Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сандар туралы мақал-мәтелдер

«Сандар» тақырыбындағы 466 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Алты қатын азаға келсе, Әрқайсысы өз мұңын айтып жылайды.
  2. Алты қатын аққа барса, Әрқайсысы мұңын айтар.
  3. Алты қатын асқа барса, Әрқайсысы өз жырын жырлайды.
  4. Алтыға дейін бала ерке, Алпыстан кейін шал ерке.
  5. Алтыдағы бала атқа мінсе, Алпыстағы ата алдынан шығады.
  6. Алып алтау, жеп жетеу болмас.
  7. Алып алты болмаған, Жеп жеті болмайды.
  8. Алып алты, жеп жеті болмайды.
  9. Алысса, екі ердің бірі өледі.
  10. Алыстан алты жасар бала келсе, Алпыстағы қарт шығып атын байлар.
  11. Анадан артық дос бар ма? Ашудан жаман қас бар ма? Жиырма бестен жақсы жас бар ма? Қымыздан тәтті ас бар ма?
  12. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, Қарызынан құтыла алмайсың.
  13. Ант ішкеннің мыңы өледі, У ішкеннің бірі өледі.
  14. Аңқау астындағы атын Алты ай іздепті.
  15. Апат алпыс түрлі, Жұт жетпіс түрлі.
  16. Аптада бір суға түспесең, Тәніңді кір басады. Аптада бір досыңмен сырласпасаң, Жаныңды кір басады.
  17. Арамдықтың адымы алты тұтам, Арамдық қашып алысқа бармайды.
  18. Арамдықтың өрісі – алты-ақ адым.
  19. Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
  20. Арасында мұрын болмаса, екі көз бірін-бірі шұқыр еді.
  21. Арашашы болсаң, алты таяққа шыда.
  22. Арба жүрсе бір сықыр, Ат шапса бір тықыр.
  23. Арыстанда бір жігіттің күші, Қырық жігіттің жүрегі бар.
  24. Арыстанда қырық кісінің күші бар, Бір кісінің жүрегі бар.
  25. Арыстанның белгісі – артына қайырылып ақырмайды, қас батырдың белгісі – екі өкпеден оқ тисе, дұшпанына сыр беріп бақырмайды.
  26. Астарлы шапан тоңдырмас, Үш өрім жіп үзілмес.
  27. Астындағы атын алты ай іздейді.
  28. Асығып тиген әйел алты байдан шығады.
  29. Ат айлығын ойлайды, Түйе жылдығын ойлайды. Есек екі аяғының астын ойлайды.
  30. Ат баспаймын деген жерін үш басады, Ер көрмеймін деген жерін үш көрді.
  31. Ат баспаспын деген жерін үш басар.
  32. Ат бір басқан жерін үш басады.
  33. Ат жалын тартуға жарапты, Он екіде бір нұсқасы жоқ.
  34. Ат онында, жігіт отызында толады.
  35. Ат тоғызында толады, Жігіт отызында толады.
  36. Ат, Бір қылығы жат.
  37. Ата алмағанның оғы алты құлаш.
  38. Ата деген баланы «жаным» десе жарасар, Алты ұл тапқан қатынды «ханым» десе жарасар.
  39. Атадан алтау туғансын, Шырағыңды бір-ақ балаң жандырар.
  40. Атадан алтау туса да, Басыңа бір жалғыздық түсер.
  41. Атадан алтау туса да, Бір жалғыздық болады.
  42. Атадан алтау тусаң да, Басыңа түсер жалғыздық.
  43. Атадан жалғыз болсаң да, Рудан жалғыз болма.
  44. Атадан туған алтау едік, Өле-өле жетеу болдық.
  45. Атадан туған алты болса да, Абаданы бір-дүр.
  46. Атаң алпысқа кірсе, малай іздеме.
  47. Атаң алты мың қой айдаса да, Өзіңде біреу жоқ болса, жарлысың.
  48. Атаңда болса бір жолдас.
  49. Атсыздың атасының құны кетеді, Жалғыз-жарым ырысы кетеді.
  50. Аттының несібесі алтау, Жаяудың несібесі жалқы.
  51. Аттың атын шығаратын төрт тұяғы, Адамның атын шығаратын тіл мен жағы.
  52. Атың арық болса, бір шап, Отының аз болса, бір жақ.
  53. Аузы берен жігіттің бір ажалы көптен, Штаны жоқ әйелдің бір ажалы шөптен.
  54. Ауыз біреу, құлақ екеу.
  55. Ауылға алты жасар бала келсе, Алдынан алпыс жасар шал шығады.
  56. Ауылдасың соқыр болса, Бір көзіңді қысып жүр.
  57. Аш қасқыр қораңа шапса, Бірін жеп, онын жаралайды.
  58. Ашаршылықты көп көрген Өзі тоймай «мә» демес. Жетімдікті көп көрген Үш шақыртпай, «а» демес.
  59. Ашулыдан алты табан қашық тұр.
  60. Ашуменен бір жақсыдан айрылып, Қадір білмес бір жаманға тап болма.
  61. Ашыққанның екі көзі нанда, Тойынғанша қарамайды тамға.
  62. Аямейіз алты күн, Алты ай қыстан қатты күн.
  63. Әйел адам сырыңды алса, Дұшпан үштен бірін қылады.
  64. Әйел алмаған жігіт елуге келсе де, бозбала, Бала таппаған қатын қырыққа келсе де, қыз бала.
  65. Әйел қырық шырақты.
  66. Әйелдің аузы алпыстікі, Асты жетпістікі. Иінің аузы кім болса соныкі, Не болса да, түбі өзінікі.
  67. Әкеден алты батпан артық тудым десе, Жеті батпан жетпей туады.
  68. Әкеден бала үшеу туады.
  69. Әкең алпысқа келсе, қойшы алма.
  70. Әкіміңнің көзі соқыр болса, Бір көзіңді қысып жүр.
  71. Әлі келмеген ақыретте алғанмен алтау болмас, Жегенмен жетеу болмас. Қаншама аузы болғанмен, Құдай бергендей тіпті болмас.
  72. Әр асқанға бір тосқан.
  73. Әр ауылдың бір адырақпайы бар.
  74. Әр заманда бір сұрқылтай.
  75. Әр кәллаға бір қиял.
  76. Әр кемістікке – бір жетістік.
  77. Әр кісіде бір қиял.
  78. Әр қалада бір үйің болсын.
  79. Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
  80. Әр нәрсеге ашық болғанша, Бір нәрсеге ғашық бол.
  81. Әр нәрсеге бір зауал.
  82. Әр сұлудың бір міні бар.
  83. Әркім жолдас болады амандықта, Бір күн тастап қашады жамандықта.
  84. Әркімнің бір ойы бар, Қиялында мың ойы бар.
  85. Әркімнің бір ойы бар, Қорасында мың қой бар.
  86. Әркімнің ойлап жүрген бір тілегі бар.
  87. Әуелгі байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық.
  88. Әуелгі байлық – денсаулық, Екінші байлық – он саулық, Онан кейін ақ жаулық.
  89. Әуелгі байлық – иман байлық, Екінші байлық – денсаулық. Үшінші байлық – ақ жаулық, Төртінші байлық – он саулық.
  90. Әупілдек деген бір құс бар, Даусы жер жарады. Қасына барсаң торғайдай.
  91. Бай бір борандық, Батыр бір оқтық.
  92. Бай бір жұттық, Батыр бір оқтық.
  93. Бай мақтанса, бір жұттық.
  94. Бай мінеді бір ат, Жарлы мінеді бір ат. Жазғытұры болғанда, Бай мінеді құр ат.
  95. Байдың бір жоқтығы бар, Аштың бір тоқтығы бар.
  96. Байдың малы төрт тісімен оттайды, Жарлының малы екі тісімен оттайды.
  97. Байдың мың қойының ішінде Жарлының жалғыз қара тоқтысын көреді.
  98. Байқасаң, бақыт бір жерде тұрмайды.
  99. Байлық – бір айлық.
  100. Бақтағы гүлдер бір ашылып, бір жабылады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ