Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақылды мен ақымақ туралы мақал-мәтелдер

«Ақылды мен ақымақ» тақырыбындағы 1053 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 11 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Арлану – ақылдың ісі.
  2. Арсыз бен санасыз күлкішіл.
  3. Арық атанды жүк қартайтады, Семіз қойды май қартайтады, Күйгелек адамды ой қартайтады.
  4. Арымақ, семірмек ойдан. Ойсыздың бәрі өркөкірек.
  5. Арын сатып ер болмас, Ажарын сатып сері оңбас.
  6. Арыстан Айға шауып мерт болған.
  7. Арыстандай әлің болса, Түлкідей айлаң болсын.
  8. Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі.
  9. Ас тасыса, қатығы төгілер, Ашу тасыса, ақыл төгілер.
  10. Асағысы келген, Ұрттағанды ынсап етпейді.
  11. Асқақтасаң, асқаққа асыларсың, Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың.
  12. Асқар тау алыстан көрінер.
  13. Аспандағы құсты ұятқа қалдырған – жердегі жем.
  14. Асығыстық пен ашудан ақыл күңгірт тартады.
  15. Асыл арытпайды, Жасық жарытпайды.
  16. Асыл жаныса, өтеді, Жасық жаныса, жасиды.
  17. Асылды егеу алмас.
  18. Асылды зергер, ерді ер таниды.
  19. Ат аяған жерге қарайды, Құс аяған көкке қарайды.
  20. Ат күйгелек болса, арық болар, Ер күйгелек болса, кәріп болар.
  21. Ат шабады, құс ұшады.
  22. Атқа мінген кісінің тайға тақымы толмайды.
  23. Атты жасқа сынат, Жасты кәріге сынат.
  24. Атты қойшы – ашулы қойшы.
  25. Аттыға тай мінсе де жарасады.
  26. Аттың бәрі тұлпар емес, Құстың бәрі сұңқар емес.
  27. Аты – бал, ісі – сал.
  28. Аузы көжедей қайнайды.
  29. Аузымен құс тістеп.
  30. Аузын ашса, көмекейі көрінеді.
  31. Аусардың қызықпайтыны жоқ.
  32. Аш отырып, ас таңдайды, Жаяу отырып, ат таңдайды.
  33. Ашу – ақылдың дұшпаны, Нәпсі – иманның дұшпаны.
  34. Ашу – пышақ, ақыл – таяқ, Жона берсең, таусылар.
  35. Ашу арындайды, Ақыл артынан аяңдайды.
  36. Ашу келсе, ақыл кетер, Ашудан ақыл көп болса, не етер?
  37. Ашу тасады, ақыл басады.
  38. Ашудың ақылы болмас, Тоқтың қайғысы болмас.
  39. Ашулы баста ақыл жоқ.
  40. Ашуы шөккен нардай, жауған қардай.
  41. Ашуың келсе, аузыңды жап.
  42. Аюдың қасында шошқа жіптіктей.
  43. Аюдың үңгірі өзіне лайық.
  44. Аяғы боқта, төбесі көкте.
  45. Аяғы үлкен сыйғанын киеді, Аяғы кіші сүйгенін киеді.
  46. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл.
  47. «Ә» десе, «мә» деген.
  48. Әжептеуір ән еді, Пұшық мұрын бүлдірді.
  49. Әйел асқақтаса, жылайды, Еркек асқақтаса, құлайды.
  50. Әйелдің ақылы көркінде, Еркектің көркі ақылында.
  51. Әкеңде жоқ арғымақ, шешеңде жоқ арғымақ, сен қайдан шықтың тіке жардан қарғымақ?
  52. Әл керек, айбар керек, Әлсіз айбар неге керек?
  53. Әлділігіңе сенбе, әділдігіңе сен.
  54. Әлсіз кісі жағымпаз, Кербез кісі қырымпаз.
  55. Әлі келген алып та, шалып та жығады.
  56. Әр заманда бір көреген.
  57. Әр таудың түлкісін өз қыраны алады.
  58. Әр таудың шүйгінін аңсаған бұғы аштан өледі.
  59. Әр іске ақыл сыншы.
  60. Әркім өз бойына тон пішеді.
  61. Әркім өз қозысын қошқар санайды.
  62. Әркімнің кеудесіне бір аяқ айран сияды.
  63. Әркімнің өз қолы өзіне қарай бүкір.
  64. Әркімнің өзіне лайық қалыбы бар.
  65. Әтешке шақыр десең, Таң атсын дейді.
  66. Әтештей ғана әлі бар, Атан жүгін көтермек.
  67. Әуедегі тырнадан жердегі торғай артық.
  68. Әулиеден бас жесең, Жүре-бара тас жерсің.
  69. Бай қасына көшіп бар да, Байымасаң, маған кел. Қу қасына көшіп бар да, Құрымасаң, маған кел.
  70. Байдан ауысады, балдан жұғысады.
  71. Байдан пайда, қудан айла артылмас.
  72. Байлауы жоқ шешеннен Үндемеген есті артық. Бәйге алмаған жүйріктен, Белі жуан бесті артық.
  73. Байын билеген әйел ауылды билеймін деп Шәрһәкім болады.
  74. «Бақ» десең де, «шақ» десең де жейді арыстан.
  75. Бақсам, бақа екен.
  76. Бақсы бақсыны, Жақсы жақсыны көре алмайды.
  77. Бақсыға ауруды қаратсаң, «Пақыр, – дейді, Қара ешкінің өкпесімен қақтыр», – дейді.
  78. Бақыл әулие емес, Әулие бақыл емес.
  79. Бақыттың көзі соқыр: не тазға, не ақылы азға қонады.
  80. Бақыты жоқ адамға, Бадырайған көз береді. Дауасы жоқ ауызға, Сылдыраған сөз береді.
  81. Бал татыған балық сорпасын ішпейтін қарағым, Қоңырсыған қой сорпасын ішіп қор болды-ау.
  82. Бал тәтті екен деп, Бармағыңды жұтып қойма.
  83. Балғын гүлде сояу жоқ, Қас сұлуда бояу жоқ.
  84. Балта шапқанша бөрене жол табады.
  85. Балық асқа бата жүрмейді.
  86. Бар болсаң «жоқпын» деме, Жоқ болсаң «тоқпын» деме.
  87. Бар малын жейді, Ұятсыз арын жейді.
  88. Бармын деп тасыма, Жоқпын деп жасыма. Кеудеде жан барда, Әр іс түсер басыңа.
  89. Бас аяқтан ақыл сұрамайды.
  90. Баста ақыл болмаса, Көз – бөстектің жыртығы.
  91. Батпаққа батқан пілді піл ғана шығара алады.
  92. Батпан құйрық, Жол үстінде не қылып жатқан құйрық.
  93. Батыр – аңғал, палуан – аптық.
  94. Батыр аңғал, ер көдек.
  95. Батыр деген – барақ ит, Екі қатынның бірі табатын. Би деген – ақсары ат, Бүтін елге біреу табатын.
  96. Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар, Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар.
  97. Батыр ханға қас, Мерген аңға қас.
  98. Бәйге ат мүсінін жасырады.
  99. Бәйге атқа бәйге ат шалдырмайды.
  100. Бейтаныс адам – бітеу жаңғақ.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ