Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сандар туралы мақал-мәтелдер

«Сандар» тақырыбындағы 466 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (5-бет, барлығы 5 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Бір үйде нешеусің, Бір-біріңе қонақсың.
  2. Бір үйде нешеусің, Бір-біріңе меймансың.
  3. Бір шыж-мыждан, Мың шыж-мыж.
  4. Бір істі екі адамға тапсырма.
  5. Бір-бірлеп мың болады, Тама-тама көл болады.
  6. Бірді берсең маған, Мыңды беремін саған.
  7. Бірді біреу береді, Көпті еңбек береді.
  8. Бірді еңбек еткен, екі етеді, Екі еткен әдет етеді.
  9. Бірді көріп пікір, Екіні көріп шүкір.
  10. Бірдің айы – бір ішек, Көкек айы – көк ішек, Мамыр айы – майлы ішек.
  11. Бірдің кесапаты мыңға тиеді.
  12. Бірдің кесапаты мыңға, мыңдікі түменге.
  13. Бірдің кесірі мыңға тиеді.
  14. Бірдің сүйегі – мыңның сүйегі.
  15. Біреу бетінен жазады, Біреу ниетінен жазады.
  16. Біреу болса – құда, Екеу болса – ұя.
  17. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.
  18. Біреу қырық жеті беріп қатын айттырады, Біреу үйде жатып менікі дейді.
  19. Біреу тойып секірер, Біреу тоңып секірер.
  20. Біреу түзер, біреу бұзар.
  21. Біреуге баспана керек, Біреуге асхана керек.
  22. Біреуге бес күн алдын келсе, Біреуге бес күн кейін келеді.
  23. Біреуге деп ор қазсаң, өзің түсерсің.
  24. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. Мың қайғы бір борышты өтемейді.
  25. Біреуге ор қазба, Ор қазсаң да, зор қазба!
  26. Біреуге ор қазсаң, Өзіңе көр қазылар.
  27. Біреуге пайдасы тимегесін, Біреуден пайда көре алмайды.
  28. Біреуден жиса, мың болар.
  29. Біреуді жалғыз деме, Жалғыз Құдай барлық жанның иесі. Жалғыз деп біреуді азсынсаң, Түбінде барып өзіңе тиер киесі.
  30. Біреуді ұрып-ұрып саймен жүргенше, Біреуге ұрдырып-ұрдырып қырмен жүр.
  31. Біреудің ажалы оттан, Біреудің ажалы судан.
  32. Бірмен сырлас, Мыңмен кеңес.
  33. Біртіндеп келсе қуаныш, Ондап келер реніш.
  34. Бірі ашулы болса, Екіншісі басулы болады.
  35. Бірі кем дүние осы екен.
  36. Бірін жасырып алған, Бірін басынып алған.
  37. Бірін жемей кедей өледі, Мыңын жемей бай өледі.
  38. Бірін қырықсаң, он қондыр.
  39. Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады.
  40. Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық.
  41. Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ иісі бар.
  42. Гүлші бір гүл өсіргенше, Жүз тікеннің уын жұтады.
  43. Ғалымның бір күні Наданның мың күніне татиды.
  44. Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды.
  45. Екі баланың ортасындағы шал бала болады, Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.
  46. Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.
  47. Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.
  48. Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз.
  49. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
  50. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл Құлағы мен жағын жер.
  51. Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
  52. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
  53. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.
  54. Жүз дімкеске бір лепес.
  55. Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
  56. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
  57. Жігітке жеті өнер де аз.
  58. Қорқаққа қос көрінер.
  59. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
  60. Мыңның жүзін білгенше, Бірдің атын біл.
  61. Он екі айда он үш той.
  62. Тоғыз ат бір қазыққа байланбас.
  63. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.
  64. Тойған үйге тоғыз бар.
  65. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар. Отыз тістен шыққан сөз, Отыз руға тарайды.
  66. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ