Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Уақыт, заман туралы мақал-мәтелдер

«Уақыт, заман» тақырыбындағы 380 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Сақ жүрсең – тоқ жүресің.
  2. Сақтағаныңды жесең, сағынғаның келер.
  3. Сақтан саламатқа жеткен.
  4. Сақырлаған аязда сары қамысты панала.
  5. Сарғая сақтасаң, қызара бөртесің.
  6. Саумал ішсең, қымыз жоқ, Байтал мінсең, құлын жоқ.
  7. Сауын саусаң, бие сау, Боз қырау түспей суалмас.
  8. Сәскеде сұрастырған, Кешке де құрастырмайды.
  9. Сәуір болмай, тәуір болмас.
  10. Соңынан келген қонақ сүйек мүжиді.
  11. Сындырып жақсаң, қырық жылға жетеді, Қопарып жақсаң – бір жылға.
  12. Таз таранғанша той тарқайды.
  13. Талмай іздеген таппай қоймас.
  14. Таң атпайын десе де, Күн қоймайды.
  15. Таңы атып, тауығы шақырған.
  16. Тардан кеңіген озады, Кеңнен тарылған азады.
  17. Тауықтың шақырғанына таң атпайды.
  18. Тауына қарай түлкісі, Заманына қарай күлкісі.
  19. Тәтті өмірдің сұрауы қатты.
  20. Тегін істің түбі шикі. Көрікті қызған кезде бас.
  21. Темірді қызған кезде соқ.
  22. Тең тартқан Таразы – алтын.
  23. Тозғындаған аққуды шалғындаған қаз алар.
  24. Той өткен соң даңғара.
  25. Тойға барсаң, бұрын бар, Бұрын барсаң, орын бар.
  26. Төбе би де өзіміз, Төре би де өзіміз. Қисық болса сөзіңіз, Құрулы тұр тезіміз.
  27. Төрешілдің ертеңі таусылмайды, Мылжыңның «ертеңгісі» таусылмайды.
  28. Тұрмыс түзетер ойыңды, Ойың түзетер бойыңды.
  29. Тұрымтай көз тұндырады, Қараша қазан қайнатады.
  30. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалған.
  31. Түйелі жолаушы – киелі жолаушы.
  32. Түн тынышсыз болса, ұйқы қашады, Күн тынышсыз болса, күлкі қашады.
  33. Түнде жүрген күндіз қуанар, Жасында үйленген қартайғанда қуанар.
  34. Түнемел қымыздың ашуы қатты.
  35. Түрлі-түрлі заман бар, заманға қарай амал бар.
  36. Түс – күндіз бұққан ойдың елесі.
  37. Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз.
  38. Түскі асқа түстік жерден келеді, Кешкі асқа күндік жерден келеді.
  39. Түстік өмірің болса, Күндік дүние жина.
  40. Тіршілік тұтамдап таусылады.
  41. Тісің барда бір шайна.
  42. Тісің барда ысқыр, Мұрның барда пысқыр.
  43. Уақыт – көшкен керуен.
  44. Уақыт – қадірін білгенге қазына, Білмегенге быламық.
  45. Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
  46. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
  47. Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені.
  48. Уәдені бұзған – Ұяны бұзғанмен тең.
  49. Ұйқы арыстанды да жығады.
  50. Ұйқы деген дұшпан бар, Жолдан, істен қалдырар, Тұла бойды талдырар, Дұшпаныңа алдырар.
  51. Ұйқы өліммен тең.
  52. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
  53. Ұйықтаған ұйқы алады, Ұйықтамаған жылқы алады, Еріншек дүниеден құр қалады.
  54. Ұқсата білген ұтады.
  55. Үзіп жеген үнем болмайды.
  56. Үркер жерге түспей жер қызбайды.
  57. Үркер мен Ай ауыл-үй қонысты, Үркер мен Ай тоғысты.
  58. Үркер туса, сорпа да ас.
  59. Үркер үйден көрінсе, Үш ай тоқсан қысың бар. Ел жатқанда жамбастан көрінсе, Жаз шықпағанда несі бар.
  60. Үркер үйден көрінсе, Үш айдан соң жаз болады.
  61. Үркерлі айдың бәрі қыс.
  62. Үт кірді, үсік шықты.
  63. Халық қаласа, Хан қайығын береді.
  64. Халық түзетпегенді, Қалып түзетпейді.
  65. Хан – тағында, Би – шағында.
  66. Хан көп болса – жау көп, Би көп болса – дау көп.
  67. Хан сарайы демесең, Қатын өсек қаптаған. Қошеметшіл қу өңшең Ханды ғана мақтаған.
  68. Хан халықтан үлкен емес.
  69. Ханның қызы шөміш ұстаса, Қолы жауыр болады.
  70. Ханның ісі қараға түседі, Бидің ісі параға түседі.
  71. Шапқан озар, жатқан қалар.
  72. Шапшаң жүрсең, шаң жұқпас.
  73. Шапшаңдықтан қашпа, Аптығуға баспа.
  74. Шуда жіптей созылған.
  75. Шыдағанға шығарған.
  76. Шыры болса қомында, Алты айшылық жолында, Атан түйе арымас.
  77. Шілдеде мұз қатырған.
  78. Ылдисыз өр болмайды, Қапысын таппас ер болмайды.
  79. Із жолға жеткізер, Жол елге жеткізер.
  80. Ілгері басар жасты Кертартпа кәрі қайтарады.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ