Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер
«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (10-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Таза алтынды тазартпайды.
- Таздан жарғақ бас туады, Кедейден мал бақпас туады, Шабаннан желмес туады, Сараңнан бермес туады.
- Таздан тарақ сұрама.
- Таздың басынан емге бит таппассың.
- Тайып жығылған таянып тұрар.
- Тақырбас тазды күндейді.
- Талапсыз үміт – бос үміт.
- Талаптымен таласпа.
- Талаптының пікірі аян, Дұшпанның ақылы шаян.
- Таныған жерде бой сыйлы, Танымаған жерде тон сыйлы.
- Таңдаған тазға жолығады, Ақылы азға жолығады.
- Таңдағы таңқы құйрықтан, Қазіргі өкпе, бауыр артық.
- Тапқан қуанады, таныған алады.
- Тар қазан тасқалақ, Мешкей адам ашқарақ.
- Тар маңдайлының ниеті де тар.
- Тарпаң тайдай қылпылдаған.
- Тартыншақ түйе жаман, Итіншек бие жаман.
- Тасқан төгілер, іскен жарылар.
- Тасыған қазан төгілер.
- Татуға тіл, сұлуға көз тиеді.
- Тауық түсінде тары көрсе, Түлкі түсінде тауық көреді.
- Тауындағы түлкіні табындағы тазы алар.
- Тәкаппардың кісісі өлсе, жалғыз жылайды.
- Тәкаппардың семірткен малы, Ойнақтап жүріп қасқырға кезігеді.
- Тәкаппардың тәубасы қабыл болмайды.
- Тәңір атқанды Тәңір атқан мақтайды.
- Тәттінің дәмсізі, балдың уы бар.
- Тәуіптік таздың қолынан келсе, Алдымен өз басын емдер еді.
- Тебегеннен тер, қашағаннан қан жаудырады.
- Тебегеннен теріс жүр.
- Тебегеннің артынан, Қабағанның алдынан жүрме.
- Тегі жаманды тең көрме, Төріңе шығады. Тілеуі жаманды ес көрме, Төбеңе шығады.
- Тегін кісі таз бола ма?
- Текті жігіт тек жүрер, Текелес киік жай жүрер.
- Телі-тентектің қолында темір сөйлейді.
- Темір сырын отта танытады, Адам сырын жоқта танытады.
- Тентек өзін дәу санайды, Жантақ өзін бау санайды.
- Тентектің мақұлын бақ, Ақымақтың ақырын бақ.
- Тентектің тобасы болмас, Ақымақтың обасы болмас.
- Тесік моншақ жерде қалмас.
- Тисе терекке, тимесе бұтаққа.
- Тобылғы ұялғаннан қызыл болыпты.
- Тоз болып иілгенше, Шорт етіп сынған артық.
- Тозбас жасау болмас, Бас білмес асау болмас.
- Тойсаң, тоқтының еті қи сасиды.
- Тоқал ешкі лақпын деп ойлайды.
- Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп Құлақтан айырылыпты.
- Топ көрмеген, Топта озбаған қорғаншақ.
- Тосылмайтын жүйрік, Шошынбайтын жүрек болмайды.
- Тотықұс бойын көріп зорланады, Аяғын көріп қорланады.
- Төренің төлеңгіті, Байдың жалшысы қодаң.
- Төрт аяғы тең жорға, Сүдігерге сүрінер.
- Төс болғаныңда төзіп бақ, Балға болғаныңда соғып бақ.
- Туа мүкіс қозғалмас.
- Тумағанның түбі шикі.
- Тура отырып қыңыр ойлама.
- Тура тілімді тыя алмаймын, Туғаныма сыя алмаймын.
- Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, Үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
- Тұлпарды алтын тағамен тағаласа, Есек емексіп аяғын көтереді.
- Тұмылдырық таққан бұзаудай.
- Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, Қанаты бүтін сұңқар жоқ.
- Түбі тесік қазанға Қанша құйсаң да толмайды. Ақылы жоқ адамға Қанша айтсаң да қонбайды.
- Түбі түскен шелектей.
- Түйе ағаш басын кемірсе, Ешкі таңданады.
- Түйе дырдай, ізі қылдай.
- Түйе жаман, тоқтамайды, Өзімнің арбам жақсы, оттамайды.
- Түйе қараған мылжың, Қатыны өлген мылжың.
- Түйе сойып, ешкі сойғаннан дәметеді.
- Түйе торы болмас, Сиыр шабдар болмас.
- Түйе үстінен сирақ үйтеді.
- Түйедей бой бергенше, Түймедей ой бер.
- Түйеден зор – піл.
- Түйені жардан құлатқан – бір үзім шөп.
- Түйені жел шайқаса, Ешкіні көктен ізде.
- Түйені ит жетелейді, Сондықтан түйе қасқырды ит екен дейді.
- Түйенің құйрығы жерге жетсе, Ешкінің құйрығы көкке жетер.
- Түйенің өзі түйе, құмалағы емес.
- Түйенің табаны түскен жер.
- Түйенің танығаны – жапырақ.
- Түйесі жоғалмағанның бәрі есті.
- Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінер.
- Түймедей сөзден түйедей мін табады.
- Түлкі бөрінің тілегін тілейді.
- Түлкі жатарында жер таңдамайды.
- Түлкі өз құйрығын куәлікке тартады.
- Түлкі түгінен жазады.
- Түлкіні құрылған қақпан ұстамайды, Құруын тапқан ұстайды.
- Түлкіні түн асырайды.
- Түлкінің ақыр тоқтайтыны – Ішік сататын дүкен.
- Түлкінің өз терісі өзіне жау.
- Түлкінің түсіне тауық кіреді.
- Түрі игіден түңілме.
- Түс – түлкінің боғы.
- Тым биік болма, Құлап сүйегің сынады. Тым аласа болма, Төбеңе әркім шығады.
- Тырнақ астынан кір іздеген.
- Тышқан көтін көріп жаралы болыпты.
- Тышқан ініне кіре алмай жүріп, Құйрығына қалжауыр байлар.
- Тышқанның да сауыры бар.
- Тышқанның тәңірі – мысық.
- Тігілмеген етігіңді мақтама.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ