Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сақтық туралы мақал-мәтелдер

«Сақтық» тақырыбындағы 399 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (2-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Екі тұйғын жабылса қаздың соры.
  2. Екі тізгін, бір шылбыр.
  3. Ел көшеді деп отыныңды тауыспа, Жау келеді деп асыңды тауыспа.
  4. Елді жерде ұры бар, Таулы жерде бөрі бар.
  5. Елемеген бұта көз шығарады.
  6. Ер болсаң, бопсаға шыда.
  7. Ер жаңылып қолға түсер, Құс жаңылып торға түсер.
  8. Ер кешуде, нар көшуде сыналады.
  9. Ер көрмеймін деген жерін үш көреді, Ат баспаймын деген жерін үш басады.
  10. Ертеңгі күн құлақтанса, Еліңді жау шапқандай күйін. Кешкі күн құлақтанса, Келінің ұл тапқандай сүйін.
  11. Ешкінің ажалы жетсе, Қойшының таяғына сүйкенер.
  12. Жабу жауыннан сақтайды, Жады жауырдан сақтайды.
  13. Жаз сайға қонба, Қонба қырға қонба.
  14. Жазым болса, быламыққа тіс сынады.
  15. Жақсы ит – иесінің көзі, құлағы.
  16. Жалақордан қарыз алсаң, Әкесінің құнын сұрар.
  17. Жалаң аттың жалымен, Жалаң қылыш жүзімен.
  18. Жалмауызға да жан керек.
  19. Жаман көзден, Жалған сөзден сақтан.
  20. Жаман ұры жақындағысын қармайды.
  21. Жаманға жалынғанша, Жатта жаныңды қарман.
  22. Жаманды көрсең, қаша жүр, Қаша жүрсең, амансың.
  23. Жамандықты жасырма, Жаманды басыңнан асырма.
  24. Жаманнан қарыз алсаң, Тар жерде жаныңды қысар.
  25. Жанашырыңыз жоқ болса, Жатпен жалғыз жүрмеңіз. Қоштаушыңыз жоқ болса, Біле тұра білмеңіз.
  26. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.
  27. Жаңа байдан қарыз алма.
  28. Жапалақ көрсең атып ал, Жаманнан басыңды сатып ал.
  29. Жапалақты таспен ұрсаң да, жапалақ өледі, Тасты жапалақпен ұрсаң да, жапалақ өледі.
  30. Жарақты күні жау жолықпайды, Жайлы күні қонақ келмейді.
  31. Жарақтыға жау жолықпас.
  32. Жарақтыда жау жолықпас.
  33. Жарлының жалғыз тоқтысын қасқыр жейді.
  34. Жасы жетпей Шал болғаннан без, Тақымында тайы жоқ Сал болғаннан без, Қомдығы жоқ, өркеші жоқ Нар болғаннан без.
  35. Жатақ елде жау көп.
  36. Жатқан жыланның құйрығын баспа.
  37. Жау артынан жұдырық.
  38. Жауға аттанар жігіт шыбықты ат мінер.
  39. Жаудан құр қайтқанша, жаралы қайт.
  40. Жауды күшті деме, Ерлік етсең – жығасың. Тауды биік деме, Талап етсең – шығасың.
  41. Жауыннан қашқан жарға паналар, Жауынан қашқан қайда паналар?
  42. Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.
  43. Жел жебедей жерге тығады.
  44. Желбегейге жел үйір.
  45. Желбезекке жебе дарыса, Балық өрге жүзе алмас.
  46. Желге ұшқан ебелек, Орға түспей тынар ма? Отқа асық көбелек, Өліп тынбай шыдар ма?
  47. Жер астынан жік шықты, Екі құлағы тік шықты.
  48. Жер екеш жердің де құлағы бар.
  49. Жетелеген ит сақ болмайды.
  50. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
  51. Жол жолдасың Қыдыр болсын.
  52. Жол сұрамай жолға түспе.
  53. Жолаушыға лайық жол тұрады, Жампозға лайық қом тұрады.
  54. Жолаушының кешіккеніне сүйін.
  55. Жолаушының үлеспеген есебі бар.
  56. Жортушының басы жолда қалады.
  57. Жортуыл түбі еш, Сауда түбі – борыш.
  58. Жортуылшы жолдасынан көреді, ұры – серігінен.
  59. Жортуылшының басы жолда қалады.
  60. Жуас кісі тыныштықты тілейді.
  61. Жұдырық жең ішінде түйілер.
  62. Жұт жеті ағайынды, Содырымен сегіз, Салақпен тоғыз, олақпен он.
  63. Жүгірген ит мал санатпайды.
  64. Жүйрік атқа жел қамшы.
  65. Жылан арбаған торғайдай.
  66. Жылан қуса, жолға қаш, Бура қуса, жарға қаш.
  67. Жылан шаққан адам ала жіпті аттамайды.
  68. Жыланды өлтіргеннің сауабы бар.
  69. Жыланның басына ақ құйып шығарады.
  70. Жыланның сырты жылтыр, іші у.
  71. Жыланның уы басында, Бейқамның жауы қасында.
  72. Жыланның іні тік.
  73. Жыласаң, тағы ұрамын.
  74. Жылқыны бөгелек, Ешкіні кебенек аздырады.
  75. Жылқыны жауында, қойды дауылда көрме.
  76. Жын да бейімдіні ұрады.
  77. Жын соққаннан мың соққан жаман.
  78. Иегіне тағалы ат тайғандай.
  79. Иесіз есекті бөрі жейді.
  80. Иесізге ие көп.
  81. Инедей тесіктен түйедей суық өтеді.
  82. Ит – адамның құлағы.
  83. Ит алған түлкіде сын болмас.
  84. Ит аузына түскен соқта жаншылмай қалмайды.
  85. Ит аулақта доңыз төбеге шығады.
  86. Ит жоқ жерде шошқа үреді.
  87. Ит қаппас деме, Ат теппес деме.
  88. Ит құтырса, иесін қабар, Дау құтырса, биін табар.
  89. Ит сүйекті көтіне қарап жұтады.
  90. Ит ұяласынан қорықпайды.
  91. Ит үреді, керуен көшеді.
  92. Итке берсең асыңды, Иттер тартар басыңды.
  93. Итті иесімен қина.
  94. Иттің боқ жемесе басы ауырады.
  95. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар.
  96. Кеден кеден болды, Кеден неден болды?
  97. Кезенген жаудың көзінен сақтан, Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.
  98. Кенді жерде жылан бар, Шөлді жерде қыран бар.
  99. Керуеннің түнгі жүрісін бозторғай біледі.
  100. Кетер аяғым, кетпен таяғым.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ