Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер
«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Бектің ұлы шабырдан жығылса, тұлпарға мінгізеді.
- Бекіре балық тұмсығы тасқа тимей қайтпайды.
- Бес еннен белгілі.
- Бетегесі шоңқайған қояндай.
- Беті сұлудың сөзі сырдаң.
- Бидайдың басын көтергені – дәні жоқтығы; Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.
- Бит қабығынан биялай тоқыған.
- Биік ағаштың басын құрт жейді.
- Биік таудың басына, Қиялап ұшып қыран да шығады, Жер бауырлап, жылжып, Жылан да шығады.
- Бой жетпеген жерге ой жетеді.
- Бойыңдай бой табылғанмен, Ойындай ой табылмайды.
- Боқшасында боғы жоқ, Қызының атын Маржанбике қойыпты.
- Болат біз қап түбінде жатпас.
- Болат егеуге келсе де, илеуге келмейді.
- Болат қынға тоқтайды, Тентек көпке тоқтайды, Жомарт жоққа тоқтайды.
- Болған кісі «болдым» демес, «Болдым» десе, оңғаны емес.
- «Болдым» дегеннің, Қара жер түбіріне жетеді. «Жетістім» дегеннің, Кедейлік сіңіріне жетеді.
- Болмас адам қырық бесінде жас болар, Болар адам он бесінде бас болар.
- Болмасаң да ұқсап бақ.
- Боранды күні боқ құтырады, Бала мен ит құтырады.
- Борсықты ұр тұмсықтан, Тез өледі шымшықтан.
- Бос сөз тындағанша, Енем баласының қойнына барып жатпаймын ба?!
- «Бояушы, бояушы» дегенге сақалын бояйды.
- Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.
- Бөрік тастап бөріден құтыла алмассың.
- Буаз бие сүзеген сиырды мүйізінен таниды.
- Бура құтырса, тайлақпен ойнайды.
- Бурадан пішкен азбанға, Буыршын басып шөге алмас.
- Буынсыз жерге пышақ ұрма.
- Буыршынды бура бұзар, Пәйкелді бұғы бұзар.
- Бұғаудан шошынған асау, Қамытқа басын сұқпайды.
- Бұзаудың жүгіргені сабанханаға дейін.
- Бұл не қылған батпан құйрық, Тегіннен-тегін жатқан құйрық?
- Бұлбұл болып қырылдағанша, Шымшық болып шырылда.
- Бұлт шығып, жаңбыр жаумай елді алдайды, Әйелдің айлакері ерді алдайды.
- Бұралқы ит үріп жағады.
- Бұрын шыққан құлақтан Кейін шыққан мүйіз артық.
- Бүк түссе де менікі, Шік түссе де менікі.
- Былшығын аламын деп, Қылшығын алған.
- Біз де кісі болармыз, Атқа кісен салармыз.
- Білген кісі ұрыны пақыр дейді, Білмеген кісі ұрыны батыр дейді.
- Білгеннің жауы – білмеген.
- Білем деген – көп сөз, Білмеймін деген – бір сөз.
- Білмеген у ішер.
- Білімдіге ақыл айтқаның – бүлдіргенің.
- Бір атары бар.
- Бір есек қырық түйені жетелеп, жолдан шығарып әкетеді.
- Бір жаман мың қолды ірітер, Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.
- Бір жерде білгір, бір жерде міңгір.
- Бір ит көріп үреді, Бір ит еріп үреді.
- Бір қап жел едік, «Пыс» еттік те, басылдық.
- Бір оқты құлан көтереді, Екі оқты ұлан көтереді.
- Бір сүрінген қырық сүрінеді.
- Бір тауда бір киік.
- Бір тентек, бір ақылды таласса, Атысқан жаудай болар. Екі тентек таласса, Сап-саудай болар.
- Бір тойда екі жар жоқ.
- Бір ұрты май, Бір ұрты қан.
- Біреу білмегенді біреу біледі, Біреу жылайтынға біреу күледі.
- Біреу көріп күледі, Біреу еріп күледі.
- Біреуге бата, біреуге қате тиеді.
- Біреуге беріп жағасың, Біреуге еріп жағасың.
- Біреудің бойы аласа, Біреудің ойы аласа.
- Біреудің жоғын біреу, Өлең айтып жүріп іздейді.
- Біреудің түйедейін көрмеген, Түймедейді не қылсын?
- Гауһардың қадірін соқыр қор қылады.
- Дабысына табысы сай.
- Дананың ойы ортақ.
- Данышпаннан дәмелен.
- Дауды да, жауды да ақыл жеңеді.
- Даукес түсінде дау көреді.
- Дауың жоқ болса, кепіл бол.
- Дәме көп те, дәрмен жоқ.
- Дәмі жоқ қауынның түйнегі көп.
- Диуананың ойында да бір нәрсе бар.
- Доғалбас, от басында жоғалмас.
- Досым көп деп мақтанба, Малым көп деп мақтанба, Білгішсініп сұқтанба, Бәріңнен де зор бар.
- Досыңнан түйе сұра, Қорыққанынан бие береді.
- Досыңның пышағымен мүйіз кес, Дұшпанның пышағымен киіз кес.
- Дүние ақылдыға жарық, Ақылсызға тамұқ.
- Дүние ақылдыға жарық, Ақымаққа тамұқ.
- Ділгір, ділгірдің бәрі білгір.
- Егіле сүйген елжіретер, Ақыры бір күн еңіретер.
- Ез, езден без.
- Езбе мырыңдап жеңеді.
- Екі аяқты адам түгіл, Төрт аяқты мал да ақсайды.
- Екі басын ұстап, ортасын тістеп жүреді.
- Екі есерге бір есті.
- Екі желеу, бір сылтау.
- Екі жеп, биге шыққан.
- Екі жүзді пышақтан сақтанба, Екі жүзді адамнан сақтан.
- Екі иінін жұлып жеген.
- Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
- Екі мүйізі көк тіреген.
- Екі мылжың кездессе, әңгіме ұзарады, Екі тентек кездессе, шеке қызарады.
- Екі ойбайдың бір тобасы бар.
- Екі сөйлеу – өлімнің қара басы.
- Екі суайт бірін-бірі иландыра алмайды.
- Екі тау қосылады дегенге нан, Бұрынғы бұзық түзеледі дегенге нанба.
- Екі тышқан бір байдың жұртына таласыпты.
- Екінің бірі – егіздің сыңары.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ