сыбағасы – бір шөкім ет.
- Қомдығы жоқ, өркеші жоқ, Нар болғаннан без. Тақымында тайы жоқ, Сал болғаннан без. Жасы жетпей, Шал болғаннан без.
- Қорғанды шаһар қаласын, қазақ емес, сарт білер; Тас айылдың батқанын иесі емес, ат білер; Ер жігіттің қадірін жақыны емес, жат білер.
- Қорқақ ер болмайды, Қола зер болмайды.
- Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
- Қорқақ пен қорқақ қорықпай көріседі.
- Қорқаққа қос көрінеді.
- Қорқаққа құбыжық көп.
- Қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ.
- Қорқақты қуа берсең, батыр болады.
- Қорқақтың бәрі Құдайшыл.
- Қорқақтың көзі үлкен, Ақымақтың сөзі үлкен.
- Қорыққан бұрын жұдырықтар.
- Қорыққан ит үш күн үреді.
- Қорықсаң, қасқыр інінің аузына барып жат.
- Қотыр қолда қола сақина.
- Қоян көлеңкесінен қорқады.
- Қоянның қарасын көріп, қалжасынан түңіл.
- Қуантар болсаң асық, Мұңайтар болсаң сабыр тұт.
- Қудан үйрен, сұмнан жирен.
- Қулығына құрық бойламайды.
- Қулық құлынжанды.
- Қулық та дерт.
- Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің.
- Құдайға да сенеді, Албастыға да ереді.
- Құдайдың өзіне дұға үйреткендей.
- Құзғын жемтік көрмесе жүре алмайды.
- Құзда қар ерімес.
- Құлайын деп тұрған тамға сүйенбе.
- Құланға ерген шиеге аунайды.
- Құлды мақтайын десең алысқа сат.
- Құлықсыз құлақ ойға олақ.
- Құлынындағы сақау, Құнанындағы тісеу.
- Құнтсыз жігіт ат мінсе, Көсеуменен сабалар. Құнтты жігіт ат мінсе, Ат аяғын тағалар.
- Құрғақ талқан жегенді күлдірме, Жайдақ нарға мінгенді желдірме.
- Құс жаманы – шажа, ілік жаманы – бажа.
- Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.
- Құстың бәрі бұлбұл болмас, Жылқының бәрі дүлдүл болмас.
- Құтпан төбеттей әупілдеген.
- Қыз көрейік, қыз көрейік, Қыз көретін жігітті біз көрейік.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ