Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер
«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Жаманға, Күн де қараңғы, Түн де қараңғы.
- Жаманды жанға санама, Есекті малға санама.
- Жаманды жіберсе еркіне, Күнде тышар бөркіне.
- Жаманмен егес, жақсымен кеңес.
- Жаманмен егескенше, жақсымен кеңес.
- Жаманмен ерегескенше, жақсымен кеңес.
- Жаманның ақылы көзінде.
- Жаманның ақылы түстен кейін енеді.
- Жаманның аттан құлағаны да жаман.
- Жаманның аяғы сегіз, Бірі шалмаса, бірі шалады.
- Жаманның берген асынан, Жақсының берген кеңесі артық.
- Жаманның бір қылығы артық, Жағасы жыртық.
- Жаманның сөзін сөйлеме, Жалғыздың дауын даулама.
- Жантақ жемеген түйенің тілі қышиды.
- Жаным, тәнім – май шоқпар.
- Жанынан безген мысық Жолбарыстың көзін тырнайды.
- Жаңылмайтын жақ жоқ, Сүрінбейтін тұяқ жоқ.
- Жапалақ құс мақтанса, «Жардан тышқан алдым» дер. Жаман адам мақтанса, «Жақсының аяғынан шалдым» дер.
- Жапалақ мақтанса, «Жерден қоян алдым» дер. Жаман мақтанса, «Жақсының жағасынан алдым» дер.
- Жапалақ сипағанмен сұңқар болмас, Жабыны мақтағанмен тұлпар болмас.
- Жапалаққа күннен түн жақсы.
- Жарқанатқа жарық қас.
- Жарлы болар жігітке Қазалы мал тап болар. Жалғыз болар жігітке Бедеу қатын тап болар.
- Жарысқа түспе, Атың ариды, тоның тозады.
- Жас жалтаңға қашар, Кәрі қалыңға қашар.
- Жасқаншақтың жаны тәтті.
- Жасқаншақтың көзі сау.
- Жасық адам жасына жетпей қартаяр, Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
- Жасықтың көбінен асылдың азы артық.
- Жаужұмыр жақсы болса, итке тастар ма еді.
- Жаулық тартқанның бәрі қатын емес, Бөрік кигеннің бәрі батыр емес.
- Жегені – кебек, кигені – жібек.
- Жел сөзбен жәрдем берген, Есектен сауын берген.
- Жемісті ағаштың мәуесі төмен.
- Жең ұшынан жалғасқан.
- Жеңіл тулақ желге ұшар.
- Жеп жеті болмас, жалап жетпіс болмас.
- Жетелеген ит аңға жарамас.
- Жетелеген төбет қораға үрмес.
- Жетесі асыл арланбас, Жеті атасына дарымай.
- Жетесізге сөз өтпейді.
- Жиен неге ел болмайды, малы болса; Желке неге ас болмайды, майы болса.
- Жоғалған пышақтың сабы алтын.
- Жоғалмағанның бәрі түгел.
- Жоқты бардай, ақсақты тыңдай етеді.
- Жоқты жара деме, Көлеңкені қара деме.
- Жоқты жонады.
- Жорғадан туған жортақ бар, Шеберден туған шорқақ бар, Батырдан туған қорқақ бар.
- Жорғаның қадірін желгенде біледі, Жақсының қадірін өлгенде біледі.
- Жуас тананы патша мінеді, Жуас адамды әркім іледі.
- Жуас түйеге әркім ие.
- Жуастан жуан шығады.
- Жуастың бір аты жаман.
- Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жуас адам жұртқа жем.
- Жұрт жаманға қалды, Жүк тайлаққа қалды.
- Жұрттан Сүлеймен туады, Бізден сілейген туады.
- Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай, Біздің Ыбырай – сұмырай.
- Жұт болса ит семіріп, Иесіне айбат қылады. Дау болса би семіріп, Еліне айбат қылады.
- Жүйрік ат шаппаса да, қырындайды.
- Жүйрік атқа мінген Құдайын ұмытар.
- Жүйрік бестіден, Кеңдік келбеттіден шығады.
- Жүйрік тоқтығын білдірмес.
- Жүйрікке – тұмар.
- Жүйрікке озудан қалу қиын.
- Жүйріксіз шабан болмас.
- Жүйріктен жүйрік шықса, аяғы тыпыр-тыпыр етер.
- Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
- Жүрем десең, көре бересің, Көре берсең, көне бересің.
- Жығылған сүрінгенге күледі.
- Жылағанды сұрама, Күлгенді сұра. Жылағанның мұңы бар, Күлгеннің сыры бар.
- Жылайтын баланың үш күн бұрын көзі қышиды.
- Жылан иреңдеп жүреді, сүйрендеп күледі.
- Жылан өз бойына қарамай, Түйе мойнын иір дейді.
- Жыланға түк біткен сайын қалтырауық.
- Жылап жеп, шыңғырып тышқан.
- Жылқының жауы – бөгелек, Жыланның жауы – дегелек.
- Жылпос майдай жағылар.
- Жылтырағанның бәрі алтын емес.
- Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз, Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз.
- Жындыға талқан да бір шалқан да бір.
- Жыртық ауыз тыртық ауызға күледі.
- Жыртық келіге жамаулы келсап.
- Жыртық тесікке күледі.
- Жігітсінген желбуаз келеді.
- Заманадан қорлық көрсең, Зұлымды аға дерсің.
- Заманың түлкі болса, бүркіт боп шал.
- Заманың түлкі болса, тазы боп шал.
- Зерек ақыл – суық мұз.
- Зор зорға құлайды, Аңғырт орға құлайды, Аңғал торға құлайды.
- Иегі қисықтың сақалы түзу болмас.
- Ине жұтқан иттей имеңдеген.
- Ит айдауға көнбейді, Шошқа байлауға көнбейді.
- Ит арбаның астында жатып «сүйредім» дер.
- Ит ашуын тырнаумен алады.
- Ит баласы – сүйгінші, Тұра бара құсқыншы.
- Ит жеңгенін талайды.
- Ит жүйрігін түлкі сүймес.
- Ит итке жерошақта жолығады, Қу қуға намаздігер – намазшамда жолығады.
- Ит итті жұмсайды, Ит құйрығын жұмсайды.
- Ит қорыған жерге өш.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ