Су туралы мақал-мәтелдер
«Су» тақырыбындағы 460 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Жер – қазына, су – гауһар.
- Жер байдікі, су сайдікі.
- Жер жастанып, су сүйеніп жүрген.
- Жер қазына, Су – алтын, Мал – байлық.
- Жер сатып алмай тұрып суын сұра, Үй сатып алмай тұрып көршісін сұра.
- Жерді тамшы, ерді қамшы ширатады.
- Жердің бақыты тайса, Су сайға құлайды.
- Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық.
- Жылай-жылай арық қазған, Күле-күле су ішер.
- Жылға суы таусылса, тау тесіледі.
- Жігіт – жерінде, жекен – көлінде.
- Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады.
- Иірімі жоқ судан иірілген балық не табады?
- Кәрілікте ой – у, өмір – су, үміт – бу.
- Кеме келсе, қайық судан шығады.
- Кемеші келсе, қайықшы судан шығар.
- Кетпенім сай, шотым сай, Қазсам суға жетемін. Атаным сай, атым сай, Көшсем нуға жетемін.
- Көз – бұлақ, көңіл – сынап. Күнім – базар, түнім – түс.
- Көз жұмбай дария кешпек жоқ.
- Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, Ізіңді қалдыр – жақсылық мұра шаша жүр, Өзіңді қалдыр – бау өсіріп, жаса нұр.
- Көкті бу көтереді, Жерді су көтереді, Жүйрікті ау көтереді. Жүкті нар көтереді, Өлімді бар көтереді.
- Көктің суын көптен аяма.
- Көл азса, сазаны кетіп, табаны қалады. Ел азса, жақсысы кетіп, жаманы қалады.
- Көл байлығынан көңіл байлығы қымбат.
- Көл жағалаған өлмес.
- Көл көлге құяды, Сел селге құяды – шұқанаққа дым да жоқ.
- Көл тартылса құс қашар.
- Көлдің аққуы кетіп, қазы қалды, Өмірдің көбі кетіп, азы қалды.
- Көлдің көркі – құрақ, Таудың көркі – бұлақ.
- Көлдің құты кетсе, Көкқұтан бір жыл бұрын кетеді.
- Көлмін деп мақтанасың, Суыңда бір балық жоқ.
- «Көлмін» деп көпіресің ішінде бір балығың жоқ.
- Көңіл – бірде көл, бірде шөл.
- Көңіл – дария, көз – найза.
- Көңілден көңіл су ішеді.
- Көңілі су сепкендей.
- Көңілім келсе, көлдеймін, Көңілім келмесе, шөлдеймін.
- Көп – дәнекер, көлді де бекітер.
- Көп ел – сарқылмас көл.
- Көп жүрген көгерер, Көл аққан жерге нұр кірер.
- Көп көмектескен күрмекпен су ішеді.
- Көп тепкен жерден көл шығады.
- Көп түкірсе, көл болады, Көп біріксе, ел болады.
- Көптің ақылы – көл.
- Көптің күші көлдей, Көшіп жүрген желдей.
- Көрмеген көлде естімеген құстың үні бар.
- Күн шыққан соң, Қуарған суды Күн жұтады, Күн батқан соң, Суарған суды Жер жұтады.
- Күріш арқасында күрмек су ішеді.
- Күріштің күні сумен.
- Кімнің отын оттасаң, соның суын ішерсің.
- Кірді сумен жуады, суды немен жуады?
- Қаз бен үйректің панасы – көл, Жетім мен жесірдің панасы – ел.
- Қаз ұшса, көлді үйрек иеленеді.
- Қаз шөлде жүрсе де, көзі көлде болар.
- Қазан аузы жоғары, қармақ суда.
- Қазғанмен су шықпайды қыр басынан.
- Қайғысыз қара суға семіреді.
- Қайғысыз ішкен қара судың қаймағы бір елі.
- Қайғысызға қара су да ас.
- Қайнаған қара суда қасиет бар.
- Қайраңы жоқ көлден без, Қайырымы жоқ ерден без.
- Қайықшымен жақын болсаң, Дауыл күні қайығын суға саларсың.
- Қайырсыз байдан қайнатқан су артық.
- Қалған көлге бақа айғыр.
- Қамысты жаққанмен шоғы болмас, Көк суды ішкенмен тоғы болмас.
- Қамыстың басы майда, түбі суда.
- Қара суға жапалақтап қар жауса қара балық ұрық салады.
- Қара суда қаймақ жоқ, Қас шеберде оймақ жоқ.
- Қара судан қаймақ алған.
- Қара суды теріс ағызған.
- Қарны ашқанға қара нан май татыр, Шөлдегенге қара су бал татыр.
- Қасықпен көлді құрта алмайсың, Қастықпен елді құрта алмайсың.
- Қасықтап алғанмен көл таусылмас, Ұры қанша алғанмен ел таусылмас.
- Қасыңда қара көп болса, Нөкер емей, немене? Шөлдегенде ішкен су Шекер емей, немене? Ат жалынан тапқан мал, Бекер емей, немене?
- Қатты қаңтар болмай, Су-теңіз тоңбайды, Қатын шайпау болмай, Ер жалғыз үй қонбайды.
- Қуды қу табады, шұқанақты су табады.
- Қудың аяғына су жұқпас.
- Құдық қазсаң көлді қаз, көл суалмай суалмас.
- Құдықтан су ішкен, Қазғанға рахмет айтады.
- Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
- Құлан қайда семірсе, сол жерге түгін төгеді, Бұлт қайда төнсе, тамшысын сонда себеді, Ел қайда қоныстанса, күлін сонда үйеді.
- Құлан құдыққа құласа, Құлағында құрбақа ойнар.
- Құлан қырда, құндыз суда.
- Құлындаған байталдан, Құдықтағы су артылмайды.
- Құр судан май шықпайды, Құр сөзден мән шықпайды.
- Құрттаған қой құдық басында.
- Құс қонбаған көл жетім, Ел қонбаған жер жетім.
- Құстың қонар жерін су білер, Мал қонысын ну білер.
- Қыдырдың қасында болғанша, Бұлақтың басында бол.
- Қыздың малы – қардың суы.
- Қысқы шілдеде ну сақта, Жазғы шілдеде су сақта.
- Мақтаның анасы – жер, Атасы – су.
- Молалы жерде көл болар, Көлді жерде ел болар.
- Нұр – Ай сұлулығы, Су – сай сұлулығы.
- Ойламаған ми сасиды, Ақпаған су сасиды.
- Оқу – инемен құдық қазғандай.
- Оқыған қара суға қарсы жүзер.
- Оң сөз өзен тоқтатар.
- От – арық, су – семіз.
- От пен су – тілсіз жау.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ