Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сандар туралы мақал-мәтелдер

«Сандар» тақырыбындағы 466 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Бір бөрінің баласы алты болар, бес болар, Абзалы оның бір болар. Абзалынан айрылса, Әрқайсысы әр далада Әрбір итке жем болар.
  2. Бір гүл толып ашылады, Бір гүл солып ашылады.
  3. Бір дауда екі күмән жоқ, Бір істе екі жаға жоқ.
  4. Бір де болса, бірегей болсын.
  5. Бір елі ауызға екі елі қақпақ.
  6. Бір ені ішінде, бір ені сыртында.
  7. Бір ердің дәулетіне қырық адам мас болады.
  8. Бір есіктен кіріп, Бір тесіктен шығып.
  9. Бір есікті жасау үшін Мың есіктің үлгісін көр.
  10. Бір етікке екі аяқ симас.
  11. Бір жақсаң, үйіп жағасың, Бір жақсаң, құртып жағасың.
  12. Бір жақсы бір жаманмен қас болмас, Есебін тауып дос болмас.
  13. Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.
  14. Бір жақсы менен бір жақсы мұрат қылады.
  15. Бір жақсы мың қолды ерітер.
  16. Бір жақсының шарапаты мыңға тиеді, Бір жаманның кесапаты мыңға тиеді.
  17. Бір жаманның кесапатынан аққан дария құриды.
  18. Бір жаманның кесірі мыңға тиеді.
  19. Бір жапырақ нан тапсаң, қанағат ет.
  20. Бір жас – бірдей құрдас.
  21. Бір жас жігіт айтыпты: «Ұзын бойлы ақымақтан, Қысқа бойлы ақылды артық».
  22. Бір жас малдан құрдас, Екі жас зордан құрдас.
  23. Бір жас үлкеннен ақыл сұра.
  24. Бір жебемен қос нысана оққа ұшты.
  25. Бір жеп тояр ас үшін Бар күшіңді сарып етпе.
  26. Бір жоқты бір жоқ табар.
  27. Бір жол бар – алыс, алыс та болса – жақын.
  28. Бір жол бар алыс, Алыс та болса, жақын. Бір жол бар жақын, Жақын да болса, алыс.
  29. Бір жұтым суды да бөлісіп іш, Жалғыз отырып жеген жалғыз өледі.
  30. Бір жүз елу тараудан тұратын ақыл оқып берсең де, ақымаққа ойыншық көрінеді.
  31. Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
  32. Бір жылы сөз бір күнгі азық.
  33. Бір жітікке бір саяқ қосылады.
  34. Бір заманда бөрі едік, Тайды басып жер едік.
  35. Бір ит көріп үреді, Екі ит еріп үреді.
  36. Бір кеменің басын ұстаған мұратына жетеді, Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
  37. Бір көзін аша қарап, Бір көзін баса қарап.
  38. Бір көлдің тынышын бір бақа бұзады.
  39. Бір күлкі денсаулыққа жақсы.
  40. Бір күн абдырағаннан қырық күн ақыл сұрама.
  41. Бір күн ашыққаннан Қырық күн ақыл сұрама.
  42. Бір күн дәм татқанға, Қырық күн сәлем бер.
  43. Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама.
  44. Бір күн қонса – құт, Екі күн қонса – жұт.
  45. Бір күн тусаң, бір күн өлерсің.
  46. Бір күн туылыппын, Бір күн өліппін.
  47. Бір күн ұрыс болса, Қырық күн береке кетеді.
  48. Бір күн ұрысқан үйде Қырық күн береке болмайды.
  49. Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
  50. Бір күндік жолға шықсаң, Үш күндік жол азық ал.
  51. Бір күндік жолдасқа Қырық мәрте сәлем.
  52. Бір күндік ұрыстың Қырық күндік кесірі бар.
  53. Бір кірпіштен үй салмас.
  54. Бір кісі арық қазады, Мың кісі су ішеді.
  55. Бір кісі мың кісіге олжа салады.
  56. Бір қарғамен қыс келмес.
  57. Бір қарын майды бір құмалақ шірітер.
  58. Бір қатынның айласы Қырық есекке жүк болған.
  59. Бір қатынның ері өлсе, Қырық қатын күндес болады.
  60. Бір қатынның кесірі Қырық есекке жүк болды.
  61. Бір қатынның мекері қырық есекке жүк болар.
  62. Бір қой қоздаса, Бір түп шөп артық шығады.
  63. Бір қолың бір қолыңды жуады.
  64. Бір қора қасқырды бір қойға бақтырса, Бәрі қой болып кетеді. Бір қора қойды бір қасқырға бақтырса, Бәрі қасқыр болып кетеді.
  65. Бір Құдай жетелеп, Екі ажал айдап келеді.
  66. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
  67. Бір құмалақ бір қарын майды шірітер, Бір жаман мың қойды ірітер.
  68. Бір құмалақ бір қарын майды шірітер, Бір жаман мың қолды ірітер.
  69. Бір құртты бөле же, Жарты құртты жара же.
  70. Бір қыз күйеуге шықса, Қырық қыз түс көреді.
  71. Бір қыздың күйеуі келсе, Қырық қыз қайық береді.
  72. Бір қызымнан бір қызым сорақы.
  73. Бір қылғанды екі қылады, Екі қылғанды әдет қылады.
  74. Бір лақ екі адамды талтаңдатады.
  75. Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды.
  76. Бір оқты бұлан көтереді, Бір оқты құлан көтереді.
  77. Бір оқты бұлан көтереді, Бір оқты ұлан көтереді.
  78. Бір оқты құлан көтереді, Екі оқты бұлан көтереді.
  79. Бір осалдық болады екен әр ерде, Бірер айып болады екен өнерде. Басын алса соның үшін адамның, Ешкім тірі қалмас еді о жерде.
  80. Бір пайда – пайда, Екі пайда қайда?
  81. Бір пайдадан кешіккен, Мың кісіге дос болады.
  82. Бір тай бие болмайды, Екі тай түйе болмайды.
  83. Бір таппаң, Бір тапқан соң к…т жаппаң.
  84. Бір тау бір тауға қосылды десе, сен, Жаманнан жаман әдеті қалды десе, сенбе.
  85. Бір тентек бір ақылды таласса, Атысқан жаудай болар. Екі тентек дауласса, сап-саудай болар.
  86. Бір теңге бие болмас, Екі теңге түйе болмас. Біреу малын қызғанған Өз малына ие болмас.
  87. Бір тойған аштықты ұмытады.
  88. Бір тойған екі күн тоқ жүреді.
  89. Бір тойынның басы ауырды екен деп, Барлық тойынның басы ауырмайды.
  90. Бір түйенің екі өркеші, Бірі кетсе, күші жоқ.
  91. Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
  92. Бір түлкі жеті бөріні алдайды.
  93. Бір түлкінің терісін екі рет соймайды.
  94. Бір түлікке бай болғанша, Әр түлікке сай бол.
  95. Бір түп шеңгелді мың жыл қоралағанмен бау болмас.
  96. Бір тілегім орындалса, тағы бар, Бірі бітсе, тағы бірі табылар.
  97. Бір ұрғашының айласы қырық есек, Бір қашарға жүк болар.
  98. Бір үй аш болса, ауыл аш, Ауыл аш болса, аймақ аш.
  99. Бір үй толған жансың, Бір-біріңе меймансың.
  100. Бір үй толы жан, Бір-біріне мейман.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ