Су туралы мақал-мәтелдер
«Су» тақырыбындағы 460 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
- Отқа оралып, суға сүрініп жүреді.
- Оттан алып, суға салады.
- Отын – олжа, су – нұрлық.
- Өзегің талса, өзен жағала, Басыңа іс түссе, көпті сағала.
- Өзен ақса – көл, Дария ақса – сел.
- Өзен бойы тұрғанда, Өзге жерге қонбаңыз.
- Өзен жағалағанның өзегі талмас.
- Өзен көлге, көл елге құяды.
- Өзен суын жаңбыр тасытады, Адам қадірін еңбек асыртады.
- Өзен-суға жарасқан қамысы мен қоғасы, Қарияға жарасқан аузындағы тобасы.
- Өзеннің көркі – жар, Түйенің көркі – нар.
- Өзі сөнейін деп тұрған отқа су бүрікпе.
- Өлкенің көркі мал болар, Өзеннің көркі тал болар.
- Өлмеген құл алтын аяқпен су ішер.
- Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ.
- Өнер – бұлақ, білім – шырақ.
- Өріске қарай мал өсер, Өзенге қарай тал өсер.
- Пайда да бір, аққан су да бір.
- Пайдасы бар жігіттер, Дария шалқар көлмен тең. Пайдасы жоқ жігіттер, Ел қонбайтын шөлмен тең.
- Пайдасыз бұлт теңізге жауады.
- Сағадағы су ішер, аяқтағы у ішер.
- Сағым суға сусының қанбас.
- Сағынған елін аңсайды, Сарала қаз көлін аңсайды.
- Салынды суға кетеді, Сағым қуған түбіне жетеді.
- Сараң да бір, сасық су да бір.
- Сасық суға ащы бұта бітеді, Сасық суда бақа айғырлық етеді.
- Сасық суда жайын жоқ, Олжа малда қайыр жоқ.
- Саудагер – қасық, ел – теңіз.
- Саяз су сарқырап ағады.
- Сиыр су тастамайды, Қатын үй тастамайды.
- Сиыр су ішкенде бұзау мұз жалайды.
- Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді.
- Сиырға су көрсетпе, Жаманға сый көрсетпе.
- Сөз атасы – құлақ, Су атасы – бұлақ, Жол атасы – тұяқ.
- Су – диханның қаны, Жер – қолыңдағы наның.
- Су – зер, сушы – зергер.
- Су – қан, еңбек – жан.
- Су – ырыстың көзі, Еңбек – кірістің көзі.
- Су ағады сағадан, Жол болады ағадан.
- Су ағады, тас қалады.
- Су ағар да, тас қалар, Кәрі өтер де, жас қалар.
- Су айналып жазығын табар, Ат айналып қазығын табар.
- Су аққан жерінен ағар, шөп шыққан жеріне шығар.
- Су ақса – сайына, Жылқы жоғалса – үйіріне.
- Су анасы – бұлақ, Сөз анасы – құлақ.
- Су аяғы құрдым.
- Су басынан бұзылады.
- Су бергеннің сауабы бар, Су төккеннің сұрауы бар.
- Су бермегенге сүт бер, Ақ ниетіңді білсін.
- Су бермегенге сүтіңді бер – ақ ниетіңді білсін.
- Су болмай балық аулауға болмас, Жүз жыртпай дау даулауға болмас.
- Су бір аққан жерінен мың ағар.
- Су жетпейін демейді, Жар жеткізбейді. Ер жетпейін демейді, Мал жеткізбейді.
- Су жұмсақ, тамшылап тасты теседі, От жұмсақ, темірді балқытады.
- Су жүрген жер – береке, Ел жүрген жер – мереке.
- Су жүрген жер шүлен.
- Су кезегінен қалған он екі ай аш.
- Су келтірер бір кісі, Егін егер мың кісі.
- Су келтірер мәрт кісі, Егін егер ер кісі.
- Су қадірін шөл зардабын шеккен біледі.
- Су қатайса мұз болар.
- Су патшасы – мұрап, Түн патшасы – шырақ.
- Су перісі – сұлтан.
- Су сағасы – бұлақ, Сөз сағасы – құлақ.
- Су сүзілмейді, сүйек үзілмейді.
- Су тасыса – жиегіне, Ер тасыса – еліне.
- Су тиген өрттей сөнді.
- Су тоқтаса тоқтар, сұм тоқтамас.
- Су төркіні – әуіз, Сөз төркіні – ауыз.
- Су түбінде ақбалық, Аузыма сал балық.
- Су ішкен құдығыңа түкірме.
- Суға кеткен тал қармайды.
- Суға салған тонның енді аяйтын несі қалды?
- Суға сиген – атасының сақалына сиген.
- Суға тері и болмас, Сұғанақ жігіт би болмас.
- Судағы балыққа қуанба, әлі сенікі емес.
- Суды құм бөгейді, Дауды қыз бөгейді.
- Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.
- Судың басы бұлақ болса да, Аяғы құяр теңізге. Жақсыдан жаман туса да, Тартпай қоймас негізге.
- Судың басы бұлақ болса, аяғы құяр теңізге. Жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге.
- Судың да сұрауы бар.
- Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер.
- Судың пірі – Сүлеймен.
- Судың түбін шым бекітеді, Сөздің түбін шын бекітеді.
- Сулы жер құрақсыз болмас, Таулы жер бұлақсыз болмас.
- Сулы жердің қасиеті сағасында, Нулы жердің қасиеті ағашында.
- Сумен ойнама – батарсың, Отпен ойнама – жанарсың.
- Сумен ойнама – батарсың, Отпен ойнама – күйерсің.
- Сусағанның түсіне су кіреді.
- Сусыз жердің оты арам.
- Сусыз жердің шөбі аясыз, Ұлсыз елдің малы аясыз.
- Суы ащы теңізден томар да болса көл артық.
- Суымен Жайық әдемі, Ескегімен қайық әдемі.
- Сұлу дегенге су да риза.
- Сұмырай келсе су құрыр.
- Сүмбіледе су суыр, Таразыда таң суыр.
- Сүттен ақ, судан таза.
- Сыйлап берген су Сатып алған балдан тәтті.
- Сыйлап берген су тәтті.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ