Уақыт, заман туралы мақал-мәтелдер
«Уақыт, заман» тақырыбындағы 382 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Ескі айда есіркеп, Жаңа айда жарылқа.
- Ескірген нәрсе ерсі көрінер.
- Есің барда етек жап, Қайратың барда мал тап.
- Есіткен құлақта жазық жоқ.
- Ештен кеш жақсы.
- Жаз жарлынікі, қыс әлдінікі.
- Жазға жетсең, қыс күніңді ұмытпа.
- Жазғы жуынды – қыста қатық.
- Жазда жадырасаң, қыста қалтырайсың.
- Жазда қонысыңды дөңге сал, Қыста қонысыңды көңге сал.
- Жаздың бір күні қыстың мың күніне татыр.
- Жайың басынан жел тұрса, Жаз да болса қыс болар.
- Жақсы ат алдынан сүрінбей, Артынан сүрінеді.
- Жалғыз шапқан ат жүйрік.
- Жапа шегіп, жай жату – Жасықтықтың белгісі. Ерте жатып, кеш тұру – Пасықтықтың белгісі.
- Жарғақ құлағы жастыққа тимейді.
- Жас кезіңде үйренсең, Қартайғанда көндігерсің. Қартайғанда үйренсең, Көндіккенше көмілерсің.
- Жастық – жалын, кәрілік – құл.
- Жастық көкке, Кәрілік жерге қаратады.
- Жастық шақ – ақ алмас, Жоғалтқан таба алмас.
- Жастықта еңбек бер, Қартайғанда дәулет бер.
- Жастықта ойға алғанның қиыны жоқ, Қартайғанда ол істің қиюы жоқ.
- Жасы бір құрдас емес, Заманы бір құрдас.
- Жасында жалықпаған Қартайғанда тарықпайды.
- Жасыңда ұқпағанды жасай келе түсінерсің.
- Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап.
- Жел – дауылдың шақырушысы.
- Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.
- Желмен жарыспа, Көлеңкеңді қума.
- Жер астында алтын бар, Қаза берсең, табасың. Бау бар жерде жеміс бар, Кеулей берсең, табасың.
- Жердің аласа-биігі бар, Жолдың ашығы-тұйығы бар.
- Жетерін білсең, жей тұр.
- Жетіқарақшыны таныған, Жеті түнде адаспас.
- Жоғарыласаң, аспа, Төмендесең саспа.
- Жоқ іздеген жоғалғанды табады.
- Жоққа жүйрік жетпейді.
- Жол азабы – көр азабы.
- Жол болмайды асусыз, Той болмайды шашусыз.
- Жол жаман болса, Атан да сүрінеді, Атаң да сүрінеді.
- Жолаушы азығы жолда.
- Жолаушының ақысы жүрсе бітеді.
- Жолға шықсаң сайлан, Бес қаруыңды байлан.
- Жолға шықсаң, азығыңды мол ал.
- Жолмен жүрсең, жортып жүр, Жортып жүрсең, жол өнер.
- Жолы болар жігіттің, Желі оңынан тұрады.
- Жорға мінген жолда қалады, Жүйрік мінген қолды болады.
- Жорға мінген жолдасынан айырылар, Көп жасаған құрдасынан айырылар.
- Жортар аттың тоқтығы жақсы.
- Жорықта алдыңа, Жолда артыңа қара.
- Жұма жауса, сенбі тынар, Сенбі жауса, қашан тынар?
- Жұма намаздан үмітің болса, Бейсенбіде қимылда.
- Жүгірген сүрінеде біледі.
- Жүгіріп айтқан сөздің мәні жоқ. Жүгіріп жүріп жеген тағамның дәмі жоқ.
- Жүйесін тауып жұмыс қыл, Жерін тауып тыныс қыл.
- Жүк ауса жазыдан, Той төрелігі – қазыдан.
- Жүн керек болса, қойды қазанда қырық, Қой керек болса, мизамда қырық.
- Жүрсең мандырсың, Жатсаң қалғырсың.
- Жүріп кетсең, жетерсің, Тұрып қалсаң, тынарсың.
- Жүріп шаршаған тұрып тынығады, Тұрып шаршаған отырып тынығады, Отырып шаршаған қалай тынығады?
- Жыл деген ат басын бұрғанша, Ай деген аунап тұрғанша.
- Жылан жылы жылыс болды, Жылқы жылы ұрыс болды, Қой жылы заңғар тоғыс болды.
- Жылдан жылға жел бетер.
- Жыраққа қойсаң, жақыннан аларсың.
- Заман – ұзақ, сұрыпталған дәуір.
- Заман айнасы – замандас.
- Заман ауғанда иттер қара қасқа болады.
- Заман түзелсе, Жаман да түзеледі.
- Замана айнасы – замандас.
- Замана зордікі.
- Замана зұлымдықты көтермейді.
- Замана өзгерсе, заңы да өзгереді.
- Замандасы жоққа Амандасатын адам табылмайды.
- Заманды жаратылыс билейді.
- Заманды себеп билейді.
- Заманы бірдің амалы бір.
- Заманы бірдің зары бір.
- Заманына жақсаң, адамына жағасың.
- Заманына қарай адамы.
- Заманына қарай заңы, Тоғайына қарай аңы.
- Заманың қалай болса, Бөркіңді солай ки.
- Зымыстан көрмей жаздың қадірін білмейсің.
- Иілген басты қылыш кеспес.
- Кәрі атын мақтаған жолда қалады.
- Кәрі жатса қунайды, Жас жүрсе қунайды.
- Кәрі қойдың басы піскенше, Тоқты басының арсасы шығады.
- Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
- Кездескенде атып қал, Кезі келгенде айтып қал.
- Кезі келсе, кетпен шап, Майрылмаса, қайрылсын.
- Кейде істің ағы біледі, Кейде істің бағы біледі.
- Келеді деп көп қойдым, Келмеген соң жеп қойдым.
- Келер жері кең болсын.
- Келер кезек, терме тезек.
- Келеріңде жетерсің ойын салып, Қайтарыңда кетерсің мойын салып.
- Керуен кері айналғанда, Ақсақ түйе алға шығады.
- Керуеннің күні қомда.
- Кешегі жылға бүгін сай, Былтырғы құлын – биыл тай.
- Кешегі күннен алыс жоқ, Ертеңгі күннен жақын жоқ.
- Кешкі ой – нақыл, Таңғы ой – ақыл.
- Көзбен көргенді Құлақпен есіткен жеңген.
- Көкте байлау, Жерде тұрлау жоқ.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Сақтық
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ