Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Уақыт, заман туралы мақал-мәтелдер

«Уақыт, заман» тақырыбындағы 380 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Көктемде жерге түскен бір дән, Күзгі күнгі мың дән.
  2. Көне етіктіге бармайды, Көк етікті алмайды.
  3. Көп жасаған білмейді, Көп жүрген біледі.
  4. Көп жүргеннің сирағы көрінер.
  5. Көп толқыса – хан құлайды, Көл толқыса – жар құлайды.
  6. Көпке келген себеле, Себелені елеме.
  7. Көрмеген жер таныс болмас, Көрінген жер алыс болмас. Әр нәрсенің болжауы бар, Ши жуандап қамыс болмас.
  8. Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп.
  9. Көрінген төбенің алысы жоқ, Көтерген жүктің ауыры жоқ.
  10. Көш жүре түзелер.
  11. Көш көлікті, көрікті болсын.
  12. Күн батса, қойға соқпақ табылады.
  13. Күн бұлтты деп, Жылқыны суармай жүрме.
  14. Күн қораланса, күрегіңді сайла, Ай қораланса, арысыңды сайла.
  15. Күні жеткен бала күшенбей-ақ туады.
  16. Күні өткеннің күні артық.
  17. Күттіруден күту қиын.
  18. Қамданған қапы қалмайды.
  19. Қамқа тон шүберек болар тозған соң.
  20. Қаңтар ауса, қар тұрмас.
  21. Қаңтарда қалпақ киім болмайды.
  22. Қара жерге қар жауар, Қарды көрген бір мұрат; Қара жерден қар кетсе, Жерді көрген бір мұрат.
  23. Қара тұяқ қарында жатпас, Мезгіл болмай таң атпас.
  24. Қараңғыда қалтырағанша, Жарықта жалтыра.
  25. Қарап отырғанша сағыз шайна.
  26. Қараша болмай, қар жаумас.
  27. Қарашада қаз қайтар.
  28. Қарт айнаға қараса, Өзіне көңілі толмайды.
  29. Қартайғанда дүние кісінің көз алдына бітеді.
  30. Қарыстан сүйем жақын.
  31. Қашарыңда қашарсың, Туарыңда сасарсың.
  32. Қашпаған қашардың уызына қаратып.
  33. Қашса құтылып, қуса жетеді.
  34. Қисық ағаш үй болмас, Қыңыр жігіт би болмас.
  35. Қойды күзде құмға айда, Жаз шыққанда шымға айда.
  36. Қол – таразы, Көңіл – қазы.
  37. Қонақ: таңертең тәтті, түсте тұщы, кешке кермек.
  38. Қоныс ақысын түйе қайтарады.
  39. Қорқаққа пана болмас қалың тоғай, Жалқауға бүгінгіден ертең оңай.
  40. Құдайға сенемін деп жолыңнан қалма.
  41. Құдайдың күні тарыдан да көп.
  42. Құдайдың күнінің жаманы жоқ.
  43. Құлақ естімес, естісе кешікпес.
  44. Құс көк сеңгірге бір қонады.
  45. Қырқында қыр аспаған, Елуінде ел аспас.
  46. Қырықтан артық жас жоқ, Қымыздан артық ас жоқ.
  47. Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла.
  48. Қыс қыстығын қылмаса, Жаз жаздығын қылмайды.
  49. Қыс қысыларсың, жаз жазыларсың.
  50. Қыс та қысырайды.
  51. Қыс шілдеде жілік жүгірер, Жаз шілдеде күлік жүгірер.
  52. Қысқа күнде қырық жерге көмбе қойған.
  53. Қыста жалаңаш жатпа, Жазда өзің білесің.
  54. Қыста қойыңды қопалы жерге қыстат, Жазда жазық жерге жайлат.
  55. Қыстың көзі – қырау.
  56. Қыстың қамын жаз ойла, Жаздың қамын қыс ойла.
  57. Қыстың соңы – жеті тоғыс, Көктем басы – бес тоғыс.
  58. Маусым – табаныңнан таусыл.
  59. Мезгілі жетсе мұз да ерір.
  60. Мұрның барда бір сіңбір.
  61. Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.
  62. Мың асуға бір тосу.
  63. Мың күн жанған шырақ бір күн сөнеді.
  64. Мың күндік сапар бір қадамнан басталады.
  65. Наурыздан соң қыс болса, Мизамнан соң жаз болмас.
  66. Ой түбінде алтын бар, Ойлай берсең, табарсың. Қанша ұзақ болғанмен, Жүре берсең, барарсың.
  67. Ойнасақ та біраз жерге шаптық.
  68. Ойхой, дүние серуен, Адам бір көшкен керуен.
  69. Ойында өрелік жоқ, Ханында төрелік жоқ.
  70. Он бес жас құйын қуған желмен тең.
  71. Он екі жылда ердің басы салауат.
  72. Орайы келген іс – оңай бітер.
  73. Орайы келсе, орақ ор, Кезі келсе, кетпен шап.
  74. Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды.
  75. Орынын тапқан Орынсыз қалмас.
  76. От алып, ораққа түседі.
  77. От суымайды, сөнеді.
  78. Отты жастығың өтпей отау тік.
  79. Отыз тістің қадірін қартайғанда білерсің.
  80. Отызда ой толады, Қырықта қырға шығады.
  81. Отыр көтенім он ай.
  82. Отырған жерден отын кес.
  83. Өгіз қарын майыңды өлгенде бастаймысың.
  84. Өлмеген өлі балыққа кездеседі.
  85. «Өлі-тірі» өткен соң, Өлі күйеу болмаса, Тірі күйеу жатпайды.
  86. Өлімнен басқаның бәріне асық.
  87. Өлімнен басқаның ертесі жоқ.
  88. Өмір озады, ажар тозады.
  89. Өмірдің өткеніне өкінсең, Келеріне бекінерсің.
  90. Өткел өтсең, бұрын өт, Артта қалсаң, жол тайғақ.
  91. Өткен бұлттан жаңбыр күтпе.
  92. Өткен күн – ұшқан құс, Шақырсаң да келмейді.
  93. Өткен күн оралмас, Құнды сөз жоғалмас.
  94. Өткен күнде белгі жоқ.
  95. Өткен күннің бәрі ұмыт.
  96. Өткен қайтып оралмас, Өлген қайтып тірілмес.
  97. Өтпес жарлық – бойға қорлық.
  98. Піс қазаным бес ай.
  99. Піскен астың күйігі жаман.
  100. Сабақты ине сәтімен.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Сақтық Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ