Су туралы мақал-мәтелдер
«Су» тақырыбындағы 460 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Балалар ойнап жүріп су төгеді, Қарттар тайып жамбасын сындырады.
- Балығы болмаған көл құрысын, Киігі болмаған шөл құрысын.
- Балығы болмаған көлі құрысын, Киігі болмаған шөлі құрысын.
- Балығы жоқ көл қысыр, Басы жоқ гүл қысыр.
- Балық – көлге, бақа – шөлге.
- Балық аулай алмаған суды лайлайды.
- Балық аулай алмаған суды лайлар.
- Балық басынан шіриді, Су басынан бұзылады.
- Балық жеген «су, су» дейді, Көлік айдаған «шүу, шүу» дейді.
- Балық жеген «су, су» дер, Қос айдаған «шу, шу» дер.
- Балық суында, Бақа сазында.
- Балықта сүт болмайды, Шабағын теңіз асырайды.
- Балықта сүт жоқ, Баласын су асырайды.
- Балықтың жаны суда.
- Балықтың өзі суда, көзі қырда.
- Балықтың өзі суда, көзі сыртта.
- Балықшы суда жүрсе де, сусап жүреді.
- Балықшының аты суға жарымайды.
- Бармақтай баққара суды теріс ағызған ақылдан артық.
- Бассыз жерге жалшы айғыр, Балықсыз көлге бақа айғыр.
- Бастау солса да, бәйтерек солмайды.
- Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады.
- Бата – бастан, су – аяқтан.
- Батпағы бар көлдерден Су ішетін сай артық. Қамшылатқан шабаннан Өзі жүрер тай артық.
- Батыр – елдің сәулеті, Балқұрақ – көлдің сәулеті.
- Батыр – өктем, балуан – алып, Әйел – дария, ер – балық.
- Бедеу деген биеңнің төл салмасын білдің бе, Бетегесіз тақырға көл толмасын білдің бе.
- Бектің бұлағынан су ішпе.
- Бетінен су ішпейсің.
- Бетің былғанса, су тазалайды, Арың былғанса, кім тазалайды?
- Бос құдық тамшымен толмас.
- Боталаған түйеден, Бұлақ суы артылмас; Құлындаған биеден, Құдық суы артылмас.
- Буынсыз жерге пышақ ұрып, Суатсыз жерден суға түспе.
- Буыршын мұзға таймас.
- Бұқа буға семіреді, Қайғысыз суға семіреді.
- Бұлағы болмаса, өзен де сарқылар.
- Бұлақ басынан тұнады.
- Бұлақ көрсең, көзін аш.
- Бұлақ суын теңізге сүйрейді.
- Бұлаққа бұлақ қосылса, егізбіз дер, Көлге көл қосылса, теңізбіз дер.
- Бұлт бірігіп жерге жаңбыр құяды, Көп бірігіп көлді шөлге құяды.
- Бұлт өзеннен бу алса жауады.
- Бұлт өзеннен су алса ғана жауады.
- Бұршақта қалған жаңбырдан қорықпас.
- Бүрге тұту үшін де бармағыңды сулайсың.
- Былай барсам – Қорқыттың көрі, Былай барсам – шүршіттің көлі.
- Білім – бұлақ.
- Білім – дария көл, Надандық – сусыз шөл.
- Білім – дария, Ақыл – тоған.
- Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ.
- Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.
- Бір-бірлеп мың болар, Тама-тама көл болар.
- Біреу суға жете алмадым деп «аһ» ұрады, Біреу судан өте алмадым деп «аһ» ұрады.
- Біреу шөл болса, Біреу көл болсын.
- Ғалым деген – дария, Қыса берсең, таси береді, Надан деген – есек, Қыса берсең, жаси береді.
- Ғылым – теңіз, білім – қайық.
- Ғылым табу – инемен құдық қазғандай.
- Дария арам болмайды ит қанша сигенмен.
- Дария жанынан құдық қазба.
- Дария толы су болса ит тілімен су ішер.
- Дарияға ат салмай тұрып өткелін тап.
- Диқан жерін мақтайды, Балықшы көлін мақтайды, Кәсіпкер кенін мақтайды.
- Дүние – үлкен көл, Замана – соққан жел.
- Дүние деген – сордың суы, Іше берсең, кептіре береді.
- Еділ суы бар болса, елге жетер.
- Екпесең, жер қысырайды, Күтпесең, көл қысырайды.
- Екі бие – ел асы, Үш бие – бұлақ басы, Бір бие – жоқтың қасы.
- Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.
- Ел ағыны мен су ағыны бір.
- Ел ағыны мен су ағыны тең.
- Ел жағалай қонбаса, Айдын шалқар көл жетім, Қаптай көшкен елі жоқ, Құлазыған жер жетім.
- Ел көркі – мал, өзен көркі – тал.
- Ел қадірін білмеген – занталақ, Көл қадірін білмеген – дуадақ.
- Ел құты – қария, Жер құты – дария.
- Ел от алған жерге су төкпе.
- Елдің құты белеңде, Судың құты тереңде.
- Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.
- Ер қолында мал тұрмайды, Елек ішінде су тұрмайды.
- Ердің аты көлдей, өзі шөлдей.
- Еркек көп болса, отын жоқ, Әйел көп болса, су жоқ.
- Еркек көп жер отынға жарымайды, Әйел көп жер суға жарымайды.
- Ерінбеген елекпен су ішеді.
- Естіге айтқан ақыл сөз, Шыңға тіккен тумен тең, Ессізге айтқан ақыл сөз, Құмға сіңген сумен тең.
- Етігіңді шешпей суға түспе.
- Жайын айтса, Жайықтан су ауыспайды.
- Жақсы қатын жүн қарыз алады, Жаман қатын су қарыз алады.
- Жақсы мұраптың соңынан су ереді, Жаман мұраптың соңынан шу ереді.
- Жақсыға айтқан тура сөз, Жасақ тіккен тумен тең. Жаманға айтқан тура сөз, Құмға құйған сумен тең.
- Жақсылық суға батпас, Бір шығар, тегін жатпас.
- Жаман адамға мал бітсе, Кетпестей көреді. Үсті су болса, Кеппестей көреді.
- Жаман көлдің суы ащы, Жаман адамның тілі ащы.
- Жаман сайға су түссе, Өткел бермес кешуге. Жаман адамға іс түссе, Жаныңды сұрар шешуге.
- Жаманға ақыл айтсаң, алдайды дер, Жаман атпен су кешсе, жалдайды дер.
- Жанжалдың шоғы қызарса, Ақылдың суын сеп.
- Жаңбыр жаумай су болған.
- Жаңбыр жауса – жер тоқ, Егін ексе – ел тоқ, Бұлақ ақса – көл тоқ, Еңбек етсе – ер тоқ.
- Жатқан тастың астымен су ақпайды.
- Жауызға айтқан жылы сөз, Суға жазған сертпен тең.
- Жел жеріне, жекен суына.
- Жемес жерде ет бар, Ішпес жерде су бар.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ