Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сақтық туралы мақал-мәтелдер

«Сақтық» тақырыбындағы 399 қазақ мақал-мәтелі әліпби ретімен берілген (3-бет, барлығы 4 бет). Мақалды басып, оның жеке бетін ашыңыз — онда тақырыптас және мағынасы ұқсас мақалдар бар.

  1. Көк темір көре өлтірмес.
  2. Көмбенің иесі екеу: біреуі – көмген, біреуі – көрген.
  3. Көп жорытқан ит күшәлаға жолығар.
  4. Көп жорытқан түлкі терісін алдырар.
  5. Көп жүрген жылан аяғын көрсетер.
  6. Көптен үміт еткен аздан құр қалады.
  7. Көпірде түйенің үлкені таяқ жейді.
  8. Көршің қорқақ болса, үркітіп өлтіреді.
  9. Куәлі істі куә табар, Куәсіз істі күмән табар.
  10. Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтан, Күні шығып тұрып, жауғаннан сақтан.
  11. Күн жауса, тондыны ұрар.
  12. Күн сүйіп, жел үріп.
  13. Күркіреген бураны келеде көр.
  14. Күртке күш салсаң өледі, Өртке күш салсаң сөнеді.
  15. Кірмеске кіріспе, басың қалар ішінде.
  16. Кісіге қарсы ұстаған қара пышақтың ұшы қарыс ұзарады.
  17. Кішкене тастан қауақтай бас жарылады.
  18. Қабағанға қаптырма, Тебегенге тептірме.
  19. Қазына бар жерде жылан бар.
  20. Қайтқан малға қасқыр өш.
  21. Қалғымағанға қатер жоқ.
  22. Қалыңға құсың түспесін, Жаманға ісің түспесін.
  23. Қамысты бос ұстасаң қол кесер.
  24. Қанжар қынында қалғиды.
  25. Қанша берік дегенмен, Тәуекел де қажиды.
  26. Қаңбақтан қашсаң дөңбекке.
  27. Қарап жатқан жыланның, Құйрығын неге басасың? Шағайын деп шақпаса, Шошынып неге қашасың?
  28. Қару алсаң, мылтық ал, Қарның ашса – тамағың, Жаяу жүрсең – таяғың.
  29. Қасқыр қорыққан төбеттен қаншық қорықпайды.
  30. Қасқырдан сая іздегенше, арыстаннан пана ізде.
  31. Қасқырлы жердің иті айтақшыл.
  32. Қатерлі жерде қаперсіз отырма.
  33. Қауып жегенің – қақалғаның, Ажалыңа тақалғаның.
  34. Қауіп қайдан болса, қатер содан.
  35. Қашқан қоян жатқан қоянды ала кетеді.
  36. Қашқанды қума.
  37. Қашпай қорқайын ба?
  38. Қашпақ болсаң, зымыра.
  39. Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.
  40. Қойын алдырып, қорасын жабады.
  41. Қопалы жерге қонбаңыз, Өрт шықса үй кетер, Жар басына қонбаңыз, Дауыл болса күй кетер.
  42. Қорада лақ туса, өрісте от өнер.
  43. Қорқақ қол бастамас.
  44. Қорқақ қонған жерінен де қорқады, Батыр жауын жеңгенше жортады.
  45. Қорқақтың қолы қысқа.
  46. Қорқарың бар, Қосты неге тонайсың?
  47. Қорқау қасқырға жем болғанша, Арыстанға жем бол.
  48. Қорыққан мен қуанған бірдей.
  49. Қорықсаң, құның болмайды, Жауды жеңбей, тыным болмайды.
  50. Қотыр қолдан жұғады, Таз тақиядан жұғады.
  51. Қоян аяғын жеген.
  52. Құдайға жазсаң да, көпке жазба.
  53. Құйрығы – шаян, беті – адам, Байқамай сенбе сұмпайыға.
  54. Құлағы сақтың ойы сақ.
  55. Құланның қасуына мылтықтың басуы.
  56. Құлмен жеген құйқа құстырмай қоймайды.
  57. Құмаршықты, құмаршықтың ішінен жылан шықты.
  58. Құрғақ қасық ауыз жыртар.
  59. Құрттаған қой далаға кетер, Екі бұршақ, бір сабауды ала кетер.
  60. Құтырғаннан құтылған.
  61. Қылышты қорқақты Сойылды батыл соғады.
  62. Қылышын сермей алмаған өзіне тигізер.
  63. Қылышын сүйретіп қыс келеді.
  64. Қырсыққанда қымыран іриді.
  65. Қырық кәрі жілік тағылған малды ұры алмайды.
  66. Қысасқа – қан, оқысқа – жан.
  67. Мал айдаса – жаудікі, Ысқырса – желдікі.
  68. Мейірімдінің кәрінен сақта, Қарсыз қыстың зәрінен сақта.
  69. Мерт келмей жұтқа, Қазы келмей дауға барма.
  70. Мысықтың өлімі тышқанға той.
  71. Ноқталы басқа бір өлім.
  72. Нөсер алдында найзағай ойнайды.
  73. Оқ жетпес жерге қылыш суырма.
  74. Оқпанды жерге егін салма, Жанжалды жерге жақын қонба.
  75. Оқтаулы мылтық бір күн тұрса, өзі атылады.
  76. Оқығанның көзі төртеу.
  77. Онда барса, оған сақ, Мұнда келсе, бұған сақ.
  78. Онсыз да шығайын деп тұрған көз еді.
  79. Оң көзіңе сол көзің, қарауыл болсын.
  80. Орынсыз ашу – от шашу.
  81. От алуға келгендей.
  82. От алып, ораққа түскен.
  83. От амалы – ойылған қыс, Сәуір – сәнді қыс, Зауза, саратан, сіздерден де қорқам.
  84. От дегенге ауыз күймес.
  85. От ішінде мақтаны сақтайды.
  86. Отпен кіріп, күлмен шығады.
  87. Отты жалынмен сөндірмейді.
  88. Өгізге туған күн бұзауға да туады.
  89. Өзі келген текенің Өзін атпа, көзін ат.
  90. Өзің өлтірмес, жат жарылқамас.
  91. Өзіңе-өзің сақ бол.
  92. Өлгеннің жаманы жоқ, Тірінің жаманнан аманы жоқ.
  93. Өлушінің ажалы жетпесе, Өлтірушінің құрығы жетпейді.
  94. Өлім – кезек, дау – қонақ.
  95. Өлімнен қорықсаң, өлерсің.
  96. Өлімнің егізінен сақта.
  97. Өліспеген көріседі.
  98. Өрмекшінің торы – шыбынның соры.
  99. Өрттің өзінен бұрын түтіні көзге түседі.
  100. Өткелден өткенше қызыңды алайын, Өткен соң аузыңды ұрайын.

Басқа тақырыптар

Ағайын-туыс Ағаш, орман Адалдық-арамдық Адам Адамгершілік Азамат, жігіт, ер Азшылық-көпшілік Ақыл-парасат Ақылды мен ақымақ Ақындық Алғыс-қарғыс Алыс-жақын Амал-айла Аман-сәлем Ант беру, серттесу Аңшылық Ар-ұят Арақ-шарап Арман Арық-семіз Ас-ауқат Аспан Асығыстық Ат әбзелдері Ат-атақ Ата-ана Ауыл-қоныс Ашу-ыза Әдемілік, сұлулық Әділдік Әзіл, күлкі Әр түрлі мақал-мәтелдер Байлық Бақсылық Бақыт Бал Бала, ұрпақ Балық Бата Батырлық Бау-бақша Бесік Би, билік, шешендік Биік-аласа Бірлік Бұйым Бұл-мата Гүл Дау-жанжал Демалыс Дене мүшелері Денсаулық Дос-дұшпан Достық Егіншілік Егіс Ел Еңбек Ер-әйел Есек Ескі-жаңа Жазмыш Жақсы-жаман Жалғыздық Жан-жануарлар Жастық-кәрілік Жәндіктер Жел Жеміс-жидек Жеңіс-жеңіліс Жер, табиғат Жетімдік Жігіт Жоқшылық Жол, сапар Жомарттық, мырзалық Жыл, мезгіл, ғасыр Заң, құқық Имандылық Ит Кешірім Киіз үй Киім-кешек Кітап Көлік Көмек, асар Көңіл-күй Көпшілік қауым Көші-қон Күншілдік, қызғаныш Күш-қуат Қала, шаһар Қалау, сұрау Қан, қатігездік Қанағатшылдық Қару-жарақ Қарыз-несие Қасқыр, бөрі Қателік, дұрыстық Қожа, молда Қол өнері Қонақ, қонақжайлылық Қорқыныш, үрей Қуаныш, шаттық Құда-жегжат Құдай, дін Құлдық Құрал-сайман Құс Қыздар Мал, малшылық Мансап, басқарушылық Махаббат, ғашықтық Мемлекеттік рәміздер Менмендік, тәкаппарлық Металл Мінез-құлық Мұң-шер, қайғы Мұра, жәдігер Нан Наным-сенім Нәпсі Ой Ойшылдардың нақыл сөздері Ойшылдық Ойын Оқу, білім, ғылым Олжа, пайда Отан Отбасы Өлім Өлшем Өнер Өң-түс Өртену, өрт Өсиет Өсімдіктер Өсу, өну Парақорлық, жемқорлық Пендешілік көлеңкелері Пікір, көзқарас Ру Сабыр Сағыныш Салт-дәстүр Сандар Сауда-базар Сор мен бақ Су Сыйластық, құрмет Тазалық Татулық пен араздық Тау-тас Тәрбие Терең-таяз Тіл, сөз Тіршілік Той, мереке Туыс-туған, көрші-қолаң Түрме Тұз Уақыт, заман Үміт Үнемшілдік, үнемсіздік Ұйқы Ұрлық-барымта Ұста-шебер Халық Хандық, патшалық Шайтан, жын Шындық-жалғандық Ыдыс-аяқ