Сақтық туралы мақал-мәтелдер
«Сақтық» тақырыбындағы 399 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (4-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.
- Өтірік түбі – шын, бақсы түбі – жын.
- Пайдасы жоқ байдан без, Панасы жоқ сайдан без.
- Палуанның жаманы Шалдырған соң өкінер. Күзетшінің жаманы Алдырған соң өкінер.
- Пәле қайда деме, аяқ астында.
- Пәле түбі – жұт.
- Пәледен машайық қашады.
- Пәлелі жерге бармағыңды тықпа.
- Пәлелі жерді баспа, бассаң саспа.
- Пәлені қара тана бастайды.
- Пәленің алды – қар, арты – дауыл.
- Пәленің басы бурылдан.
- Пиғылы жаман бұқа, Ұрғашы бұзаудың қасына жатады.
- Пышағы бар сүйгенін жер, Пышағы жоқ тигенін жер.
- Пышағыңды қынымен бер, Қынымен берсең, шынымен бер.
- Сақ қарға сағағынан ілінер.
- Сақтаған көзге шөп түсер.
- Сақтансаң сақтаймын деген.
- Сақтықта қорлық жоқ.
- Сақтықты сұңқардан үйрен.
- Саналы ерде сауыт бар, Санасыз ерде қауіп бар.
- Сасқан үйрек артымен сүңгір.
- Сау басын саудаға салды.
- Сау басына сақина тілеп.
- Сауда садақпен тең, Иілсе бір түзелмейді.
- Сауысқан бір шоқып, қырық қаранады.
- Сауысқан сақтығынан өлмейді, Сұқтығынан өледі.
- Сауысқаннан сақ, жұмыртқадан ақ.
- Сәтін салған ауруға не болса сол ем.
- Семсер астында серт жүрмейді.
- Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады.
- Сен тимесең, мен тимейін бадырақ көз.
- Сиыр алсаң, танып ал, Танымасаң, тарғыл ал.
- Соқырдан қарауыл қойсаң, Жұртыңды жауға алдырар. Наданнан қарауыл қойсаң, Еліңді дауға қалдырар.
- Соқырдың қолына түспе, Саңыраудың астына түспе.
- Соры бар жігітке сортаң жер жолығар, Айналасы ойпаң жер жолығар.
- Судағы балықты иеленбе, Ол әлі сенікі емес.
- Сұм ілем деп жүріп, ілініп кетеді.
- Сұрап алған аурудың емі табылмас.
- Сылбырдың аты шылбырына сүрінер.
- Сынамаған алдырар, Ойламаған ұтқызар.
- Сынықтан өзге аурудың бәрі жұғады.
- Сыр ашу оңай, Сыр түю қиын.
- Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
- Тазы қуған қояндай.
- Тазыдан қашқан түлкі қақпанға тап болады.
- Тар жол, тайғақ кешу.
- Тас жауса таңдайдан, Мұз жауса маңдайдан.
- Тау дарақсыз, жау жарақсыз болмас.
- Таяқтың екі ұшы бар.
- Тәуекел – көзсіз батылдық.
- Тентек шоқпар жинар.
- Той тарқағанда қынаңды төбеңе қой.
- Тоңбай қалтырған.
- Төмен қонсаң, сел алар, Биік қонсаң, жел алар.
- Төре айғақ болса, бітім болмас, Төбе тайғақ болса, шығып болмас.
- Туған Ай тұрса, Үркерге қарсы қарап. Қыс түсер, Шақырайып боран борап.
- Тумаған балаға кіндік шеше.
- Түйе қараған жауға жолығар, Сиыр қараған тойға жолығар.
- Түйе мойнын тұз кесер.
- Түйені жыңғылмен айдамайды, Кендірмен байламайды.
- Түйенің жолы үлкен, Аттың жоны үлкен.
- Түн кезе берген, Түбінде шайтанға жолығады.
- Тыныш құлақ, сау бас, Бас сауында аулақ қаш.
- Тікен де гүлін қорғайды.
- Тікеннен шошып шоқ басқан.
- Тілін тісіне жаниды.
- Тірі жан – тісті бақа.
- Уәде күпті.
- Уды у алар.
- Уды у қайырады.
- Улы жыланның терісі жұмсақ.
- Ұрлық қылсаң, жалғыз қыл, Екеу болса, бірі – айғақ.
- Ұры жете алмайтын жаудікін алады, Соңынан қуа алмайтын жаяудікін алады.
- Ұры кеппе, қау бөрік.
- Ұры түн асқанша, Бөрі қыр асқанша.
- Ұрыға құрық берген.
- Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаларсың, Бөрімен жақын болсаң, қораға шабарсың.
- Ұрының өзіне сай сырығы бар.
- Ұсталмаған ұры емес.
- Үйіне ұры түскендей.
- Үндемесең, дау алар, Жата берсең, жау алар.
- Үрген иттен қорықпа, Ол қабам деп хабар бергені. Үрмеген иттен қорық, Ол білдірмей қабам дегені.
- Үре білмеген ит үйге қонақ келтіреді.
- Үре білмеген ит үйіне ұры келтірер.
- Үріккен түйеге шаңырақ салма, сындырады.
- Үт келді – жұт келді.
- Хан қасында қарақшы.
- Шайтанның шатағынан, Ханның қаһарынан сақтан.
- Шақырғанға бар, шаққаннан қаш.
- Шамасыз батырлық – шарасыз өлім.
- Шелді көзден шет жүр.
- Шешуі жоқ, шегі жоқ Үрейден сақта.
- Шөлге шықсаң шөл екенін біліп шық, шөл тәңірі – сары атанға мініп шық.
- Шөлмек мың күн сынбайды, Бір күн сынады.
- Шөп те басынан қурайды.
- Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.
- Шыдамның да шегі бар.
- Іштен шыққан жыланның Ирендеуінің жақсысы-ай.
- Іші қуырылмайды, пышағы суырылмайды.
Басқа тақырыптар
Ағайын-туыс
Ағаш, орман
Адалдық-арамдық
Адам
Адамгершілік
Азамат, жігіт, ер
Азшылық-көпшілік
Ақыл-парасат
Ақылды мен ақымақ
Ақындық
Алғыс-қарғыс
Алыс-жақын
Амал-айла
Аман-сәлем
Ант беру, серттесу
Аңшылық
Ар-ұят
Арақ-шарап
Арман
Арық-семіз
Ас-ауқат
Аспан
Асығыстық
Ат әбзелдері
Ат-атақ
Ата-ана
Ауыл-қоныс
Ашу-ыза
Әдемілік, сұлулық
Әділдік
Әзіл, күлкі
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Байлық
Бақсылық
Бақыт
Бал
Бала, ұрпақ
Балық
Бата
Батырлық
Бау-бақша
Бесік
Би, билік, шешендік
Биік-аласа
Бірлік
Бұйым
Бұл-мата
Гүл
Дау-жанжал
Демалыс
Дене мүшелері
Денсаулық
Дос-дұшпан
Достық
Егіншілік
Егіс
Ел
Еңбек
Ер-әйел
Есек
Ескі-жаңа
Жазмыш
Жақсы-жаман
Жалғыздық
Жан-жануарлар
Жастық-кәрілік
Жәндіктер
Жел
Жеміс-жидек
Жеңіс-жеңіліс
Жер, табиғат
Жетімдік
Жігіт
Жоқшылық
Жол, сапар
Жомарттық, мырзалық
Жыл, мезгіл, ғасыр
Заң, құқық
Имандылық
Ит
Кешірім
Киіз үй
Киім-кешек
Кітап
Көлік
Көмек, асар
Көңіл-күй
Көпшілік қауым
Көші-қон
Күншілдік, қызғаныш
Күш-қуат
Қала, шаһар
Қалау, сұрау
Қан, қатігездік
Қанағатшылдық
Қару-жарақ
Қарыз-несие
Қасқыр, бөрі
Қателік, дұрыстық
Қожа, молда
Қол өнері
Қонақ, қонақжайлылық
Қорқыныш, үрей
Қуаныш, шаттық
Құда-жегжат
Құдай, дін
Құлдық
Құрал-сайман
Құс
Қыздар
Мал, малшылық
Мансап, басқарушылық
Махаббат, ғашықтық
Мемлекеттік рәміздер
Менмендік, тәкаппарлық
Металл
Мінез-құлық
Мұң-шер, қайғы
Мұра, жәдігер
Нан
Наным-сенім
Нәпсі
Ой
Ойшылдардың нақыл сөздері
Ойшылдық
Ойын
Оқу, білім, ғылым
Олжа, пайда
Отан
Отбасы
Өлім
Өлшем
Өнер
Өң-түс
Өртену, өрт
Өсиет
Өсімдіктер
Өсу, өну
Парақорлық, жемқорлық
Пендешілік көлеңкелері
Пікір, көзқарас
Ру
Сабыр
Сағыныш
Салт-дәстүр
Сандар
Сауда-базар
Сор мен бақ
Су
Сыйластық, құрмет
Тазалық
Татулық пен араздық
Тау-тас
Тәрбие
Терең-таяз
Тіл, сөз
Тіршілік
Той, мереке
Туыс-туған, көрші-қолаң
Түрме
Тұз
Уақыт, заман
Үміт
Үнемшілдік, үнемсіздік
Ұйқы
Ұрлық-барымта
Ұста-шебер
Халық
Хандық, патшалық
Шайтан, жын
Шындық-жалғандық
Ыдыс-аяқ