Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер
«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (9-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Өзінің боғын көрмей, Біреудің шоғын көреді.
- Өзінің кетпендей мінін көрмеген Біреудің инедей мінін көреді.
- Өзінің қисықтығын білмей, Өзгенің түзулігін білмейді.
- Өзінің парқын білген Өзгенің нарқын біледі.
- Өлермен өгіз балтадан қорықпайды.
- Өлерменнің өзі жаман, Ақымақтың сөзі жаман.
- Өлі арыстаннан тірі мысық.
- Өлі бөріні ит аттамас.
- Өлі бураның басынан тірі атан қорықпас.
- Өрмекшіге қыл қуат.
- Өткір қырғыш қазан түбін теседі.
- Өтпес пышақ қол кесер.
- Өтірікші уәдешіл.
- Өтірікшіні сөзінен емес, көзінен таны.
- Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі.
- Пайдасыз нақыл – баянсыз ақыл.
- Палуанға оң, терісі бірдей.
- Парақордың тобасына сенбе, Айлакердің көз жасына сенбе.
- Парықсызға бәрі бір: мейлі қамқа, мейлі бөз.
- Пейілі тар аспанды алақандай, жерді тебінгідей көреді.
- Пенденің қарны тойса, Тілінен ерік кетеді.
- Періштенің де бес міні бар.
- «Пұт болдым» деп мақтанба, Одан да ауыр батпан бар.
- Пысық болам деп пұшық болма.
- Пышағыңның күмісіне қарап, Өтпесіне болайын.
- Пышақ қанша өткір болса да, Өз сабын жона алмайды.
- Пісте қабығы шөңге болмайды, Сары шақа теңге болмайды.
- Пішені өртенбегеннің бәрі ақылды.
- Рух – таза ақыл.
- Сабын кірді ашады, Сабырсыз сырды ашады.
- Сабыр – ақыл серігі.
- Сабырсыз бақсы жолда отырып бал ашады.
- Сазды жердің ағашы, Сабырсыз ердің сазасы.
- Сақ адам сандығын бекітеді.
- Сақал текеде де бар.
- Сақалды құл жарытпас.
- Сақалын саудаға салды.
- Сақау алыстан сайрамаса, Үйіне жеткенше дауысы шықпайды.
- Сала берме көзіңді әр жақсыға, Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.
- Салпиған қардан туады, Салпы ерін нардан туады.
- Саналы адам сағыңды сындырмас, Санасыз адам жағыңды тындырмас.
- Санасызға сан айтсаң да, опасы жоқ.
- Саптыаяқтан ас ішіп, сабынан қарауыл қарайды.
- Сасқанынан қырық құмалақ алып, Бал ашады.
- Саудың асын жеп, Жындының ісін істейді.
- Саудың асын ішіп, Аурудың ісін істейді.
- Сауысқан тотықұстың жүрісіне салам деп Өз жүрісінен айырылыпты.
- Сауысқан шоқыса да тоқ болмайды.
- Саясы жоқ бұтаққа бұлбұл қонбайды.
- Себепсіз аяққа тікен кірмейді.
- Сегіз кессе, сіркедей қан шықпайды.
- Сезікті секіреді.
- Семіздің аяғы сегіз.
- Сен тұр, мен атайын.
- Сен істегенді мен істедім, Сенен артық не істедім?
- Сенген қойым сен болсаң, Күйсегеніңе болайын.
- Сенен қорыққаннан сен де қорық.
- Сиыр сушыл, Пасық адам күншіл.
- Сиырға ер жараспас.
- Сиырдың жорғасы секілденіп.
- Сойса қозы өледі, Соймаса өзі өледі.
- Соқыр – сезгіш, саңырау – көргіш.
- Соқыр атқа қотыр ат үйір.
- Соқыр көбелекке тең.
- Соқыр көзіне сенбейді, қолымен көреді.
- Соқыр көргенінен жазбас.
- Соқыр кінәмшіл, Саңырау секемшіл.
- Соқыр құлын аттан емшек іздейді.
- Соқыр тауыққа бәрі бидай.
- Соқырға көрсет, кереңге естірт.
- Соқырдың арманы – көз.
- Солақайға сорпа жоқ, Соқыр итке боқ та жоқ.
- Сомсынғанға балға бар, Қомсынғанға Алла бар.
- Сор сараңнан, өтірік арамнан шығады.
- Сөз бергенге ерме, Бөз бергенге ер. Сөз бейнет болар, Бөз көйлек болар.
- Сөзден қорықпаған сойылдан қорықпас.
- Сұм сипап отырып шымшиды.
- Сұңқар көптен шығады, Тұлпар топтан шығады.
- Сұңқар самғауын біледі, Жапалақ жалбауын біледі.
- Сұрамсақ – арсыздық, Жарамсақ – құнсыздық.
- Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды.
- Сүзеген сиырға Құдай мүйіз бермейді.
- Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды.
- Сүйсінбесең сүйме.
- Сүтке тиген мысықтай.
- Сылбырдың сылтауы таусылмайды.
- Сымбатына сын жоқ, Ішкі сарайында дым жоқ.
- Сыныққа сылтау іздейді.
- Сыпайы жаурамайды, дірілдейді, Өзгеге тоңғаны білінбейді.
- Сырты бүтін, іші түтін.
- Сырты жылтырағанның іші қалтырауық.
- Сыртын көріп, ішінен түңілме, Қарасын көріп, күшінен түңілме.
- Сіркесі су көтермейді.
- Табағының басқасы болмаса, бәрі бір тамақ.
- Табылмаса, таға да қат.
- Тағасының күмісіне мақтанба, Атыңның жүрісіне мақтан.
- Таз ашуын тырнаумен алады.
- Таз әңгі, соқыр мәңгі.
- Таз басқа қайызғақ тұрмайды.
- Таз тазға күлер.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ