Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Су туралы мақал-мәтелдер

«Су» тақырыбындағы 460 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Сыйлап берсе, су да іш.
  2. Сыйласқанның суын іш.
  3. Сылдырсыз аққан судан без.
  4. Сынаманың сұлу сөзі, Су түбіне кетірер. Қыздырманың қызыл тілі, Сүйгеніңнен кетірер.
  5. Сырдың суы сирағынан келмейді.
  6. Тақыр жерге су төксең, тайғақ болар, Жаманға сырыңды айтсаң, айғақ болар.
  7. Талап – адамнан, дем – су – Алладан.
  8. Талқы – елге пайда, Тамшы – жерге пайда.
  9. Талқы – ерге пайда, Тамшы – жерге пайда.
  10. Тама берсе, тамшыдан дария болар.
  11. Тамшы – жерге пайда, талқы – ерге пайда.
  12. Таста тамыр жоқ, Тасбақада бауыр жоқ, Суда қаймақ жоқ.
  13. Тау бұлағы сәнді, көл құрағы сәнді.
  14. Тау бұлағымен көрікті, Бұлақ құрағымен көрікті.
  15. Тау да шөгеді, су да солады.
  16. Тау кезеңсіз болмас, Өлке өзенсіз болмас.
  17. Тау мен тасты су бұзады, Адамзатты сөз бұзады.
  18. Таудағы қар – көлдің басы, Күздегі күйек – төлдің басы.
  19. Таудай толқын басса да, Суға батпас қасқалдақ, Қанша боран соқса да, Қыран ұшар аспандап.
  20. Тәуекел дария кештіреді.
  21. Тәуекелдің кемесі суға батпас.
  22. Тәуекелсіз іс бітпейді, Тәуекел етпеген арықтан өтпейді.
  23. Тентектің түбі – теңіз.
  24. Теңіз – тамшыдан.
  25. Теңіз дәмі – тамшыдан.
  26. Теңіз кешкенге өзен сирағынан келмейді.
  27. Теңізді дауыл, халықты сөз көтереді.
  28. Теңізді төңіректегеннің несібесі егіз.
  29. Терең құдықтың суы тәтті.
  30. Терең судың ағысы білінбес.
  31. Тереңдігі теңіздей, Қайраты қара өгіздей.
  32. Терлей-терлей тоған байласаң қызара бөртіп су ішерсің.
  33. Тозаң басқан құдық та бір, Тозығы жеткен ғұрып та бір.
  34. Толған ел – толықсыған көл.
  35. Толықсып аққан дария – мейірманды қария.
  36. Төлге төл қосылса – егіз, Көлге көл қосылса – теңіз.
  37. Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен, Май түспес қара суды піскенменен.
  38. Тұйық судың түбі – құрт.
  39. Тұнық суда түлен туады.
  40. Тұңғиық қара суға Түйе бойлап шыға алмас. Кім атадан жаман туса, Сөзі оның пұл болмас.
  41. Тізеден келер суға белден тәубе.
  42. Тіл – бұлбұл, сөз – бұлақ.
  43. Ұры – қасық, ел – теңіз.
  44. Халқын ойламаған хан семіз, Дүние оған су-теңіз.
  45. Халық сүймес, Сүйгені суға батпас, отқа күймес.
  46. Ханның қасында болғанша, Судың басында бол.
  47. Шал болғанмен қария болмас, Шалшық су жиналып дария болмас.
  48. Шариғат – ағып жатқан бұлақ, Бұрынғының сөздері – жағалай біткен құрақ.
  49. Шешінген судан тайынбас.
  50. Шортанды деген көлге бар, Шортан түгіл шабақ жоқ.
  51. Шөл жағалап қонба, көл жағалап қон.
  52. Шөлде құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Таңырға ағаш еккен бір сауап.
  53. Шөлдеген адамға сағым – дария-су.
  54. Шөлдегенге сағым су болып көрінер.
  55. Шөлдегі шұқанақ суға тоймас.
  56. Шөлдегі шұқанақ суға толмас.
  57. Шөлдеп ішкен қара су шекер емей немене. Тебінгенмен біткен мал бекер емей немене.
  58. Шөлмен жүрсең де, жолмен жүр, Жол көлге, көл елге апарады.
  59. Шығысы жаман қамысты, Су ішінен өрт шалар. Пейілі жаман адамды, Түйе үстінен ит қабар.
  60. Шын жомартқа жолықсаң, Су орнына бал берер. Шын батырға жолықсаң, Сен үшін жан берер.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ