Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер
«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ел не демейді, есек не жемейді?
- Елірменің емі жоқ.
- Ер белгісі – құнында, Зер белгісі – пұлында.
- Ер-тұрманы алтын болса да, Есектің есек аты қалмайды.
- Ергежейліге есектен биік көлік жоқ.
- Ерді асы үшін сыйлама, Басы үшін сыйла.
- Ердің атағы туырлықтай, Өзі бұлдырықтай.
- Ердің ері – егеудің сынығы.
- Ерше барып, итше қайтты.
- Есебін тапқан жігітке, Ердің құны сөз емес.
- Есек есекті несиеге қасиды.
- Есек жорға қатқақта, Сыры мәлім батпақта.
- Есек қодығымен, шеңгел собығымен.
- Есек құлағының ұзындығына мақтанар, Есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар.
- Есек өзін атқа балайды да, «Әттең» деп құлағына қарайды.
- Есек тұсаусыз болмас, Ер дұшпансыз болмас.
- Есек шарап ішсе, Ер-тоқымын сыйға беріп, Өзі жауыр болар.
- Есекке күміс ер жараспас.
- Есекке үкі таққандай, Итке жабу жапқандай.
- Есекке үкі тақпайды.
- Есекті жүгендегенмен жылқы болмас.
- Есекті мақтасаң да тұлпар болмас, Жаманға жан баласы іңкәр болмас.
- Есекті отқа айдасаң, боққа қашар.
- Есектің күші адал да, еті арам.
- Есектің түбіне «пия, пия» жетер.
- Есеп білмеген – есек.
- Есепсіздің есесі кетеді.
- Есердің мақтағанынан Естінің даттағаны артық.
- Ескісіз жаңа болмас, Жамансыз жақсы болмас.
- Ессізге ерік берсең, еңіретеді.
- Естіге екі сөз жетеді.
- Естілердің ақылын ескерген де есті.
- Есуастан ел сұрама, Есерсоқтан жөн сұрама.
- Есі кеткен ешкі жинар, Ешкі жинап есін жияр.
- Есіктен кіріп «төр менікі» деме, Ылдидан келіп «өр менікі» деме.
- Ет дәмділігін қойса, Мен ұрлығымды қояр едім.
- Етегі елпі, жеңі желпі.
- Етке тойғанның емі табылмайды.
- Етік жамағанды көрдік, Тақия жамағанды көрмедік.
- Жабу қисық емес, түйе қисық.
- Жабы семірсе, желік бітеді.
- Жабыны жауға мінбе жалы бар деп, Жаманмен құда болма малы бар деп.
- Жағымпаз надан жаудан жаман.
- Жаза баспас қадам жоқ, Жаңылмайтын адам жоқ.
- Жаза баспас мерген болмас, Жаңылмас жан болмас.
- Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығады.
- Жазылармын деп ауру үмітті, Байырмын деп жарлы үмітті, Кетермін деп қыз үмітті.
- Жазымсыраған қыстан без, Жасымсыраған қыздан без.
- Жайынның аузы кең, арты тар.
- Жақсы – орынға, жаман – асқа.
- Жақсы адам алтын басын еңкейтеді, Жаман адам жаман артын тоңқайтады.
- Жақсы атқа бір қамшы, Жаман атқа мың қамшы.
- Жақсы аттан жығылса, Жаман адам табалар.
- Жақсы екен деп жүрерсің, Күнің түскенде білерсің.
- Жақсы жатырқамайды, Аңқау аңдамайды, Әңгүдік тыңдамайды.
- Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп, іс қылар. Жаман жігіт оңай істі күш қылар.
- Жақсы көргенін, Жаман бергенін айтады.
- Жақсы кісі ақылымен тәуір болады, Мінезі қорғасындай ауыр болады, Құлағы өсек естімес сауыр болады, Кедейдің жалғыз керіндей, Құйрығы шолақ, арқасы жауыр болады.
- Жақсы кісі қырқында толады, Жаман кісі қырқында солады.
- Жақсы кісі мақтанса, «Жаманнан қалдым» дер. Жаман кісі мақтанса, «Жақсының жағасынан алдым» дер.
- Жақсы текшіл, жаман кекшіл.
- Жақсы топта танылады, Мырза жоқта танылады.
- Жақсыға айтсаң, білер, Жаманға айтсаң, күлер.
- Жақсыға жаман тең келмес, Көтергенмен кеудесін.
- Жақсыға жанас, жаманнан адас.
- Жақсыға қылған жақсылық Өмірінде тозбайды. Жаманға қылған жақсылық Бір күнгідей болмайды.
- Жақсыға сұқтан, жаманнан сақтан.
- Жақсыда мін жоқ, Жүйрікте сын жоқ.
- Жақсыны арман аздырар, Жаманды құлқын тоздырар.
- Жақсыны жамандаса, Аруағы асады; Жаманды жамандаса, Құты қашады.
- Жақсыны мақтасаң сақтанады, Жаманды мақтасаң қомданады.
- Жақсының алдында – ізет, Жаманның алдында – күзет.
- Жақсының кегі Жібек орамал кепкенше. Жаманның кегі Басы жерге жеткенше.
- Жақсының өзі кішік, ойы биік.
- Жақының үшін жақсының жағасынан алма.
- Жалаңқия жартаста ешкі жүреді.
- Жалғаймын деп үзіп алма, Түзеймін деп бұзып алма.
- Жалғанға жалқау нанады, не аңқау нанады.
- Жалқауға дәулет орнына ұйқы береді, Жаманға ақыл орнына күлкі береді.
- Жалы барда арылған – Жаман аттың белгісі. Жаны барда жалынған – Жаман адам белгісі.
- Жалықпаған жауды жеңеді.
- Жаман адам жақсы болмас, Қанша Қыдыр дарыса да. Жақсы адам жаман болмас, Қанша тұрып қараса да.
- Жаман айтпай, жақсы жоқ.
- Жаман ат өршіл, Жаман адам төршіл.
- Жаман ат соқпақшыл, Жаман кісі тоқпақшыл.
- Жаман ашса көрмес, айтса білмес.
- Жаман басшыдан жақсының сілтеуі артық.
- Жаман деген атпен жасағанша, Жақсы деген атпен жаныңды қи.
- Жаман жақыннан алыс артық, Атасы басқа арыс артық.
- Жаман жамандығын Туған нағашысынан көреді. Сөз сөйлей білмегендігін Туған әкесінен көреді.
- Жаман жасаққа қарамайды, Желінсау қосаққа қарамайды.
- Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.
- Жаман қорыққанын сыйлайды.
- Жаман өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды.
- Жаман өзін зорға балар.
- Жаман тумай жатып шөгеді, Жанбай жатып сөнеді.
- Жаман іс жоқ, Жаман ісші бар.
- Жаманға айтқан ақыл жапанға атқан оқпен тең.
- Жаманға ақыл айтсаң, жарға жығады.
- Жаманға сөз айтсаң, Ақыл таппас жол айтады.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ