Сандар туралы мақал-мәтелдер
«Сандар» тақырыбындағы 466 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Бала – жаман қатынның екі қолын байлайды, Жақсы қатынның бір қолын байлайды.
- Бала қырық күнде шешесін танып емеді.
- Балаға пышақ бермесең, бір жылар, Пышақ берсең, екі жылар.
- Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу-ақ.
- Баланың бір көзі жоқ, Малайдың екі көзі жоқ.
- Балықтың да сегіз қанаты бар.
- Бар болса, сойғаныңның жөні бар, Бір қойда он кісінің құны бар.
- Барлық ауру бір жолмен келеді – Қомағайлық арқылы.
- Бас екеу болмай, Мал екеу болмас.
- Басқыштың төменінен бір-бірлеп басып қана жоғары шығуға болады.
- Баста ми жоқ болса, Екі аяққа зор түсер.
- Баста ми жоқ болса, Екі аяққа күш келер.
- Басында ми жоқ болса, екі аяққа күш келер.
- Батыр бір оқтық, бай бір жұттық.
- Батыр деген Барақ ит болар, Екі қатынның бірі табатұғын. Би деген ақсары ат болар, Айында біреу табатұғын.
- Батыр жайшылықта бір адам, Жауға кірсе, мың адам.
- Батыр кісі әр қатыннан туады, Әділ би бір қатыннан туады.
- Батыр кісі әр қатыннан туады, Әділ кісі бір қатыннан туады.
- Батыр мақтанса, бір оқтық, Бай мақтанса, бір жұттық.
- Батырдың басы екеу болмайды.
- Батырдың бір ісі тентек, Қорқақтың екі ісі тентек.
- Башқұрт басында бар бес құрт, Арқасында бар алты құрт, Желкесінде бар жеті құрт.
- Бәленің сенде несі бар, қаша жүрсең, Бәленің сенен басқа несі бар, Бір шетінен баса жүрсең.
- Бегің соқыр болса, Бір көзіңді қысып отыр.
- Бергенге бес те көп, Алғанға алты да аз.
- Бердім бір ай, Келдім сұрай.
- Берер Тәңір талап қылсаң, Не табарсың қарап тұрсаң. Мұратқа тез жетерсің, Оқығанды сабақ қылсаң. Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
- Беретіннен де бір сұра, Бермейтіннен де бір сұра.
- Бермегенге бесеу де көп, Алғанға он болса да аз.
- Бес бармақтың біреуін тістесең де, Бәрі бірдей ауырады.
- Бес бармақтың бірін шапсаң, бәрі аурады.
- Бес жұлдыз туса, Бер де құтыл.
- Бес күндігін ойламаған әйелден без, Бес жылдығын ойламаған еркектен без.
- Бес намазға бес дәрет, Бәракалла таратың. Бес намазға бір тарат. Бәракалла адатың.
- Бес саусақ білекке, Білек жүрекке бағынышты.
- Бес саусақ бірдей емес.
- Бестің басы болғанша, Алтының аяғы бол.
- Бесік баласы бес түлейді.
- Би екеу болса, дау төртеу болады.
- Би екеу болса, дау төртеу.
- Биліктен білік бір жасы үлкен.
- Боз көйлектің қырық күндік мастығы бар.
- Бозторғай бес бала тапса, Біреуі бұлбұл болады. Көк қарға бес бала тапса, Біреуі құзғын болады.
- Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.
- Бойдақ қыздың екі күн есі бар да, бір күн есі жоқ.
- Бойдақтың ақылы – екі көз.
- Болар адам он бесінде бас болар, Болмас адам қырығында жас болар.
- Болар адам он бесінде бас болар, Болмас адам қырыққа кірсе де, жас болар.
- Ботқа жеймін деген асым ба еді, Тоқсан келемін деген жасым ба еді.
- Бөрі қартайса да бір қулық болады.
- Бөрі қартайса да, бір қойға күші жетеді.
- Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.
- Бөрінің қартайса да, Бір қойлық әлі бар.
- Бұқаны құтыртқан екі ені.
- Бұл дүние уақытша әуре, далбаса, Бір тоймайды айдаһардай жалмаса.
- Бұл сексен көрейін деген жасым ба еді, Быламық ішейін деген асым ба еді.
- Бұрын жүрген із салар, Көп іздеген бір табар.
- Білгенің – бір тоғыз, Білмегенің – мың тоғыз.
- Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз.
- Білегі жуан бірді жығады, Білігі жуан мыңды жығады.
- Білегі жуан бірді жығады, Білімі жуан мыңды жығады.
- Білегі күшті бірді жығар, Білімі күшті мыңды жығар.
- Білегі күшті бірді, Білімі күшті мыңды жығады.
- Білегі толық бірді жығар, Білімі толық мыңды жығар.
- Білмеген мың бәледен құтылар.
- Білмегеніңді бес жасар баладан сұра.
- Білікті білім біліп, зерделі ұғар, Жүзеге осы екеуі алып шығар.
- Білікті бір де шығар, Білімсіз мың да шығар.
- Білімді бір кісі білімсіз мың кісімен тең.
- Білімді мың жасайды, Білімсіз құр жасайды.
- Білімді мыңды жығады, Білегі жуан бірді жығады.
- Білімсіз туған көп ұлдан, Білімді туған қыз артық. Білімсіз көп наданнан, Білімді бір ер жүз артық.
- Білімсізден де бір іс өтер, Білімдіден де бір іс өтер. «Білік» деген бір қазық, Барлығы соған оралар.
- Бір адам қырық адамға олжа салады.
- Бір адам машақатпен мал жияды, Біреу оны олжалап, шалжияды.
- Бір адамда екі жүрек болмас, Бір көңілде екі тілек болмас.
- Бір адамның бір адамнан парқы бар, Ол айырма білімменен жарқырар.
- Бір асқанға, бір тасқанға кез келеді.
- Бір асуға – бір тасу.
- Бір атым бар орында, Не қамым бар боранда.
- Бір ауруға дәрі керек, Бір ауруға сабыр керек.
- Бір ауыз киелі сөз Мың кісінің көңілін жадыратады.
- Бір ауылда бір үй аш болса, Бар үй аш болады.
- Бір ауылдың иті бір ауылға үрмейді.
- Бір ауылдың малын бақпасаң, Мың ауылдың малын бағарсың.
- Бір аштықтың бір тоқтығы бар.
- Бір аштың бір тоқтығы бар.
- Бір аштың бір тоқтығы болады, Бір тоқтың бір жоқтығы болады.
- Бір аяғы жерде, бір аяғы көрде.
- Бір аяғым жерде, Бір аяғым көкте.
- Бір әйелдің айласы Қырық есекке жүк болды.
- Бір байдың жұртына екі тышқан таласады.
- Бір бала бар әкеден өте туады, Бір бала бар әкеге жете туады, Бір бала бар әкеден кейін кете туады.
- Бір баласы бардың Шығар-шықпас жаны бар. Екі баласы бардың Жүрегінде жалы бар.
- Бір басқа – бір көз.
- Бір басқа екі бас қосылды.
- Бір батырға мың қорқақ шақ келмейді.
- Бір бидай көз көрім жерге жеткізеді.
- Бір биеден ала да туады, Құла да туады.
- Бір биенің екі емшегі, Бірі кетсе, сүті жоқ. Бір түйенің екі өркеші, Бірі кетсе, күші жоқ.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ